Шежірелер 1-жазба 13:1—14

  • Келісім сандығын Кирият-Еғаримнен әкелу (1—14)

    • Ұзахтың өлімге ұшырауы (9, 10)

13  Дәуіт мыңбасы-жүзбасылармен, сондай-ақ барлық басшыларымен+ кеңес құрды.  Сосын күллі Исраил қауымына былай деді: “Егер дұрыс деп тапсаңдар әрі Құдайымыз Ехобаға ұнамды болса, Исраилдің барлық аймақтарындағы өзге бауырларымызға және қалалары мен жайылымдарында тұрып жатқан діни қызметкерлер мен леуіліктерге+ хабар жіберейік. Олар да бізге келіп қосылсын.  Бәріміз барып, Құдайымыздың келісім сандығын өзімізге алып келейік+”. Өйткені Саулдың тұсында ол қараусыз қалған еді+.  Күллі жамағат бұған келісті, себебі бұл оларға дұрыс болып көрінді.  Содан Дәуіт Кирият-Еғаримнен шынайы Құдайдың келісім сандығын әкелу үшін, Мысыр өзенінен* Лебо-Хаматқа+ дейін тұрып жатқан күллі исраилдіктердің басын қосты+.  Дәуіт және күллі Исраил керубтердің үстінде* отырған шынайы Құдайдың+ келісім сандығын әкелмек болып, Яһуда жеріндегі Бағалахқа+, яғни Кирият-Еғаримге, өрлеп барды. Осылай олар жұрт Ехобаның атын атап шақыратын келісім сандығын әкелмек болды.  Бірақ олар шынайы Құдайдың сандығын Әбинадаптың үйінен жаңа арбаға салып+ алып шықты. Арбаны Ұзах пен Ахио бастап жүрді+.  Дәуіт пен бүкіл исраилдіктер арфа және басқа да ішекті аспаптар тартып, даңғыра+ мен жез табақшалар қағып+, кернейлетіп+, шынайы Құдайдың алдында жан сала ән салып, би билеп келе жатты.  Олар Кидонның қырманына жеткенде, бұқалар арбадағы келісім сандығын құлата жаздады. Сонда Ұзах қолын созып, сандықты ұстай алды. 10  Ұзах қолын сандыққа қарай созғаны үшін, Ехобаның қаһары лаулап, оны жазалады+. Ол сол бойда Құдайдың алдында тіл тартпай кетті+. 11  Дәуіт Ехобаның Ұзахқа қаһарын төккеніне ашуланды*. Сондықтан бұл жер әлі күнге дейін Пәрес-Ұзах* деп аталады. 12  Дәуіт сол күні шынайы Құдайдан қорқып: “Өзім тұратын жерге шынайы Құдайдың келісім сандығын қалай әкелмекпін?”— деді+. 13  Осылайша Құдайдың келісім сандығын өзі тұрып жатқан Дәуіттің қаласына әкелмей, ғаттық Ғабит-Едомның үйіне апарғызды. 14  Шынайы Құдайдың келісім сандығы сол үйде үш ай тұрды. Ехоба Ғабит-Едомның үй іші мен онда бардың бәрін жарылқап отырды+.

Сілтемелер

Немесе “Шихордан”.
Мүмкін: “арасында”.
Немесе “ұнжырғасы түсті”.
Мағынасы “Ұзахқа төгілген қаһар”.