Шежірелер 1-жазба 15:1—29

  • Леуіліктердің келісім сандығын Иерусалимге әкелуі (1—29)

    • Михалдың Дәуітті кемсітуі (29)

15  Дәуіттің қаласында Дәуіт өзіне үйлер салды. Ол шынайы Құдайдың келісім сандығы үшін де орын дайындап, шатыр тігіп қойды+.  Осыдан кейін Дәуіт: “Шынайы Құдайдың сандығын тек леуіліктер көтеріп жүрулері керек. Өйткені Ехобаның келісім сандығын көтеріп, оның алдында үнемі қызмет атқарулары үшін оларды Ехобаның өзі таңдап алған”+,— деді.  Сосын ол өзі дайындап қойған жерге Ехобаның сандығын әкелу үшін күллі Исраилді Иерусалимге жинады+.  Дәуіт Харонның ұрпақтары+ мен леуіліктерді+ де жинады.  Олар мыналар: қахаттықтардан басшылары Үриел мен оның 120 бауыры;  мерариліктерден басшылары Асая+ мен оның 220 бауыры;  гершомдықтардан басшылары Жоел+ мен оның 130 бауыры;  Елсапанның+ ұрпақтарынан басшылары Шемаях пен оның 200 бауыры;  Хебронның ұрпақтарынан басшылары Елиел мен оның 80 бауыры; 10  Үзиелдің+ ұрпақтарынан басшылары Әминадап пен оның 112 бауыры. 11  Бұдан кейін Дәуіт діни қызметкерлер Садық+ пен Әбиятарды+, сондай-ақ леуіліктерден Үриел, Асая, Жоел, Шемаях, Елиел, Әминадапты шақырып алып, 12  былай деді: “Сендер леуілік әулеттердің басшыларысыңдар. Өздерің де, бауырларың да тазару рәсімінен өтіп*, мен дайындап қойған орынға Исраилдің Құдайы Ехобаның келісім сандығын алып келіңдер. 13  Бірінші жолы оны өздерің көтеріп алып жүрмегендіктен+, Құдайымыз Ехоба бізге қаһарланды+. Өйткені біз оның нұсқауларына сай әрекет етпеген едік+”. 14  Содан діни қызметкерлер мен леуіліктер Исраилдің Құдайы Ехобаның келісім сандығын әкелу үшін тазару рәсімінен өтті. 15  Ехобаның сөзі бойынша Мұса бұйырғандай, леуіліктер шынайы Құдайдың сандығының сырықтарын иықтарына салып, оны көтеріп жүрді+. 16  Дәуіт леуіліктердің басшыларына әнші бауырларының арасынан ішекті аспаптарда ойнап, арфа+ және жез табақшалардың сүйемелдеуімен қуана ән шырқайтын әнші-күйшілер тағайындауды тапсырды+. 17  Сонда леуіліктер Жоел ұлы Хеманды+ және оның бауырларынан Берекия ұлы Асапты+, сондай-ақ бауырлары мерариліктерден Құшай ұлы Етанды тағайындады+. 18  Бұлармен бірге екінші топтан+ мыналар таңдалды: Зәкәрия, Бен, Язаил, Шемирамот, Ехиел, Ұни, Елияп, Бенаях, Мағасеях, Матетиях, Елипелек, Микнеях, қақпа күзетшілері Ғабит-Едом мен Жейел. 19  Хеман+, Асап+, Етан деген әншілер жез табақшаларда ойнауға+ тағайындалды. 20  Мыналар Аламот* нақышына салып+ ішекті аспаптарда ойнауға қойылды: Зәкәрия, Әзейіл, Шемирамот, Ехиел, Ұни, Елияп, Мағасеях, Бенаях. 21  Шеминит* нақышына салып арфада ойнау+ әрі жетекшілік ету Матетиях+, Елипелек, Микнеях, Ғабит-Едом, Жейел және Азазияхқа тапсырылды. 22  Леуіліктердің басшысы Кенаниях+ келісім сандығын алып жүретіндерге нұсқаулар беретін болды, себебі ол тасымалдау ісінің шебері еді. 23  Берекия мен Елқана келісім сандығын күзетуге қойылды. 24  Мына діни қызметкерлерге шынайы Құдайдың сандығының алдында барынша кернейлетіп жүру тапсырылды+: Шебаниях, Жошафат, Нетәнел, Ғамасай, Зәкәрия, Бенаях, Елиезер. Ғабит-Едом мен Ехия да келісім сандығын күзетуге қойылды. 25  Осыдан кейін Дәуіт пен Исраил ақсақалдары және мыңбасылар Ехобаның келісім сандығын Ғабит-Едомның үйінен+ әкелу үшін қуана жолға шықты+. 26  Ехобаның келісім сандығын көтеріп келе жатқан леуіліктерге шынайы Құдай жар болғандықтан, жұрт құрбандыққа жеті торпақ пен жеті қошқар шалды+. 27  Дәуіт, сандықты көтеріп келе жатқан леуіліктер, әншілер, сондай-ақ сандықты алып келе жатқан әншілердің басшысы Кенаниях — бәрі үстеріне бәтестен жеңсіз көйлек киген еді. Дәуіт көйлегінің үстінен зығыр ефод та киген болатын+. 28  Күллі исраилдіктер әртүрлі кернейлер тартып+, жез табақшалар соққылап, барын салып ішекті аспаптар мен арфада ойнап+, қуанышты айғаймен Ехобаның келісім сандығын алып келе жатты+. 29  Ехобаның келісім сандығы Дәуіттің қаласына+ кіргенде, Саулдың қызы Михал+ терезеден қарап тұрған еді. Ол Дәуіт патшаның секіріп, билеп жүргенін көріп, оны іштей кемсітті+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “қасиетті болып”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.