Шежірелер 1-жазба 16:1—43

  • Келісім сандығының шатырға қойылуы (1—6)

  • Дәуіттің алғыс жыры (7—36)

    • “Ехоба Патша болды!” (31)

  • Келісім сандығының алдында атқарылатын қызмет (37—43)

16  Осылай олар шынайы Құдайдың келісім сандығын Дәуіт арнайы жасатқан шатырға қойды+. Содан соң шынайы Құдай алдында түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын ұсынды+.  Дәуіт құрбандық+ шалып біткен соң, халыққа Ехобаның атымен батасын берді.  Ол жиналған бүкіл исраилдіктерге, еркек-әйел демей әрқайсысына, бір-бір күлшеден және кептірілген құрма күлше мен мейіз күлшеден берді.  Бұдан кейін ол леуіліктердің кейбірін Ехобаның келісім сандығының алдында қызмет атқаруға тағайындады+. Олар Исраил Құдайы Ехобаға мадақ пен алғыс айтулары және дәріптеулері керек еді.  Олардың басшысы — Асап+, екіншісі — Зәкәрия, одан кейін — Жейел, Шемирамот, Ехиел, Матетиях, Елияп, Бенаях, Ғабит-Едом, Жейел+. Бұлар ішекті аспаптар мен арфада ойнайтын+, ал Асап жез табақшалар қағып тұратын+.  Діни қызметкерлер Бенаях пен Жахазиелдің міндеті шынайы Құдайдың келісім сандығының алдында керней тарту болатын.  Сол күні Дәуіт Ехобаға алғыс білдіруге өз үлесін қосып, алғаш рет Асап+ пен оның бауырларына мына жырды берді:  “Ехобаға алғыс айтыңдар+, есімін атап шақырыңдар,Халықтар арасында істерін жария қылыңдар+.  Оған ән шырқаңдар, мадақ әнін айтыңдар+,Барлық керемет істері жайында ойланыңдар*+. 10  Киелі есімін мақтан тұтыңдар+, Лайым Ехобаны іздейтіндердің жүрегі қуанышқа толсын+. 11  Ехобаны іздеңдер+, күш дарытуын сұраңдар, Онымен жүздесуге ұмтылудан талмаңдар+. 12  Жасаған керемет істерін ұмытпаңдар+,Кереметтері мен шығарған үкімдерін есте ұстаңдар, 13  Ей, Құдайдың қызметшісі Исраилдің ұрпақтары+,Жақыптың ұлдары, Құдайдың таңдаулылары+! 14  Ол — Ехоба, біздің Құдайымыз+, Ол жержүзіне үкім шығарады+. 15  Оның келісімін мәңгі есте ұстаңдар,Берген уәдесін ол ұрпақтан ұрпаққа ұмытпайды+. 16  Ыбырайыммен жасасқан келісімін де+,Ысқаққа берген антын да жадында сақтайды+. 17  Сол антын Жақыпқа жарлық етіп+,Исраилге мәңгілік келісім етіп бекіткенде, 18  Ол: —Мұралы иелігің ретінде+ саған Қанахан жерін беремін,— деген еді+. 19  Құдай мұны айтқанда, олар аз болатын,Иә, өте аз болатын, әрі сол елде кірме ретінде тұратын+. 20  Олар ел-елді аралап,Патшалықтан патшалыққа көшіп жүретін+. 21  Құдай оларды ешкімге жәбірлетпеді+,Қайта, патшаларға ескертіп+ былай деді: 22  “Менің майланғандарыма тиіспеңдер,Пайғамбарларыма еш жамандық істемеңдер+!” 23  Жержүзі, Ехобаға ән шырқаңдар! Құтқаратыны жайлы жариялап, күн сайын оған ән шырқаңдар+! 24  Ұлттар арасында ұлылығын,Күллі халықтар арасында керемет істерін жариялаңдар. 25  Өйткені Ехоба ұлы, әрі мадаққа әбден лайық, Күллі құдай атаулыдан әлдеқайда айбынды+. 26  Өзге халықтар табынатын құдайлардың бәрі де түкке тұрғысыз+,Ал Ехоба — көкті жаратқан Құдай+. 27  Ұлылық пен салтанат оның алдында+,Күш пен шаттық киелі тұрағында+. 28  Ру атаулы, Ехобаға тиістісін беріңдер,Салтанаты мен құдіреті үшін, Ехобаға тиістісін беріңдер+! 29  Ехобаны есіміне лайық дәріптеңдер+,Оның аулаларына сый-тартумен кіріңдер+. Киелі сән-салтанатпен* Ехобаға бас иіңдер+. 30  Оның алдында қалтырап-дірілдеңдер! Жер берік орнатылған, ол еш мызғымайды+. 31  Лайым көк шаттансын, жер де қуансын+,Ұлттар арасында “Ехоба Патша болды!” деп жариялансын+. 32  Лайым теңіз бен ондағының бәрі шуласын,Дала мен ондағылардың бәрі шаттансын. 33  Ормандағы ағаштар да Ехобаның алдында қуана айғайласын,Өйткені ол жерді соттауға келе жатыр. 34  Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі+,Айнымас сүйіспеншілігі мәңгі+. 35  Оған былай деңдер: —Уа, құтқарушы Құдайымыз, бізді құтқаршы+,Ұлттар арасынан жинап алшы, азаттық сыйлашы.Киелі есіміңе алғыс айтайық+,Өзіңді мадақтап шаттанайық+. 36  Лайым Исраилдің Құдайы ЕхобаМәңгі бақи мадақтала берсін!” Сонда барша халық “Аумин!” деді. Олар Ехобаны мадақтады. 37  Бұдан кейін Дәуіт Асап+ пен бауырларын өздеріне жүктелген күнделікті қызметтерін атқару үшін+ Ехобаның келісім сандығының алдында қалдырды+. 38  Сонымен қатар ол Ғабит-Едом мен оның 68 бауырын тағайындады, ал Едутун ұлы Ғабит-Едом және Хоса қақпа күзетшілері болды. 39  Садық+ пен басқа да діни қызметкерлер Гибеондағы төбеде+ тұрған Ехобаның киелі шатырында өз міндеттерін атқару керек болды. 40  Олардың міндетіне түгел өртелетін құрбандықтар шалынатын ошақта таңертең және кешқұрым Ехобаға арнап құрбандық шалып тұру, Исраилге берілген Ехобаның Заң кітабында жазылғандардың бәрін орындау жататын+. 41  Олармен бірге Хеман, Едутун+ және “айнымас сүйіспеншілігі мәңгі”+ болғандықтан Ехобаға алғыс айту үшін аты аталғандар тағайындалды+; 42  Хеман+ мен Едутунға шынайы Құдайды мадақтағанда қолданылатын кернейлерде, жез табақшалар және ішекті аспаптарда ойнау тапсырылды. Ал Едутунның ұлдары+ қақпа алдында тұрды. 43  Бұдан кейін күллі жұрт үйді-үйіне тарасты. Дәуіт те өз үй ішіне батасын беру үшін үйіне қайтты.

Сілтемелер

Мүмкін: “айтыңдар”.
Мүмкін: “Киелілігі салтанатты болғаны үшін”.