Шежірелер 1-жазба 17:1—27

  • Ғибадатхананы Дәуіт салмайды (1—6)

  • Дәуітпен жасалған патшалық келісімі (7—15)

  • Дәуіттің ризашылық дұғасы (16—27)

17  Дәуіт өз үйіне орнығып алған соң, бірде Натан+ пайғамбарға: “Мен қарағайдан соғылған үйде тұрып жатырмын+, ал Ехобаның келісім сандығы болса шатырда тұр”,— деді+.  Натан: “Көңілің қалағанын істе, шынайы Құдай саған жар”,— деп жауап берді.  Бірақ сол түні Құдай Натанға мынаны айтты:  “Бар да, қызметшім Дәуітке былай де: —Ехобаның саған айтары мынау: “Менің тұрағым болатын үйді сен салмайсың+.  Исраил халқын Мысырдан алып шыққаннан күні бүгінге дейін мен күркеден күркеге, шатырдан шатырға көшіп-қонып жүрмін*+.  Исраилдің арасында жүргенімде, халқымды бақсын деп өзім тағайындаған Исраил билерінің бірде-біріне “Неге маған қарағайдан үй салып бермейсіңдер?” деген емеспін”.  Құдай әрі қарай Натанға мынаны айтты: “Енді қызметшім Дәуітке тағы былай де: —Әскербасы Ехоба мынаны айтады: “Халқым Исраилге басшы болуың үшін, мен сені өрісте мал бағып жүрген жеріңнен таңдап алдым+.  Қайда барсаң да, саған жар болып+, алдыңнан барлық жауларыңды құртып отырамын+. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын+.  Халқым Исраилге жер бөліп, сонда қоныстандырамын да, олар сол жерде тұратын болады. Ешкім оларды мазаламайды. Зұлымдар бұрынғыдай қысым көрсетпейді+. 10  Мен халқым Исраилге билер тағайындаған кезден бастап+ олар қысым көрсетіп келді. Ал енді барлық жауларыңды саған бағындырамын+. Бұған қоса, мен саған “Ехоба сенің әулетіңді патша әулеті етеді” деймін. 11  Күндерің таусылып, ата-бабаларыңа қосылғаныңда, мен артыңнан бір ұрпағыңды, ұлдарыңның біреуін тағайындап+, оның патшалық билігін нығайтамын+. 12  Менің үйімді сол салады+. Оның тағын берік етіп, мәңгіге орнықтырамын+. 13  Мен оның әкесі, ал ол менің ұлым болады+. Саған дейінгі патшаны айнымас сүйіспеншілігімнен айырдым+, ал оны ешқашан айырмаймын+. 14  Мен оны өз үйім мен патшалығымда орнықтырамын+, оның тағы мәңгі тұратын болады+”. 15  Натан естіген сөздері мен алған аянын Дәуітке түгел айтып берді. 16  Сонда Дәуіт патша Ехобаның алдына барып отырды да, былай деді: “Уа, Ехоба Құдай! Мен үшін осының бәрін істейтіндей, әулетім кім, мен кіммін+? 17  Уа, Құдай, сен бұларды аз көріп, құлыңның әулетінің сонау болашағын да айтып бердің+. Уа, Ехоба Құдай, сен мені ұлы адамдай қарастырдың. 18  Өз құлыңа көрсеткен құрметіңе Дәуіттің алып-қосары бар ма? Сен өз құлыңды жақсы білесің ғой+. 19  Уа, Ехоба, осы ұлы істердің барлығын сен құлың үшін істедің, әрі өз еркіңе сай жүзеге асырдың, осылай ұлылығыңды паш еттің+. 20  Уа, Ехоба, саған тең келер ешкім жоқ+, өзге Құдай да жоқ+. Естігендеріміздің бәрі осыны дәлелдеп отыр. 21  Жер бетінде сенің халқың Исраил сияқты өзге халық бар ма+?! Уа, шынайы Құдай, сен оны меншікті халқың ету үшін құнын өтеп алдың+. Өзің Мысырдан құнын өтеп алған халқың үшін өзге халықтар мен олардың тәңірлерін қуып тастап+, ұлы да айбынды істерің арқылы есіміңнің даңқын арттырдың+. 22  Исраилді мәңгілікке меншікті халқың еттің+. Уа, Ехоба, сен олардың Құдайы болдың+. 23  Ал енді, уа, Ехоба, құлың мен оның әулетіне қатысты айтқан уәдеңнен ешқашан айнымағайсың. Қайта, оны тап өзің айтқандай жүзеге асыра көр+. 24  Сенің есімің мәңгі қалып, асқақтай берсін+! Халықтар “Исраилдің Құдайы — Әскербасы Ехоба!” дейтіндей болсын. Құлың Дәуіттің әулеті де алдыңда нық тұрсын+. 25  Уа, Құдайым, сен құлыңның әулетін патша әулеті ететініңді аштың. Сол себепті де құлың сенімділікпен осылай дұға етіп отыр. 26  Ехоба, сен шынайы Құдайсың. Сен құлыңа осындай игілік жасауды уәде еттің. 27  Ал енді құлыңның әулеті алдыңда мәңгі тұру үшін батаңды бере көр. Өйткені сен, уа, Ехоба, батаңды бердің, әрі бұл мәңгілік бата болмақ”.

Сілтемелер

Мүмкін: “Бір қостан екіншісіне не бір тұрақтан екіншісіне көшіп-қонып жүрмін”.