Шежірелер 1-жазба 18:1—17

  • Дәуіттің жеңістері (1—13)

  • Дәуіттің лауазымды қызметкерлері (14—17)

18  Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерді жеңіп, өзіне бағындырды. Ол філістірлерден Ғат+ пен қарамағындағы қалашықтарды тартып алды+.  Бұдан кейін Дәуіт моабтықтарды жеңді+. Содан олар оған қызмет етіп, салық төлейтін болды+.  Дәуіт Евфрат өңірінде билігін нығайтуға бара жатқан Соба елінің+ патшасы Ададәзерге+ шабуыл жасап, оны Хаматтың+ тұсында жеңіп шықты+.  Дәуіт оның 1000 арбасын қолға түсірді, 7000 салт атты сарбазы мен 20 000 жаяу әскерін де тұтқынға алды+. Бұдан кейін арбаға жегілетін аттардың бәрінің тілерсектерінің сіңірлерін кесіп тастады, 100-ін ғана қалдырды+.  Соба патшасы Ададәзерге көмектесу үшін Дамаскіден сириялықтар келгенде, Дәуіт олардың 22 000 адамын қырып тастап+,  Сириядағы Дамаскіде қарауыл тобын қойды. Осылай сириялықтар оған қызмет етіп, салық төлеп тұратын болды. Дәуіт қайда аттанса да, Ехоба оған жеңіс сыйлады+.  Бұған қоса, Дәуіт Ададәзердің қызметшілерінің дөңгелек алтын қалқандарын жинап алып, Иерусалимге әкелді.  Сондай-ақ Дәуіт Ададәзердің қарамағындағы Тибхат пен Кун қалаларынан өте көп мөлшерде мыс әкелді. Сүлеймен кейін сол мыстан Теңіз+, бағаналар және мыс бұйымдар жасады+.  Хамат патшасы Тоу Дәуіттің Соба патшасы Ададәзердің күллі әскерін жеңгенін+ естігенде+, 10  дереу баласы Хадорамды жіберіп, Дәуіт патшадан амандық сұрасып, жеңісімен құттықтады. (Себебі Ададәзер мен Тоудың арасында соғыс үзілмейтін.) Хадорам алтын, күміс, мыстан жасалған бұйымдар әкеліп, патшаға сыйға тартты. 11  Дәуіт бұларды Ехобаға бағыштады+. Ол өзі бағындырған едомдықтар, моабтықтар, аммондықтар+, філістірлер+ мен амалектіктерден+ алынған күміс пен алтынды да түгел Құдайға бағыштаған еді. 12  Сарұяның ұлы+ Әбісай+ Тұзды аңғарда едомдықтардың 18 000 әскерін талқандады+. 13  Ол Едомда қарауыл топтар орналастырды. Осылай едомдықтардың бәрі Дәуіт патшаның қызметшілеріне айналды+. Дәуіт қайда барса да, Ехоба оған жеңіс сыйлады+. 14  Дәуіт күллі Исраилге патшалық құрып+, халыққа әділ сот жүргізді+. 15  Оның тұсында Сарұяның ұлы Жоғаб қолбасшы+, Ахилуд ұлы Жосафат+ шежіреші, 16  Ахитұп ұлы Садық пен Әбиятардың ұлы Ахимәлік діни қызметкерлер, Шабша хатшы болды. 17  Еходай ұлы Бенаях кереттіктер+ мен пелеттіктерге+ басшылық етті. Дәуіттің ұлдары болса патшадан кейінгі бірінші адамдар болды.

Сілтемелер