Шежірелер 1-жазба 2:1—55

  • Исраилдің 12 ұлы (1, 2)

  • Яһуданың үрім-бұтағы (3—55)

2  Исраилдің+ ұлдары: Рубен+, Шимон+, Леуі+, Яһуда+, Исахар+, Забулон+,  Дан+, Жүсіп+, Бениямин+, Нафталим+, Ғад+ және Ашир+.  Яһуданың ұлдары: Ер, Онан және Шелах. Яһуданың осы үш ұлы қанахандық Шуаның қызынан туылған+. Бірақ тұңғыш ұлы Ер Ехобаға* ұнамсыз болды, сондықтан ол оны мерт қылды+.  Кейінірек келіні Тамар+ Яһудаға Парес+ пен Зарахты туды. Бас-аяғы Яһуданың бес ұлы болды.  Парестің ұлдары: Хесрон және Хамул+.  Зарахтың ұлдары: Зимри, Етан, Хеман, Қалхол және Дарда — барлығы бесеу.  Қармидің ұлы Ахар*. Ол жойылуға тиісті заттардан алып, опасыздық жасауымен Исраилді пәлеге ұшыратқан еді+.  Етанның ұлы Азариях.  Хесронның ұлдары: Ерахмел+, Рам+ және Келубай*. 10  Рамнан Әминадап+, Әминадаптан Яһуда ұрпақтарының басшысы Нағасон туды+. 11  Нағасоннан Салмон+, Салмоннан Бағоз+ туды. 12  Бағоздан Ғабит, Ғабиттен Есей+ туылды. 13  Есейдің тұңғыш ұлы — Елияп, екіншісі — Әбинадап+, үшіншісі — Шима+, 14  төртіншісі — Нетәнел, бесіншісі — Радай, 15  алтыншысы — Озем, жетіншісі — Дәуіт+. 16  Олардың әпкелері: Сарұя және Әбигел+. Сарұяның үш ұлы: Әбісай+, Жоғаб+, Асахел+. 17  Әбигел Ғамасаны+ туды, оның әкесі ысмағұлдық Етер еді. 18  Хесронның ұлы Халеп* әйелдері Азуба мен Ериоттан бірнеше ұл сүйді. Оның ұлдары: Ешер, Шобаб және Ардон. 19  Азуба қайтыс болғанда, Халеп Ефратаға+ үйленіп, ол оған Хұрды+ туып берді. 20  Хұрдан Ұри, Ұридан Беселиел+ туды. 21  Кейінірек Хесрон 60 жасында Ғалақаттың+ әкесі Махирдің+ қызына үйленіп, ол оған Сегубті туып берді. 22  Сегубтен Жайыр+ туды. Оның Ғалақат жерінде 23 қаласы болатын+. 23  Кейін Гесур+ мен Сирия+ халқы сол жердегі халықтан Кенат+ пен қарамағындағы қалашықтарды қоса алғанда, Хауот-Жайырды+, бас-аяғы 60 қаланы тартып алды. Олардың тұрғындарының бәрі Ғалақаттың әкесі Махирдің ұрпағы еді. 24  Хесрон+ Халеп-Ефратада дүние салды. Ол өлгеннен кейін әйелі Әбиях Ашхурды+ туды. Ашхур Текояның+ әкесі* болды. 25  Хесронның тұңғышы Ерахмелдің ұлдары: тұңғышы — Рам, сосын Бунақ, Орен, Озем, Ахия. 26  Ерахмелдің Атар деген тағы бір әйелі болды. Ол Онамның анасы еді. 27  Ерахмелдің тұңғышы Рамның ұлдары: Мағаз, Ямин, Екер. 28  Онамның ұлдары: Шаммай және Яда. Шаммайдың ұлдары: Надап және Абишур. 29  Абишурдың әйелінің аты Әбихаил еді, ол оған Ахбан мен Молитті туып берді. 30  Надаптың ұлдары: Селед және Ефайым. Селед бала көрмей, дүниеден өтті. 31  Ефайымнан Иши туылды. Ишиден Шешан, Шешаннан Ахлай туылды. 32  Шаммайдың бауыры Яданың ұлдары: Етер және Жонатан. Етер бала көрмей, дүниеден өтті. 33  Жонатанның ұлдары: Пелет және Заза. Бұлар Ерахмелдің ұрпағы. 34  Шешанның ұлдары болмай, тек қыздары болды. Оның Ярха деген мысырлық қызметшісі бар еді. 35  Шешан сол қызметшісіне қызын қосып, ол Аттайды туды. 36  Аттайдан Натан, Натаннан Забад туылды. 37  Забад Ефлалға, Ефлал Ғабитке әке болды. 38  Ғабиттен Иқу, Иқудан Азариях туылды. 39  Азарияхтан Хелес, Хелестен Елисах туылды. 40  Елисах Сисмайға, ал Сисмай Шалумға әке болды. 41  Шалумнан Екамиях, Екамияхтан Елишама туылды. 42  Ерахмелдің бауыры Халептің*+ ұлдары: тұңғышы Меша, ол Зифтің әкесі болды; Хебронның әкесі Марешахтың ұлдары. 43  Хебронның ұлдары: Қорах, Тапуах, Рекем, Шема. 44  Шемадан Рахам туылды, ол Иорқоғамға әке болды. Рекемнен Шаммай туылды. 45  Шаммайдың ұлы Мағон. Ол Бет-Сұрдың+ әкесі болды. 46  Халептің кәнизагы Ефа Харан, Моза және Ғазезді туды. Хараннан Ғазез туылды. 47  Жодайдың ұлдары: Регем, Жотам, Гешан, Пелет, Ефа және Шағап. 48  Халептің Мағақ деген кәнизагы Шебер мен Тиркананы туды. 49  Кейінірек ол Мадманахтың+ әкесі Шағапты, Махбенахтың әкесі Шабаны және Гибеяны+ туды. Халептің+ қызының аты Ахса еді+. 50  Халептің ұлдары — осылар. Ефратаның+ тұңғышы Хұрдың+ ұлдары: Кирият-Еғаримнің+ әкесі Шобал, 51  Бетлехемнің+ әкесі Салма, Бет-Ғадердің әкесі Хареп. 52  Кирият-Еғаримнің әкесі Шобалдың ұлдары: Хароек және Менухот халқының жартысы. 53  Кирият-Еғаримнің әулеттері: итірліктер+, путтар, шуматтар мен мишралықтар. Бұлардан соралықтар+ мен ештағолдықтар+ тарады. 54  Салманың ұлдары: бетлехемдіктер+, нетопалықтар, атрот-бет-жоғабтықтар, манахаттықтардың жартысы және сорилер. 55  Ябезде тұратын көшірмешілер әулеттері: тиратилер, шиматтар мен сухаттар. Бұлар Рехаб+ әулетінің әкесі Хаматтан тараған кендіктер+.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Мағынасы “пәлеге ұшыратушы”. Еш 7:1-де “Ахан”.
18, 19, 42-тармақтарда “Халеп”.
9-тармақта “Келубай”.
Бұл тараудағы кейбір есімдер адамның емес, жердің атауы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда “әке” сөзі “негізін қалаушы” дегенді білдіруі мүмкін.
9-тармақта “Келубай”.