Шежірелер 1-жазба 20:1—8

  • Раббаның жаулап алынуы (1—3)

  • Філістір алыптардың өлтірілуі (4—8)

20  Жылдың басында*, патшалар жорыққа аттанатын кезде, Жоғаб+ әскерімен жорыққа шығып, аммондықтардың жерін ойран етті. Ол Раббаға+ келіп, қаланы қоршауға алды. Бұл кезде Дәуіт Иерусалимде қалған еді+. Жоғаб Раббаға шабуыл жасап, оны күйретті+.  Ол Малхамның басындағы тәжін шешіп алды. Ол бір талант* алтыннан жасалып, асыл тастармен әшекейленген екен. Тәж Дәуіттің басына кигізілді. Бұған қоса, ол қаладан өте көп олжа алып шықты+.  Дәуіт қала тұрғындарын да алып шығып, тас кестіріп қойды, сондай-ақ оларды өткір темір саймандармен, балтамен істелетін жұмысқа салды+. Дәуіт аммондықтардың барлық қалаларының тұрғындарын да осындай жұмысқа салды. Содан Дәуіт бүкіл сарбаздарымен Иерусалимге қайтып келді.  Бұдан кейін Гезерде філістірлермен тағы да соғыс болды. Сол шайқаста хушалық Сибекай+ рефаимдердің+ тағы бір ұрпағы Сипайдың көзін құртты. Осылай філістірлер тізе бүкті.  Філістірлермен болған келесі бір шайқаста Жайырдың ұлы Елханан ғаттық Ғолияттың+ бауыры Лахмиді жер құштырды. Әлгі філістірдің найзасының сабы тоқымашының кергі ағашындай еді+.  Бұдан кейін Ғатта+ соғыс бұрқ етті. Сол жерде аяқ-қолдарында алты-алтыдан — барлығы 24 саусағы бар ерекше үлкен кісі болды+. Ол да рефаимдер ұрпағынан еді+.  Осы алып исраилдіктерге тіл тигізе берген соң+, Дәуіттің ағасы Шиманың+ ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады.  Рефаимдер+ ұрпағынан шыққан осы алыптар Ғаттан еді+. Олар Дәуіт пен оның қызметшілерінің қолынан қаза тапты.

Сілтемелер

Яғни көктемде.
Шамамен 34,2 кг. Ә14 қосымшасын қараңыз.