Шежірелер 1-жазба 21:1—30

  • Дәуіттің санақ жүргізіп, заң бұзуы (1—6)

  • Ехобаның жіберген жазасы (7—17)

  • Дәуіттің құрбандық орнын жасауы (18—30)

21  Бұдан кейін Шайтан* Исраилге қарсы шығып, Дәуітті Исраилді санақтан өткізуге түрткіледі+.  Сонда Дәуіт Жоғаб+ пен халық басшыларына: “Барып, Даннан Бер-Шебаға дейін күллі Исраил халқын+ санақтан өткізіңдер, халықтың санын біліп алайын”,— деп тапсырды.  Бірақ Жоғаб: “Ехоба өз халқын жүз есе көбейтсін! Патша ағзам, солардың бәрі сенің қызметшілерің емес пе?! Ендеше неге тақсыр ием мұндай іске барғысы келіп отыр? Исраилді айыпты ететін қылық жасаудың қажеті не?”— деп жауап берді.  Бірақ патшаның сөзі үстем болып, Жоғаб оның айтқанына көнді. Содан ол жолға шығып, бүкіл Исраил елін аралады. Сосын Иерусалимге қайтып келді+.  Жоғаб патшаға халық санағының қорытындысын табыстады: Исраилде семсермен қаруланған 1 100 000, ал Яһудада 470 000 ер-азамат бар екен+.  Бірақ леуі және бениямин рулары санақтан өткізілмеді+. Өйткені Дәуіттің сөзі Жоғаб үшін жеркенішті болды+.  Санақ өткізілгені шынайы Құдайға ұнамсыз болды, сондықтан ол Исраилді жазалады.  Сол кезде Дәуіт шынайы Құдайға: “Осындай іске барып, мен үлкен күнәға баттым+! Енді қызметшіңнің күнәсін кешіре көр+. Мен барып тұрған ақымақтық жасадым!”— деді+.  Сонда Дәуіттің аяндар алатын қызметшісі Ғадқа+ Ехоба былай деп сөзін арнады: 10  “Дәуітке барып, хабарымды жеткіз. Ехоба мынаны айтады: —Мен саған үш жаза ұсынамын. Қайсысын таңдасаң, соны қолданамын”. 11  Сонымен, Ғад пайғамбар патшаға келіп: “Ехоба мынаны айтады: —Қайсысын таңдайсың: 12  елде үш жыл аштық жайлағанын ба+, үш ай жауларыңның семсермен қырып, жеңгенін бе+? Әлде үш күн бойы Ехобаның періштесінің Ехобаның семсерімен — елге індет жіберіп+ — бүкіл Исраил бойынша халықты қырғанын ба+? Жақсылап ойланып, мені жіберген Құдайға не жауап берейін, соны айт”,— деді. 13  Дәуіт оған: “Қатты қиналып тұрмын! Бірақ адамның қолына түскенше+, Ехобаның қолына түскенім жақсы, өйткені оның мейірімі өте мол+”,— деп жауап берді. 14  Сонда Ехоба Исраил еліне індет жайлатып+, 70 000 адам қаза болды+. 15  Оның үстіне, шынайы Құдай Иерусалимге періштесін жіберіп, оны құртпақ болды. Бірақ Ехоба періштенің елді қыра бастағанын көргенде, халқын пәлеге ұшыратқанына өкініп+, әлгі періштеге: “Жетер+! Енді қолыңды түсір!”— деді. Бұл кезде Ехобаның періштесі ебустік+ Орнанның қырманының+ жанында тұрған еді. 16  Дәуіт басын көтеріп қарап еді, жер мен көктің арасында тұрған Ехобаның періштесін көрді+. Ол қолындағы жалаң семсерін Иерусалимге қарай созып тұр екен. Сонда үстеріне азалы киім киген+ Дәуіт пен ақсақалдар етпеттеп жығыла кетті+. 17  Дәуіт шынайы Құдайға: “Халықты санақтан өткізуді бұйырған мен емес пе?! Күнәға батқан да, қателік жасаған да — мен+! Ал мына қойлардың жазығы не? Уа, Ехоба Құдайым, мені және әкемнің әулетін жазалай көр, ал өз халқыңды құрта көрме!”— деп жалбарынды+. 18  Сонда Ехобаның періштесінің тапсыруымен Ғад пайғамбар+ Дәуітке келіп, оның ебустік Орнанның қырманына өрлеп барып, сол жерде Ехобаға құрбандық орнын жасау керек екенін айтты+. 19  Дәуіт Ехобаның атынан айтқан Ғадтың сөзіне сай, қырманға қарай көтерілді. 20  Осы екі арада артына қараған Орнан періштені көрді, қасындағы төрт ұлы болса жасырынып қалды. Бұл кезде Орнан бидай бастырып жатқан еді. 21  Дәуіттің келгенін көрген бойда, ол қырманынан шығып, оның алдында жерге дейін иіліп тағзым етті. 22  Дәуіт Орнанға былай деді: “Қырманыңның жерін маған сат, сол жерге Ехобаға арнап құрбандық орнын жасайын. Халықты қырып жатқан пәле тоқтау үшін, жеріңді толық құнына сатып аламын+”. 23  Бірақ Орнан Дәуітке: “Ала беріңіз, патша ағзам дұрыс деп тапқанын істесін. Мына ірі қара малды түгел өртелетін құрбандыққа, астық бастыратын шаналарды+ отынға, ал астық тартуына бидай берейін — бәрін де ала беріңіз”,— деді. 24  Алайда патша Орнанға: “Жоқ, бұларды толық құнын төлеп сатып аламын! Мен сенің мүлкіңді алып, Ехобаға бермеймін. Тегін келген малды да оған құрбандыққа шалмаймын”,— деп жауап берді+. 25  Осылай Дәуіт оған жері үшін 600 шекел* алтын берді. 26  Дәуіт сол жерде Ехобаға арнап құрбандық орнын+ жасады да, түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын ұсынды. Патша сол жерде Ехобаға сиынды, сонда ол жауап ретінде түгел өртелетін құрбандық шалынған орынға көктен от түсірді+. 27  Бұдан кейін Ехоба періштеге семсерін қынабына салуды бұйырды+. 28  Дәуіт ебустік Орнанның астық бастыратын орнында Ехобаның жауап бергенін көрген соң, сол жерде құрбандық шалатын болды. 29  Ал Мұса шөл далада жасаған Ехобаның киелі шатыры мен түгел өртелетін құрбандықтар шалынатын құрбандық ошағы ол кезде Гибеондағы төбеде еді+. 30  Бірақ Дәуіт Ехобаның періштесінің семсерінен қорыққандықтан, сол жерге барып, Құдайдан ақыл-кеңес сұрай алмайтын.

Сілтемелер

Мүмкін: “қарсылас”. Мұнда бұл сөз адамға нұсқайды.
1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.