Шежірелер 1-жазба 22:1—19

  • Дәуіттің ғибадатхана құрылысына дайындық жасауы (1—5)

  • Дәуіттің Сүлейменге берген нұсқаулары (6—16)

  • Бекзадаларға Сүлейменге қолғабыс ету тапсырылды (17—19)

22  Сосын Дәуіт: “Мынау — шынайы Құдай Ехобаның үйі. Ал мынау — Исраил халқы түгел өртелетін құрбандық шалатын ошақ”+,— деді.  Дәуіт Исраилдегі жатжерліктерді+ жинауды бұйырды. Бұдан кейін оларды шынайы Құдай үйінің құрылысы үшін тас кесіп, қашауға тағайындады+.  Сонымен қатар ол қақпа есіктеріне арналған шегелер мен қапсырма шегелер жасау үшін өте көп мөлшерде темір даярлап қойды. Ал даярланған мыстың көптігінен салмағын анықтау мүмкін емес еді+.  Ол сансыз көп қарағай бөренелерін+ де дайындады. Өйткені сидондықтар+ мен тирліктер+ Дәуітке өте көп қарағай бөренелерін әкелген болатын.  Дәуіт: “Ұлым Сүлеймен жас әрі тәжірибесіз+. Ал Ехобаға арнап салынатын үй барынша сәулетті болмақ+. Осылай оның атағы жер жарып, әсемдігі+ де барлық жерде танымал болады+. Сондықтан мен ұлым үшін даярлық жасайын”,— деп, өмірінің соңына дейін құрылысқа қажетті заттарды көптеп жинады.  Бұған қоса, Дәуіт ұлы Сүлейменді шақырып алып, Исраилдің Құдайы Ехобаға арнап үй салуды тапсырды.  Дәуіт ұлына былай деді: “Мен Құдайым Ехобаның есіміне арнап үй салуды шын жүректен ниет еткен едім+.  Бірақ Ехоба маған сөзін арнап мынаны айтты: —Сен көп қан төктің, үлкен соғыстар да жүргіздің. Менің алдымда жер бетіне көп қан төккендіктен, менің есіміме арнап үй салмайсың+.  Бірақ сенің бейбіт ұлың болады+. Мен оған айналасындағы жауларының бәрінен тыныштық сыйлаймын+. Сондықтан оның аты Сүлеймен*+ болады. Соның тұсында мен Исраил еліне бейбітшілік пен тыныштық сыйлаймын+. 10  Менің есіміме арнап үй салатын — сол+. Ол менің ұлым, ал мен оның әкесі боламын+. Мен оның Исраил үстінен құратын патшалық тағын мәңгіге берік етіп орнықтырамын+. 11  —Ал енді, балам, Ехоба саған жар болсын. Лайым ісіңде табысқа жетіп, өзі айтқандай, Құдайың Ехобаға арнап үй салғайсың+. 12  Ехоба сені Исраилдің билеушісі еткенде, Құдайың Ехобаның заңынан таймауың үшін+, ол саған ақыл мен түсінік сыйлай көрсін+. 13  Сонда Ехобаның Исраилге Мұса арқылы берген жарлықтары мен шешімдерін ұстанар болсаң+, табысқа жетесің+. Батыл да, берік бол! Еш қорықпа да, үрейленбе де+! 14  Мен көп күш салып, Ехобаның үйіне арнап 100 000 талант* алтын, 1 000 000 талант күміс жинадым. Ал жиналған мыс пен темірдің+ көптігінен мөлшерін есептеу мүмкін емес. Бөренелер мен тас та даярлап қойдым+, бірақ сен үстіне тағы қосарсың. 15  Сенің жұмысшыларың өте көп, тас кесетін де, қалайтын да жұмысшыларың бар+, ағаш ұсталарың, басқа да түрлі шеберлерің көп+. 16  Алтын, күміс, мыс пен темірдің санына жету мүмкін емес+. Білегіңді сыбанып, іске кіріс, Ехоба саған жар болсын+”. 17  Дәуіт Исраилдің барлық бекзадаларына ұлы Сүлейменге қолғабыс етуді тапсырып, былай деді: 18  “Құдайларың Ехоба сендерге жар болып, айналаларыңдағы жауларыңның бәрінен тыныштық сыйлап отыр емес пе?! Ол осы жердің тұрғындарын менің қолыма тапсырып, күллі ел Ехоба мен оның халқына бағынышты болды. 19  Ендеше бар жан-тәндеріңмен Құдайларың Ехобаны іздеуге+ және шынайы Құдай Ехобаға арнап ғибадатхана салуға бел буыңдар+. Ехобаның келісім сандығы мен шынайы Құдайдың киелі бұйымдарын Ехобаның есіміне арнап салынған сол үйге+ әкеліңдер+”.

Сілтемелер

Еврей тілінің “бейбітшілік; тыныштық” деген сөзімен түбірлес.
1 талант 34,2 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.