Шежірелер 1-жазба 23:1—32

  • Дәуіттің леуіліктердің қызметтерін ұйымдастыруы (1—32)

    • Харон мен ұлдарының бөлініп алынуы (13)

23  Дәуіт жасы ұлғайып, өлер шағында ұлы Сүлейменді Исраилдің патшасы етіп қойды+.  Сол кезде ол Исраил елінің күллі бекзадаларын, діни қызметкерлер+ мен леуіліктерді+ жинап алды.  Жасы отыз және одан жоғары леуілік ер адамдардың санағы жүргізілді+. Бір-бірлеп санап шыққанда, олардың жалпы саны 38 000 болды.  Олардың 24 000-ы Ехобаның үйінде атқарылатын жұмысты қадағалайтын, ал 6000-ы басшылар және төрешілер ретінде қызмет ететін+.  Сондай-ақ 4000-ы қақпа күзетшілері болды+, қалған 4000-ы Дәуіттің өзі мадақтауға арнап жасаған аспаптарда Ехобаны мадақтайтын+.  Сосын Дәуіт оларды топ-топқа бөлді+. Ол мұны Леуінің қай ұлынан — Гершон, Қахат, Мерариден+ — тарағанына қарай істеді.  Гершонның ұлдары: Ладан мен Шимей.  Ладанның ұлдары: әулетбасы Ехиел, Зетам, Жоел+ — үшеу.  Шимейдің ұлдары: Шеломот, Хазейіл, Харан — үшеу. Бұлар Ладан әулетінің басшылары болатын. 10  Шимейдің ұлдары: Яхат, Зизах, Еуш, Бериях. Бұл төртеуі — Шимейдің ұлдары. 11  Яхат басшы, ал Зизах одан кейінгі екінші адам болды. Ал Еуш пен Берияхтың ұлдары аз болды, сондықтан олар бір міндетті атқаратын бір әулет болып есептелді. 12  Қахаттың ұлдары: Ымрам, Ысқар+, Хеброн, Үзиел+ — төртеу. 13  Ымрамның ұлдары: Харон+ мен Мұса+. Харон мен оның ұлдары Ең қасиетті бөлмені киелі ету, Ехобаның алдында құрбандықтар шалу, оған қызмет ету үшін және әрқашан оның атынан бата беру үшін+ мәңгілікке бөлініп алынған болатын+. 14  Ал шынайы Құдай адамы Мұсаның ұлдарының есімдері леуі руының қатарына ендірілді. 15  Мұсаның ұлдары: Гершом+, Елиезер+. 16  Гершом ұлдарынан басшы — Шебуел+. 17  Елиезердің ұрпақтарынан басшы — Рехабия+. Елиезердің одан басқа ұлы болмады, ал Рехабияның ұлдары өте көп болды. 18  Ысқардың+ ұлдарынан басшы — Шеломит+. 19  Хебронның ұлдары: басшы — Ериях, екіншісі — Амариях, үшіншісі — Жахазиел, төртіншісі — Екамам+. 20  Үзиелдің ұлдары+: басшы — Миха, екіншісі — Ишиях. 21  Мераридің ұлдары: Махли, Мұши+. Махлидің ұлдары: Елазар, Қиш. 22  Елазар өмірден өткенде, оның ұлдары болмады, тек қыздары болды. Сондықтан оларға өз туыстары, Қиштың ұлдары үйленді. 23  Мұшидің ұлдары: Махли, Едер, Еремот — үшеу. 24  Бұлар әулеттеріне, әулетбасыларына қарай санақтан өткізіліп, есімдері тізімге енген, жастары 20 және одан жоғары Леуі ұлдары. Олар Ехобаның үйінде қызмет атқаруға тағайындалған еді. 25  Дәуіт былай деген болатын: “Исраилдің Құдайы Ехоба өз халқына тыныштық сыйлады+, әрі Иерусалимді өзінің мәңгілік мекені етеді+. 26  Сондықтан леуіліктерге шатырды да, қызметте қолданылатын ондағы бұйымдарды да тасып жүрудің қажеті болмайды+”. 27  Осылайша Дәуіттің соңғы нұсқаулары бойынша, леуіліктер 20 жастан бастап тізімге тіркелді. 28  Олар аулалар+ мен ас бөлмелердегі жұмыстарды атқару, киелі заттарды тазарту сияқты Ехобаның үйінде атқарылатын қызметте, сондай-ақ шынайы Құдайдың үйіндегі басқа да жұмыстарда Харонның ұлдарына қолғабыс етуге міндетті еді+. 29  Леуіліктер мына істерде де көмек көрсететін: нан тартуын+ және астық тартуына арналған таңдаулы ұн даярлау, ашытқысыз пәтір+, таба нан пісіру, май қосып қамыр илеу+, сондай-ақ мөлшері мен көлемін өлшеуді қажет ететін барлық жұмыстар. 30  Сонымен қатар олар күн сайын таңертең+ және кешке өз орындарында тұрып, Ехобаға ризашылық пен мадақ айтатын+. 31  Олар Харонның ұлдарына Демалыс күндері+, Жаңа туған ай+ және мейрамдар маусымдарында+ Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандықтар ұсынуға да көмектесетін. Мұны олар ережелерге сай, әрі Ехобаның алдында үнемі істейтін. 32  Леуіліктер Ехобаның үйіндегі қызметтерін атқарғанда, кездесу шатырына, киелі орынға және бауырлары Харон ұлдарына қатысты міндеттерін де атқаратын.

Сілтемелер