Шежірелер 1-жазба 24:1—31

  • Дәуіттің діни қызметкерлерді 24 топқа бөлуі (1—19)

  • Леуіліктердің басқа да міндеттері (20—31)

24  Харонның ұрпақтары да келесідей топтарға бөлінді: Хароннан Надап, Әбиху+, Елазар және Итамар туды+.  Надап пен Әбиху әкелерінің көзі тірісінде арттарында ұл бала қалдырмай қаза болды+. Ал Елазар+ мен Итамар діни қызметкер міндетін атқара берді.  Дәуіт Елазардың ұрпағы Садық+ және Итамардың ұрпағы Ахимәлікпен бірге Харонның ұрпақтарын атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлді.  Итамардікіне қарағанда, Елазардың ұрпақтарының арасында басшылар көп болғандықтан, Елазардың ұрпақтарының әулеттерінде 16 басшы, ал Итамардың ұрпақтарының әулеттерінде 8 басшы болатын болды.  Бұған қоса, Елазардың да, Итамардың да ұрпақтарының басшылары қасиетті орында және шынайы Құдайдың алдында қызмет ететіндіктен, оларды атқаратын міндеттеріне жеребе тастау+ арқылы бөлді.  Сосын леуіліктердің хатшысы Нетәнел ұлы Шемаях патшаның, бекзадалар мен діни қызметкер Садықтың+, Әбиятар+ ұлы Ахимәліктің+, сондай-ақ діни қызметкерлер мен леуіліктер әулеттерінің басшыларының алдында олардың есімдерін жазып отырды. Елазардың ұрпақтарынан бір әулет, Итамардікінен бір әулет таңдалып отырды.  Жеребе мына ретпен түсті: біріншісі Ехоярипке, екіншісі Едаяхқа,  үшіншісі Харимге, төртіншісі Сеғоримге,  бесіншісі Малхияхқа, алтыншысы Мияминге, 10  жетіншісі Хакозға, сегізіншісі Әбияхқа+, 11  тоғызыншысы Ешуаға, оныншысы Шеханияға, 12  он біріншісі Елиасыпқа, он екіншісі Якимге, 13  он үшіншісі Хупахқа, он төртіншісі Ешебепке,  14  он бесіншісі Білкеге, он алтыншысы Имерге, 15  он жетіншісі Хезирге, он сегізіншісі Хапизеске, 16  он тоғызыншысы Петақияға, жиырмасыншысы Ехезкелге, 17  жиырма біріншісі Яхинге, жиырма екіншісі Ғамулға, 18  жиырма үшіншісі Делаяхқа, жиырма төртіншісі Мағазияхқа. 19  Ехобаның үйіне қай кезде келіп міндеттерін атқарулары тиіс екенінің тәртібі осындай болды+. Бұл тәртіпті Исраилдің Құдайы Ехобаның бұйрығы бойынша арғы аталары Харон орнатқан еді. 20  Леуіліктерге тағы мыналар жататын: Ымрамның+ ұлдарынан Шубаел+, Шубаелдің ұлдарынан Ехдиях; 21  Рехабияның+ ұлдарынан басшы Ишиях; 22  Ысқар ұрпақтарынан Шеломот+, ал Шеломоттың ұлдарынан Яхат; 23  Хебронның ұлдарынан басшы Ериях+, екіншісі — Амариях, үшіншісі — Жахазиел, төртіншісі — Екамам; 24  Үзиелдің ұлдарынан Миха, ал Миханың ұлдарынан Шамир; 25  Миханың бауыры Ишияхтың ұлдарынан Зәкәрия. 26  Мераридің+ ұлдары: Махли, Мұши; Язияхтың ұлдарынан Бено; 27  Язиях арқылы тараған Мераридің ұрпақтары: Бено, Шохам, Закур, Ибри. 28  Махлидің ұлдарынан Елазар (оның ұл балалары болмады+); 29  Қиштың ұлдарынан Ерахмел; 30  Мұшидің ұлдарынан: Махли, Едер, Еримот. Бұлар әулеттеріне қарай тіркелген Леуі ұлдары. 31  Бауырлары Харонның ұлдары сияқты, бұлар да Дәуіттің, Садық пен Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктер әулеттерінің басшыларының алдында жеребе тастады+. Әулеттер ішінде басшы мен кіші бауырының арасында еш айырмашылық жасалмады.

Сілтемелер