Шежірелер 1-жазба 25:1—31

  • Құдай үйіндегі әнші-күйшілер (1—31)

25  Дәуіт пен қызметші топтардың басшылары Асап, Хеман және Едутунның+ ұлдарының кейбірін арфада және басқа да ішекті аспаптарда ойнап+, жез табақшалар қағып+, пайғамбарлық етуге тағайындады. Осы қызметті атқаратындардың тізіміне  Асаптың ұлдарынан мыналар ендірілді: Закур, Жүсіп, Нетаниях, Ашерела. Асап ұлдарының жетекшісі патшаның басшылығымен пайғамбарлық ететін Асап болды.  Едутун+ ұлдарынан Ғодалиях, Сери, Ешаяху, Шимей, Хашабиях, Матетиях+ — алтау. Олардың жетекшісі әкелері Едутун болды. Ол арфа тартып пайғамбарлық ететін, әрі Ехобаға ризашылық білдіріп, оны дәріптейтін+.  Хеманның+ ұлдарынан Бүкея, Матаниях, Үзиел, Шебуел, Еримот, Хананиях, Ханани, Елията, Гидалти, Ромамти-Езер, Жошбекаш, Малот, Хотыр, Махазиот.  Бұлардың бәрі патшаның аян алатын пайғамбары әрі шынайы Құдайдың сөздерін жариялап, даңқын асырған Хеманның ұлдары. Шынайы Құдай оған 14 ұл, 3 қыз сыйлаған еді.  Олардың бәрі әкелерінің жетекшілігімен Ехобаның үйінде шынайы Құдайға арналған қызметтерін атқарып, жез табақшалар қағып, ішекті аспаптар мен арфада ойнап, ән айтатын+. Асап, Едутун және Хеманға патшаның өзі жетекшілік етті.  Олардың өздері де, бауырлары да Ехобаға арнап ән шырқау үшін арнайы дайындықтан өткен, әрі өз істерін шебер атқаратын. Әнші-күйшілердің жалпы саны 288 еді.  Міндеттеріне кірісу үшін, олар үлкен-кіші, қас шебер не шәкірт демей, бәрі бірдей жеребе тастады+.  Сонымен жеребе келесідей түсті: біріншісі Асап ұлы Жүсіпке+ түсті, екіншісі Ғодалияхқа+, оның бауырлары мен ұлдарына, бас-аяғы 12 адам; 10  үшіншісі Закурға+, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 11  төртіншісі Ісриге, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 12  бесіншісі Нетанияхқа+, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 13  алтыншысы Бүкеяға, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 14  жетіншісі Ешарелаға, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 15  сегізіншісі Ешаяхуға, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 16  тоғызыншысы Матанияхқа, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 17  оныншысы Шимейге, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 18  он біріншісі Азарелге, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 19  он екіншісі Хашабияхқа, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 20  он үшіншісі Шубаелге+, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 21  он төртіншісі Матетияхқа, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 22  он бесіншісі Еремотқа, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 23  он алтыншысы Хананияхқа, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 24  он жетіншісі Жошбекашқа, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 25  он сегізіншісі Хананиге, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 26  он тоғызыншысы Малотқа, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 27  жиырмасыншысы Елиятаға, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 28  жиырма біріншісі Хотырға, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 29  жиырма екіншісі Гидалтиге+, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 30  жиырма үшіншісі Махазиотқа+, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам; 31  жиырма төртіншісі Ромамти-Езерге+, оның ұлдары мен бауырларына, бас-аяғы 12 адам.

Сілтемелер