Шежірелер 1-жазба 26:1—32

  • Қақпа күзетшілерінің топтары (1—19)

  • Қазыналарға қарауға қойылғандар мен басқа да қызметкерлер (20—32)

26  Қақпа күзетшілері+ топтарға келесідей бөлінді: қорахтықтардан Асаптың ұрпағы Қоре ұлы Мешелемия+.  Мешелемияның ұлдары: тұңғышы — Зәкәрия, екіншісі — Едиел, үшіншісі — Забадия, төртіншісі — Ятниел,  бесіншісі — Елам, алтыншысы — Жоханан, жетіншісі — Елихо-Хенай.  Ғабит-Едомның ұлдары: тұңғышы — Шемаях, екіншісі — Ехозабад, үшіншісі — Жоуах, төртіншісі — Сакар, бесіншісі — Нетәнел,  алтыншысы — Әмиел, жетіншісі — Исахар, сегізіншісі — Пеулетай. Құдай Ғабит-Едомды осылай жарылқады.  Оның тұңғышы Шемаяхтан туған ұлдар өз әулеттерінде басшылар болды, өйткені олар мықты да қабілетті адамдар еді.  Шемаяхтың ұлдары: Отни, Рефаел, Ғабит, Елзабад. Оның бауырлары Елиху мен Семакия да қабілетті адамдар болатын.  Бұлардың бәрі Ғабит-Едомнан тараған ұрпақтар. Олардың өздері де, ұлдары мен бауырлары да қабілетті әрі қызмет етуге лайықты адамдар болатын. Ғабит-Едомның тобы 62 адамнан тұрды.  Мешелемияның+ ұлдары мен бауырлары, 18 адам, бәрі де қабілетті еді. 10  Мераридің ұрпағы Хосаның ұлдары мыналар: басшысы — Шимри, ол тұңғыш ұл болмаса да, әкесі оны басшы етіп тағайындады; 11  екіншісі — Хелкия, үшіншісі — Тебалия, төртіншісі — Зәкәрия. Хосаның ұлдары мен бауырларының жалпы саны — 13. 12  Осы топтардағы қақпа күзетшілерінің — басшыларының да, бауырларының да — Ехобаның үйінде өз міндеттері болды. 13  Үлкен-кіші екеніне қарамай, әр әулет жеребе тастап+, соған сай әртүрлі қақпаға қойылды. 14  Жеребе бойынша шығыс жақтағы қақпа Шелемияхқа түсті. Оның ұлы ақылды кеңесші Зәкәрия үшін жеребе тасталғанда, оған солтүстік жақтағы қақпа тиді. 15  Ғабит-Едом оңтүстік жақтағы қақпаны, ал оның ұлдары+ қоймаларды күзететін болды. 16  Шупим мен Хосаға+ батыс жақ, жоғарғы жақтағы үлкен жолдың бойындағы Шалехет қақпасының тұсы тиді. Күзетші топтар бір-біріне іргелес орналасты. 17  Шығыс жақта алты леуілік тұрды; солтүстік пен оңтүстік жақта күнделікті төрт-төрт күзетшіден тұрды; ал қоймалардың қасына бірінің жанына бірі қос-қос күзетшіден қойылды+. 18  Батыс жақтағы, яғни бастырма тұрған жақтағы, үлкен жолдың бойында төрт күзетші+, ал бастырманың алдында екі күзетші тұрды. 19  Қорах пен Мерариден тараған қақпа күзетшілерінің топтары осылар. 20  Шынайы Құдайдың үйіндегі қазыналар мен Құдайға бағышталған* заттар сақталатын қазыналарға леуіліктер арасынан Ахия жауапты болды+. 21  Ладанның ұлдарынан, яғни Ладаннан тараған гершондық әулетбасылардан, Ехиели+ және 22  Ехиелидің ұлдары Зетам мен оның бауыры Жоел таңдалды. Бұлар Ехобаның үйіндегі қазыналарға+ жауапты болды. 23  Ымрам, Ысқар, Хеброн және Үзиелден тараған әулеттерден+ 24  Мұса ұлы Гершомның ұрпағы Шебуел қоймаларға жауапты болды, бұл істе ол жетекшілік етті. 25  Шебуелдің бауырларынан, яғни Елиезердің+ ұрпақтарынан Рехабия+, Ешаяху, Жохрам, Зихри, Шеломот таңдалды. 26  Шеломот пен оның бауырлары қазыналарға, яғни Дәуіт патша+, әулетбасылар+, мыңбасы-жүзбасылар мен әскербасылар Құдайға бағыштаған заттар+ сақталатын қазыналардың бәріне жауапты болды. 27  Шайқастарда қолға түскен олжаның бір бөлігі+ Ехобаның үйін күтіп ұстауға бағышталатын. 28  Сондай-ақ көреген*+ Самуил, Қиш ұлы Саул патша, Нер ұлы Әбінер+, Сарұяның+ ұлы Жоғаб+ және кез келген адам Құдайға бағыштаған заттардың бәрі Шеломит* пен оның бауырларына сеніп тапсырылды. 29  Ысқардың+ ұрпағынан шыққан Кенаниях пен оның ұлдары Құдай үйінен тыс мәселелер бойынша Исраил елі үшін басқарушы әрі төреші қызметтерін атқаратын+. 30  Хеброн+ ұрпақтарынан Хашабиях пен оның бауырлары, бас-аяғы 1700 қабілетті адам, Иорданның батысындағы аймақтарға тағайындалып, Ехобаға және патшаға қатысы бар Исраилдің сол жақтағы барлық істері солардың бақылауына берілді. 31  Хеброн ұрпақтарынан Хеброн әулеттерінің басы Жериях+ болды. Дәуіттің билік құруының қырқыншы жылы+ олардың арасынан мықты әрі іске қабілетті кісілер іздестірілді. Мұндай кісілер Ғалақаттағы Жазерден+ табылды. 32  Жерияхтың бауырларынан 2700 қабілетті әулетбасы шықты. Содан Дәуіт патша оларды рубендіктер, ғадтықтар және манаса руының жартысы тұратын аймақтардағы Құдайға және патшаға қатысы бар істердің бәрін басқаруға тағайындады.

Сілтемелер

Немесе “киелі етілген”.
Мұндағы еврей сөзі Құдай өз еркін түсінуге қабілет берген адамға нұсқайды.
25, 26-тармақтарда “Шеломот”.