Шежірелер 1-жазба 27:1—34

  • Патша әскеріндегі басшылар (1—34)

27  Төменде Исраилдің әулетбасыларының, мыңбасылар мен жүзбасыларының+, сондай-ақ әскери бөлімшелерге қатысты міндеттерін орындап, патшаға қызмет еткен басшылардың+ тізімі келтірілді. Әрбір бөлімше жыл сайын бір айдан кезектесіп қызмет ететін. Әр бөлімшеде 24 000 адамнан болды.  Бірінші айда қызмет еткен бірінші бөлімшенің басшысы — Забдиел ұлы Яшобам+. Оның бөлімшесінде 24 000 адам болды.  Парес ұрпақтарынан+ шыққан ол бірінші айда қызмет етуге тағайындалған барлық топ жетекшілерінің басшысы еді.  Екінші айда қызмет еткен бөлімшенің басшысы — ахохилік+ Додай+, ал жетекшісі — Миклот. Бөлімшеде 24 000 адам болды.  Үшінші айда қызмет етуге тағайындалған үшінші топтың басшысы — жоғарғы діни қызметкер Еходайдың+ ұлы Бенаях+. Бөлімшеде 24 000 адам болды.  Бенаях 30 батырдың ішіндегі мықтысы әрі солардың басшысы болатын. Оның бөлімшесіне өзінің ұлы Әмизабад жетекшілік етті.  Төртінші айда қызмет еткен төртінші басшы Жоғабтың бауыры+ Асахел+ еді. Кейін оның орнына ұлы Забадия басшы болып тағайындалды. Бөлімшеде 24 000 адам болды.  Бесінші айда қызмет еткен бесінші басшы — израхияхтық Шамхұт. Бөлімшеде 24 000 адам болды.  Алтыншы айда қызмет еткен алтыншы басшы — текоялық+ Икештің ұлы Ира+. Бөлімшеде 24 000 адам болды. 10  Жетінші айда қызмет еткен жетінші басшы — ефрем руынан шыққан пелондық Хелес+. Бөлімшеде 24 000 адам болды. 11  Сегізінші айда қызмет еткен сегізінші басшы — Зарах ұрпақтарынан+ шыққан хушалық Сибекай+. Бөлімшеде 24 000 адам болды. 12  Тоғызыншы айда қызмет еткен тоғызыншы басшы — бениямин руынан шыққан анатоттық+ Әбиезер+. Бөлімшеде 24 000 адам болды. 13  Оныншы айда қызмет еткен оныншы басшы — Зарах ұрпақтарынан+ шыққан нетопалық Махарай+. Бөлімшеде 24 000 адам болды. 14  Он бірінші айда қызмет еткен он бірінші басшы — ефрем руынан шыққан пиратондық Бенаях+. Бөлімшеде 24 000 адам болды. 15  Он екінші айда қызмет еткен он екінші басшы — Отниелдің ұрпағы нетопалық Хелдай. Бөлімшеде 24 000 адам болды. 16  Исраилдің руларын басқаруға тағайындалғандар мыналар: рубендіктерден Зихри ұлы Елиезер; шимондықтардан Мағақ ұлы Шафатиях; 17  леуіліктерден Кемуел ұлы Хашабиях; Харонның ұрпағынан Садық; 18  яһудалықтардан Дәуіттің бауырларының бірі Елиху+; исахарлықтардан Микайл ұлы Омри; 19  забулондықтардан Абадия ұлы Ишмая; нафталимдіктерден Азриил ұлы Еримот; 20  ефремдіктерден Азазиях ұлы Хошия; манаса руының жартысынан Педаях ұлы Жоел; 21  Ғалақатта тұратын манаса руының жартысынан Зәкәрия ұлы Иддо; бенияминдіктерден Әбінер+ ұлы Ясаил; 22  дандықтардан Ерохам ұлы Азарел. Бұлар Исраил руларының бекзадалары. 23  Дәуіт 20 және одан төмен жастағы исраилдіктерді санаққа кіргізбеді. Себебі Ехоба Исраил халқын аспандағы жұлдыздардай сансыз етіп көбейтуді уәде еткен еді+. 24  Сарұяның ұлы Жоғаб санақ жүргізуді бастаған еді, бірақ аяқтамады. Өйткені сол үшін Құдай Исраилге қаһарын төккен болатын+. Сондықтан бұл санақтың нәтижесі Дәуіт патшаның тарихы баяндалған кітапқа енгізілген жоқ. 25  Патшаның Иерусалимдегі қазыналарына+ Әдиел ұлы Азмаует, ал басқа аймақтар мен қала-ауылдардағы, сондай-ақ мұнаралардағы қоймаларға Ұзиях ұлы Жонатан жауапты болды. 26  Егістік жерлерін өңдейтін жұмысшыларды Келуб ұлы Езри басқарды. 27  Жүзімдіктерге рамақтық Шимей жауапты болды, ал шарап қоймаларын сифмоттық Забди басқарды. 28  Шефеладағы+ зәйтүн бақтары мен інжір ағаштарына+ гедерлік Бағал-Ханан, ал май қоймаларына Жоғаш жауапты болды. 29  Саронда+ жайылатын ірі қара малға сарондық Шертай, ал жазықтарда жайылатын ірі қара малға Адылай ұлы Шафат жауапты болды. 30  Түйелерге ысмағұлдық Ғабил, есектерге мероноттық Ехдиях жауапты болды. 31  Ұсақ малға ажарлық Язиз жауапты болды. Дәуіт патшаның мал-мүлкіне жауапты болған басшылар осылар еді. 32  Дәуіттің ағайыны Жонатан+ патшаның кеңесшісі әрі хатшысы болды. Ол түсінігі мол кісі еді. Хахмони ұлы Ехиел патша ұлдарының+ қараушысы болды. 33  Ахитопел+ патшаның кеңесшісі, ал архилік Хушай+ досы болды. 34  Ахитопелден кейін патшаның кеңесшілері Бенаях+ ұлы Еходай мен Әбиятар+ болды. Ал патшаның әскерін Жоғаб+ басқарды.

Сілтемелер