Шежірелер 1-жазба 3:1—24

  • Дәуіттің үрім-бұтағы (1—9)

  • Дәуіттің патша әулеті (10—24)

3  Дәуіттің Хебронда туылған ұлдары+: тұңғышы — езрехелдік әйелі Ахиноғамнан+ туған Амнон+; екіншісі — кармилдік әйелі Әбигелден+ туған Даниял;  үшіншісі — Гесур патшасы Талмайдың қызы Мағақтан туған Абессалом+; төртіншісі — Хагиттен туған Адониях+;  бесіншісі — Шафатиях, оның анасы Әбитал; алтыншысы — Итерам, оның анасы Дәуіттің әйелі Егла.  Осы алты ұлы Хебронда туылды. Дәуіт сол жерде 7 жыл 6 ай, ал Иерусалимде 33 жыл патшалық етті+.  Иерусалимде дүниеге келген ұлдары мыналар+: Шима, Шобаб, Натан+, Сүлеймен+. Бұл төртеуін Әмиел қызы Барсабия+ туып берді.  Дәуіттің тағы тоғыз ұлы болды: Ебхар, Елишама, Елипелет,  Ногах, Нефег, Япия,  Елишама, Елияда және Елипелет.  Бұлардың бәрі Дәуіттің ұлдары. Осыларға қоса, оның кәнизактарынан туған ұлдары да бар еді. Оның Тамар+ есімді қызы да болды. 10  Сүлейменнен Робоғам+ туды, одан Әбиях+, одан Аса+, одан Жосафат+, 11  одан Жорам+, одан Ахазия+, одан Жоғас+, 12  одан Амазиях+, одан Азариях+, одан Жотам+, 13  одан Ахаз+, одан Езекия+, одан Манаса+, 14  одан Амон+, одан Жосия+ туды. 15  Жосияның ұлдары: тұңғышы — Жоханан, екіншісі — Ехоякім+, үшіншісі — Седекия+, төртіншісі — Шалум. 16  Ехоякімнің ұлдары: Ехония+ және Седекия. 17  Ехонияның тұтқында жүргенде туған ұлдары: Салател, 18  Малхирам, Педаях, Шеназар, Екамиях, Хошама және Недабия. 19  Педаяхтың ұлдары: Зоробабел+ және Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам және Хананиях (оның Шеломит атты қызы да болды). 20  Зоробабелдің тағы бес ұлы бар еді: Хашубах, Охел, Берекия, Хасадиях, Юшаб-Кесед. 21  Хананияхтың ұлдары: Пелатиях және Ешаях. Ешаяхтың ұлы Рефаях; Рефаяхтың ұлы Арнан; Арнанның ұлы Абадия; Абадияның ұлы Шехания; 22  Шеханияның ұрпақтары: өз ұлы Шемаях, сондай-ақ Шемаяхтың ұлдары: Хатуш, Иғал, Бариях, Неғария және Шафат — барлығы алтау. 23  Неғарияның ұлдары: Елионай, Хезкия және Азриқам — барлығы үшеу. 24  Елионайдың ұлдары: Ходабиах, Елиасып, Пелаях, Ақұп, Жоханан, Делаях және Анани — барлығы жетеу.

Сілтемелер