Шежірелер 1-жазба 4:1—43

  • Яһуданың басқа да ұрпақтары (1—23)

    • Ябез және оның дұғасы (9, 10)

  • Шимонның үрім-бұтағы (24—43)

4  Яһуданың ұлдары: Парес+, Хесрон+, Қарми, Хұр+, Шобал+.  Шобалдың ұлы Реяхтан Яхат, Яхаттан Ахумай мен Лахад туылды. Бұлар соралықтардың+ әулеттері.  Етамның+ әкесінің* ұлдары: Езрехел, Ишма және Идбаш (оның Хаслелпони деген қызы да болды);  Гедордың әкесі Пенуел, Хушаның әкесі Езер. Бұлар Бетлехемнің+ әкесі әрі Ефратаның тұңғышы Хұрдың+ ұлдары.  Текояның+ әкесі Ашхурдың+ Хела және Нағара деген екі әйелі бар еді.  Нағара оған Ахузам, Хефер, Теменей және Ахаштариді туып берді. Бұлар Нағараның ұлдары.  Хеладан туған ұлдар: Серет, Ысқар, Етан.  Қоздан Анаб пен Собеба дүниеге келді және Харум ұлы Ахаркелдің әулеттері тарады.  Ябез бауырларына қарағанда көбірек құрметтелетін. Оның анасы: “Мен оны босанғанда, азап көрдім”,— деп, атын Ябез* деп қойған еді. 10  Ябез Исраил Құдайына сиынып: “Шіркін, мені жарылқап, жерімді кеңейтсең ғой! Маған көмектесіп, зияндық көрмеуім үшін пәледен сақтасаң ғой!”— деді. Құдай оның тілегін орындады. 11  Шуханың бауыры Келубтен Мехир дүниеге келді, ол Ештонның әкесі болды. 12  Ештоннан Бетрата, Пасеах және Ир-Нахаштың әкесі Текенах туылды. Бұлар Реханың тұрғындары еді. 13  Кеназдың ұлдары: Отниел+ және Сераях; Отниелдің ұлы Хатат. 14  Меғонотайдан Офра туылды. Сераяхтан Ге-Харашим* тұрғындарының әкесі Жоғаб туылды. Бұл жерге шеберлер қоныстанғандықтан солай аталатын. 15  Епунех ұлы Халептің+ ұлдары: Иру, Елах және Нағам. Елахтың ұлы Кеназ. 16  Ехалелелдің ұлдары: Зиф, Зифа, Тирея, Асарел. 17  Езрақтың ұлдары: Етер, Меред, Ефер және Ялон. Оның әйелі* құрсақ көтеріп, Мәриямды, Шаммай мен Ештемоғаның әкесі Ишбахты туды. 18  (Ал оның яһуди әйелінен Гедордың әкесі Яред, Сохоның әкесі Хебер, Заноахтың әкесі Екутиел дүниеге келді.) Бұлар Меред әйелдікке алған перғауынның қызы Битиядан туған ұлдар. 19  Ходиях Нахамның қарындасына үйленді. Олардың ұлдары: гарлықтар тұратын Кеилдің және мағақаттықтар тұратын Ештемоғаның әкесі. 20  Шимонның ұлдары: Амнон, Рина, Бенханан, Тилон. Ишидің ұлдары: Зохет және Бензохет. 21  Яһуда ұлы Шелахтың+ ұлдары: Лекахтың әкесі Ер, Марешахтың әкесі Лағада, сондай-ақ Әшпей үйінен тараған бәтес тоқушылар әулеттері; 22  моабтық әйелдерге үйленген Жоким, Козеба тұрғындары, Жоғаш, Сараф, Яшуби-Лехем. Бұл — ескі дәстүр бойынша жазылған мәлімет. 23  Бұлар Нетаим мен Гедерада тұрған құмырашылар. Олар сонда тұрып, патшаға жұмыс істеді. 24  Шимонның ұлдары+: Немуел, Ямин, Яриб, Зарах және Шаул+. 25  Шаулдың ұлы Шалум, оның ұлы Мипсам, оның ұлы Мишма. 26  Мишманың ұлдары: Хамуел, оның ұлы Закур, оның ұлы Шимей. 27  Шимейдің 16 ұлы, 6 қызы болды. Бірақ оның бауырларының ұлдары көп болмады. Сондықтан Шимон әулеттерінде Яһуда әулеттеріндегідей балалар көп болмады+. 28  Олар мына жерлерді мекендеді: Бер-Шеба+, Моладах+, Хасар-Шуал+, 29  Балха, Езем+, Толад, 30  Бетуел+, Хорма+, Секелаг+, 31  Бет-Маркабот, Хасар-Сусим+, Бет-Бири және Шағарим. Дәуіт патшалық құрғанға дейін олар осы қалаларда тұрды. 32  Олардың елді мекендері мыналар еді: Етам, Айын, Римон, Төкен және Ашан+ — барлығы бес қала. 33  Бұған қоса, Бағалға дейінгі осы қалалардың айналасындағы елді мекендер. Олардың шежірелері мен тұрған жерлері осылар еді. 34  Шимонның басқа да ұрпақтары мыналар: Мешобап, Ямлек, Амазияхтың ұлы Жошах, 35  Жоел, Жошибияның ұлы, Сераяхтың немересі, Асайылдың шөбересі Иқу, 36  Елионай, Жақып, Ешохаях, Асая, Әдиел, Есимиел, Бенаях, 37  Шифидің ұлы, Алонның немересі, Едаяхтың шөбересі, Шимридің шөпшегі, Шемаяхтың неменесі Зиза. 38  Осы аты аталғандар — өз әулеттерінің басы. Олардың әулеттері өсіп-өніп көбейді. 39  Сондықтан олар малдарына жайылым іздеп, Гедордың кіреберісіне, аңғардың шығысына дейін барды. 40  Ақырында олар шөбі шүйгін, жақсы жайылым тапты. Ол ұлан-ғайыр, тыныш, өз алдына жатқан жер екен. Бұрын ол жерді Хамның+ ұрпақтары мекен еткен. 41  Жоғарыда аты аталған кісілер Яһуда патшасы Езекияның+ тұсында әлгі жерде тұрып жатқан хамдықтар мен меунимдердің шатырларын талқандап, бүгінде өзіміз білетіндей, мүлдем жойып жіберді. Ал өздері сонда қоныстанды, себебі сол жерден малдарына жайылым тапқан еді. 42  Бірде Иши ұлдары Пелатиях, Неғария, Рефаях және Үзиел бастаған Шимон руының 500 адамы Сейір тауына+ барды. 43  Олар сол жердегі аман қалған амалектіктердің көзін құртты+. Сол уақыттан күні бүгінге дейін олар сол жерде тұрады.

Сілтемелер

Бұл тараудағы кейбір есімдер адамның емес, жердің атауы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда “әке” сөзі “негізін қалаушы” дегенді білдіруі мүмкін.
Бұл есім еврей тілінің “азап” деген сөзімен түбірлес болуы мүмкін.
Мағынасы “шеберлер аңғары”.
Мұнда 18-тармақтағы Бития жайлы айтылып тұрса керек.