Шежірелер 1-жазба 6:1—81

  • Леуінің үрім-бұтағы (1—30)

  • Ғибадатхана әншілері (31—47)

  • Харонның үрім-бұтағы (48—53)

  • Леуіліктердің елді мекендері (54—81)

6  Леуінің+ ұлдары: Гершон, Қахат+, Мерари+.  Қахаттың ұлдары: Ымрам, Ысқар+, Хеброн, Үзиел+.  Ымрамның+ балалары: Харон+, Мұса+, Мәриям+. Харонның ұлдары: Надап, Әбиху+, Елазар+, Итамар+.  Елазардан Пінехес+ туды, одан Әбішуа,  одан Бүкей, одан Ұзи,  одан Зарақия, одан Мераят,  одан Амариях, одан Ахитұп+ туды.  Ахитұптан Садық+, одан Ахимағас+,  одан Азариях, одан Жоханан, 10  одан Азариях туды. Ол Сүлеймен соққан Иерусалимдегі үйде діни қызметкер болды. 11  Азарияхтан Амариях туды, одан Ахитұп, 12  одан Садық+, одан Шалум, 13  одан Хелкия+, одан Азариях, 14  одан Сераях+, одан Ехосадық+ туды. 15  Ехоба Яһуда мен Иерусалимнің халқын Навуходоносордың қолымен жер аударғанда, Ехосадық та тұтқынға айдалған болатын. 16  Леуінің ұлдары: Гершом*, Қахат, Мерари. 17  Гершомның ұлдарының аттары: Лібни және Шимей+. 18  Қахаттың ұлдары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Үзиел+. 19  Мераридің ұлдары: Махли мен Мұши. Леуіліктердің арғы аталарының әулеттері мыналар+: 20  Гершомнан+ Лібни, одан Яхат, одан Зимма, 21  одан Жоуах, одан Иддо, одан Зарах, одан Ятрай туды. 22  Қахаттан туған Әминадаптың ұрпақтары: Қорах+, одан Асир, 23  одан Елқана, одан Ебиасап+, одан Асир, 24  одан Тахат, одан Үриел, одан Ұзиях, одан Шаул туды. 25  Елқананың ұлдары: Ғамасай және Ахимот. 26  Елқананың ұрпақтары: Софай, одан Нахат туды. 27  Нахаттан Елияп, одан Ерохам, одан Елқана+ туды. 28  Самуилдің+ ұлдары: тұңғышы — Жоел, екіншісі — Әбиях+. 29  Мерариден туған Махлидің+ ұрпақтары: Лібни, одан Шимей, одан Ұзах, 30  одан Шима, одан Хагия, одан Асая туды. 31  Келісім сандығы Ехобаның үйіне әкелінгеннен кейін, Дәуіт сонда ән айтылып тұруына жауапты адамдар тағайындады+. 32  Сүлеймен Иерусалимде Ехобаға арнап үй салмай тұрғанда+, олар кездесу шатырында ән айтылып тұруына жауапты болған. Бұл міндеттерін олар өздеріне берілген ережелерге сай орындайтын+. 33  Ұлдарымен бірге осы қызметті атқарғандар мыналар: қахаттық әнші Хеман+. Хеман Жоелден+ туды, оның аталары: Самуил, 34  Елқана+, Ерохам, Елиел, Тоғақ, 35  Зуф, Елқана, Махат, Ғамасай, 36  Елқана, Жоел, Азариях, Софония, 37  Тахат, Ебиасап, Қорах, 38  Ысқар, Қахат, Леуі, Исраил. 39  Хеманның бауыры Асап+ оның оң жағында тұратын. Асап Берекияның ұлы еді. Оның аталары: Шима, 40  Микайл, Бағасей, Малхиях, 41  Етни, Зарах, Адаях, 42  Етан, Зимма, Шимей, 43  Яхат, Гершом, Леуі. 44  Олардың бауыры Мераридің+ ұрпағы Етан+ Хеманның сол жағында тұратын. Ол Қишидің ұлы еді, оның аталары: Әбди, Малух, 45  Хашабиях, Амазиях, Хелкия, 46  Әмзи, Бани, Шемер, 47  Махли, Мұши, Мерари, Леуі. 48  Олардың Леуіден тараған өзге бауырлары шынайы Құдайдың үйі киелі шатырдағы күллі жұмысты атқаруға тағайындалған еді+. 49  Харон мен ұлдары+ Исраилдің күнәсін өтеу үшін ең қасиетті нәрселерге қатысты қызметті атқарып+, түгел өртелетін құрбандық ұсынылатын ошақта+ және хош иісті зат әкелінетін құрбандық үстелінде құрбандық түтінін түтететін+. Олар мұны шынайы Құдайдың қызметшісі Мұса берген барлық өсиеттерге сай істейтін. 50  Харонның ұрпақтары мыналар+: Хароннан Елазар+ туды, одан Пінехес, одан Әбішуа, 51  одан Бүкей, одан Ұзи, одан Зарақия, 52  одан Мераят, одан Амариях, одан Ахитұп+, 53  одан Садық+, одан Ахимағас туды. 54  Леуіліктерге қостарына қарай берілген елді мекендер мыналар: бірінші жеребе Харонның Қахат әулетіне жататын ұрпақтарына түскендіктен, 55  оларға Яһуда жеріндегі Хеброн+ мен айналасындағы жайылымдар берілді. 56  Ал қаланың айналасындағы танап пен елді мекендер Епунех ұлы Халепке тиді+. 57  Харонның ұрпақтарына бассауғалайтын қалалар*+ Хеброн+ және Либна+ мен жайылымдары, Ятир+, Ештемоға мен жайылымдары+, 58  Хилез бен жайылымдары, Дебир+ мен жайылымдары, 59  Ашан+ мен жайылымдары, Бет-Шамиш+ пен жайылымдары берілді. 60  Ал бениямин руынан Геба+ мен жайылымдары, Әлемет пен жайылымдары, Анатот+ пен жайылымдары берілді. Харонның Қахат әулетіне жататын ұрпақтарына әулеттеріне қарай бас-аяғы 13 қала тиді+. 61  Қалған қахаттықтарға басқа рудың әулетінен және манасаның жарты руынан жеребе бойынша 10 қала тиді+. 62  Гершомдықтарға әулеттеріне қарай, исахар руынан, ашир мен нафталим руларынан және манасаның Башандағы жарты руынан жеребе бойынша 13 қала тиді+. 63  Мерариліктерге әулеттеріне қарай, рубен, ғад және забулон руларынан жеребе бойынша 12 қала тиді+. 64  Осылайша жайылымдары бар осы қалаларды исраилдіктер леуіліктерге берді+. 65  Сондай-ақ оларға яһуда руынан, шимон руынан және бениямин руынан жеребе бойынша аты аталған қалалар берілді. 66  Қахаттықтардың кей әулеттері ефрем руының жерінен қалалар алды+. 67  Оларға бассауғалайтын қалалар*, Ефрем таулы өңіріндегі Сихем+ мен оның жайылымдары, Гезер+ мен жайылымдары берілді. 68  Сонымен қатар Екмоғам мен жайылымдары, Бет-Хорон+ мен жайылымдары, 69  Аялон+ мен жайылымдары, Ғат-Риммон+ мен жайылымдары берілді. 70  Қахаттықтардың қалған әулеттеріне манасаның жарты руынан Анер мен жайылымдары, Билам мен жайылымдары тиді. 71  Гершомдықтарға манасаның жарты руынан Башандағы Ғолан+ мен жайылымдары, Аштарот пен жайылымдары берілді+. 72  Исахар руынан Кедеш пен жайылымдары, Дабырат+ пен жайылымдары+, 73  Рамот пен жайылымдары, Анем мен жайылымдары тиді. 74  Ашир руынан Машал мен жайылымдары, Абдон мен жайылымдары+, 75  Хукок пен жайылымдары, Рехоб+ пен жайылымдары берілді. 76  Нафталим руынан Ғалилеядағы+ Кедеш+ пен жайылымдары, Хаммон мен жайылымдары, Кириятайым мен жайылымдары берілді. 77  Қалған мерариліктерге забулон руынан+ Римоно мен жайылымдары, Табор мен жайылымдары тиді. 78  Рубен руынан Иордан өңіріндегі Иерихонға қарама-қарсы орналасқан, яғни Иорданның шығысындағы шөл далада орналасқан Бесер мен жайылымдары, Яхас+ пен жайылымдары, 79  Кедемот+ пен жайылымдары, Мефағат пен жайылымдары берілді. 80  Ғад руынан Ғалақаттағы Рамот пен жайылымдары, Маханаим+ мен жайылымдары, 81  Хешбон+ мен жайылымдары, Жазер+ мен жайылымдары берілді.

Сілтемелер

1-тармақта “Гершон”.
Мүмкін: “қала”. Бұл Еш 21:13-ке сай.
Мүмкін: “қала”. Бұл Еш 21:21-ге сай.