Шежірелер 1-жазба 7:1—40

  • Исахардың үрім-бұтағы (1—5), Бенияминнің үрім-бұтағы (6—12), Нафталимнің үрім-бұтағы (13), Манасаның үрім-бұтағы (14—19), Ефремнің үрім-бұтағы (20—29), Аширдің үрім-бұтағы (30—40)

7  Исахардың ұлдары: Тола, Пуа, Яшуп, Шимрон+ — барлығы төртеу.  Толаның ұлдары: Ұзи, Рефаях, Ериел, Яхмай, Ипсам және Шемуел. Олар өз әулеттерінің басшылары еді. Толадан мықты сарбаздар тарады, Дәуіттің тұсында олардың саны 22 600 болды.  Ұзидың ұрпақтары: Ұзидан Израхиях туды; Израхияхтан Микайл, Абадия, Жоел, Ишиях дүниеге келді. Бұлардың бесеуі де әулетбасылар еді.  Әйелдері мен балалары көп болғандықтан, әулеттерінің ұрпақтарына қарай, олардың әскерінде соғысқа жарамды 36 000 сарбаз болды.  Олардың шежіре жазбаларына тіркелген Исахар әулеттеріне жататын бауырларынан шыққан мықты сарбаздардың жалпы саны 87 000 еді+.  Бенияминнің ұлдары+: Бела+, Бехер+, Едиел+ — барлығы үшеу.  Беланың ұлдары: Езбон, Ұзи, Үзиел, Еримот, Ири — бесеуі де әулетбасы әрі мықты сарбаз. Шежіре жазбасына осы ұрпақтан 22 034 сарбаз тіркелген+.  Бехердің ұлдары: Земирах, Жоғаш, Елиезер, Елионай, Омри, Еремот, Әбиях, Анатот, Әлемет. Бұлардың бәрі Бехердің ұлдары.  Олардың ұрпақтары, яғни әулетбасылары бойынша, шежіре жазбаларына тіркелген мықты сарбаздарының саны — 20 200 адам. 10  Едиелден+ туған Білханның ұлдары: Еуш, Бениямин, Ехуд, Кенанах, Зетан, Тарсис, Ахишахар. 11  Бұлардың бәрі Едиелдің ұрпағы. Бас-аяғы 17 200 әулетбасы әрі соғысқа жарамды мықты сарбаз. 12  Ирдің+ ұлдары: Шупим мен Хупим. Ахердің ұрпағы — Хушим. 13  Нафталимнің ұлдары+: Яхасиел, Гуни, Есер, Шалум. Бұлар Балханың ұрпағы+. 14  Манасаның+ ұлдары: сириялық кәнизагынан туған Әсрейіл. (Ғалақаттың әкесі Махир+ де осы кәнизактан туылды. 15  Махир Хупим мен Шупимге әйел алып берді. Олардың Мағақ деген қарындасы да болды.) Екінші ұлы — Салопахад+. Оның тек қыздары болды+. 16  Махирдің әйелі Мағақ ұл туып, атын Переш деп қойды. Оның Шареш деген бауыры болды. Одан Ұлам және Рекем туды. 17  Ұламнан Бедан дүниеге келді. Бұлар Манасаның немересі Махир ұлы Ғалақаттың ұрпағы. 18  Ғалақаттың Мөлекет деген қарындасы Ишход, Әбиезер және Махланы туды. 19  Шемиданың ұлдары: Ахиян, Сихем, Ликхи, Әниям. 20  Ефремнің+ ұлдары: Ефремнен Шутелах+ туды, одан Беред, одан Тахат, одан Елидах, одан Тахат, 21  одан Забад, одан Шутелах, одан Езер мен Елид туылды. Екеуі ғаттықтардың+ малын айдап кетуге барғанда, сол жердің тұрғындары оларды мерт қылды. 22  Әкелері Ефрем екі ұлын ұзақ жоқтады. Бауырлары оны жұбатуға келіп тұрды. 23  Бұдан кейін Ефрем әйелімен жақындасты. Әйелі құрсақ көтеріп, ұл туды. Әкесі оған Бериях* деген ат қойды, өйткені әйелі отбасы бақытсыздыққа ұшырағанда босанған еді. 24  Оның Шехера деген қызы да болды. Ол Төменгі+ және Жоғарғы Бет-Хорон+ мен Узен-Шехера қаласын салды. 25  Рефах пен Решеф Ефремнің ұрпақтары еді. Решефтен Телак туылды, одан Тақан, 26  одан Ладан, одан Әмихуд, одан Елишама, 27  одан Нұн, одан Ешуа*+ туды. 28  Олардың иелігіндегі жерлер мен елді мекендер мыналар: Бетел+ мен қарамағындағы қалашықтар, шығыс жақта Нағаран, батыста Гезер мен қарамағындағы қалашықтар, Сихем мен қарамағындағы қалашықтардан Аиях* пен қарамағындағы қалашықтарға дейін; 29  Манасаның ұрпақтарының иелігімен шегаралас жатқан Бет-Шеған+ мен қарамағындағы қалашықтар, Танақ+ пен қарамағындағы қалашықтар, Мегиддо+ мен қарамағындағы қалашықтар, Дор+ мен қарамағындағы қалашықтар. Осы жерлерде Исраил ұлы Жүсіптің ұрпақтары тұратын. 30  Аширдің ұлдары: Имнах, Ишуах, Ишуи, Бериях+. Оның Сера деген қызы да болды+. 31  Берияхтың ұлдары: Хебер және Малхиел. Малхиел Бірсейіттің әкесі болды. 32  Хеберден Яплет, одан Шомер, одан Хотам туылды. Оның Шуа деген қызы да болды. 33  Яплеттің ұлдары: Пасах, Бімхел, Ашбат. Бұлар Яплеттің ұлдары. 34  Шемердің* ұлдары: Ахи, Рогах, Ехубах, Арам. 35  Оның бауыры Хелемнің* ұлдары: Софах, Имна, Шелеш, Амал. 36  Софахтың ұлдары: Суах, Харнепер, Шуал, Бери, Ымрах, 37  Бесер, Ход, Шамма, Шилша, Итран және Бегера. 38  Етердің ұлдары: Епунех, Писпа, Ара. 39  Ұланың ұлдары: Арах, Ханиел, Ризия. 40  Бұлардың бәрі Аширдің ұрпақтары. Олар әулетбасылар, таңдаулы да мықты сарбаздар әрі жетекші басшылар болатын. Олардың шежіре жазбасына соғысқа жарамды 26 000 кісі тіркелді+.

Сілтемелер

Мағынасы “бақытсыздықта”.
Немесе “Ехошуа”. Мағынасы “Ехоба — Құтқарушы”.
Мүмкін: “Газа”. Бірақ філістірлер жеріндегі Газа емес.
32-тармақта Шомер.
32-тармақтағы Хотам болса керек.