Шежірелер 1-жазба 9:1—44

  • Айдаудан келгеннен кейінгі шежіре жазбасы (1—34)

  • Саул әулетінің шежіресінің қайталануы (35—44)

9  Исраилдіктердің бәрі шежіре жазбасына тіркелді. Бұл шежірелер Исраил патшалары туралы кітапқа жазылды. Яһудалықтар опасыздықтары үшін Бабылға жер аударылған еді+.  Ол жақтан бірінші болып өз қалаларындағы иеліктеріне кейбір исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер мен ғибадатхана қызметшілері*+ оралды.  Иерусалимге қоныс тепкен Яһуда+, Бениямин+, Ефрем және Манаса ұрпақтарының кейбірі мыналар:  Яһуда ұлы Парестің+ ұрпағынан Ұтай. Ол — Әмихудтың ұлы, Омридің немересі, Имридің шөбересі, Банидің шөпшегі;  Шилолықтардан әулеттің тұңғышы Асая мен оның ұлдары;  Зарахтың+ ұлдарынан: Ейел және олардың 690 бауыры.  Бениямин ұрпақтарынан: Мешуламның ұлы, Ходабиахтың немересі, Сенуахтың шөбересі Саллу;  Ерохамның ұлы Ибинея; Ұзидың ұлы, Михридің немересі Елах; Шафатияхтың ұлы, Рәгуелдің немересі, Ибнияхтың шөбересі Мешулам.  Олардың шежіре бұтағындағы бауырларының саны — 956. Бұлардың бәрі әулетбасылар болды. 10  Діни қызметкерлерден: Едаях, Ехоярип, Яхин+, 11  Азариях. Ол Хелкияның ұлы, Мешуламның немересі, Садықтың шөбересі, Мераяттың шөпшегі, шынайы Құдай үйінің басқарушысы болған Ахитұптың неменесі еді. 12  Сондай-ақ Ерохамның ұлы Адаях; ол — Пашхурдың немересі, Малхияхтың шөбересі; Әдиелдің ұлы Мағасай; ол — Яхзераның немересі, Мешуламның шөбересі, Мешлеметтің шөпшегі, Имердің неменесі 13  және олардың бауырлары. Бас-аяғы 1760 мықты адам. Олар әулетбасылары әрі шынайы Құдай үйінде қызмет етуге қабілетті кісілер еді. 14  Леуіліктерден: Мераридің ұрпағынан Хашуп ұлы Шемаях+, ол — Азриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі; 15  Бақбақар, Хереш, Ғалал, Миха ұлы Матаниях, ол — Зихридің немересі, Асаптың шөбересі; 16  Шемаях ұлы Абадия, ол — Ғалалдың немересі, Едутунның шөбересі; нетопалықтардың+ елді мекендерінде тұрған Елқананың немересі, Асаның ұлы Берекия. 17  Қақпа күзетшілері+: Шалум, Ақұп, Талмон, Ахиман. Олардың бауыры Шалум басшы болатын. 18  Бұрын ол шығыс жақтағы патша қақпасында+ қызмет еткен еді. Бұлар леуіліктердің тұрақтарын күзететін. 19  Қоренің ұлы, Ебиасаптың немересі, Қорахтың шөбересі Шалум мен оның әулетінен шыққан қорахтық бауырлары киелі шатырдың күзеті үшін жауапты еді. Ал әкелері Ехобаның қосының кіреберісінің күзеті үшін жауапты болатын. 20  Бұрын олардың басшысы Елазар+ ұлы Пінехес+ еді. Ехоба оған жар болып жүрді. 21  Мешелемияның ұлы Зәкәрия+ кездесу шатырының кіреберісін күзетті. 22  Қақпа күзетуге тағайындалғандардың жалпы саны — 212. Олар шежіре жазбасына тіркелгендері+ бойынша елді мекендерінде тұрып жатты. Сенімді кісілер болғандықтан, Дәуіт пен көреген* Самуил+ оларды осы қызметке тағайындаған. 23  Олар ұлдарымен бірге Ехобаның үйінің қақпаларын және киелі шатырды күзетуге жауапты болатын+. 24  Қақпа күзетшілері төрт жақта — шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстікте тұратын+. 25  Арагідік өз елді мекендерінен бауырлары келіп, олармен бірге жеті күн қызмет етуге тиіс еді. 26  Сол төрт жаққа леуіліктерден сенімді төрт қақпа күзетшісі басшы етіп қойылды. Олар ас бөлмелер мен шынайы Құдай үйінің қазыналарына жауапты болатын+. 27  Күзет ісі тапсырылғандықтан бұл кісілер түні бойы шынайы Құдай үйін айнала өз орындарында тұратын, ал күнде таңертең өздеріне тапсырылған кілтпен үйдің қақпаларын ашатын. 28  Олардың кейбіреулері қызметте қолданылатын бұйымдарға жауапты еді+, сондықтан бұйымдар әкелінгенде де, әкетілгенде де оларды санап шығатын. 29  Ал өзге біреулері басқа бұйымдар мен күллі қасиетті бұйымдарға+, сондай-ақ таңдаулы ұн+, шарап+, май+, ладан+ және бальзамға+ жауапты болды. 30  Діни қызметкерлердің кейбірі бальзамнан жақпа май жасаумен айналысатын. 31  Қорахтық Шалумның тұңғышы Матетиях деген леуілік табада нан пісіруге жауапты болды+. 32  Олардың қахаттық бауырларының кейбіріне әр Демалыс күні нан тартуын+ пісіру міндеті жүктелген еді+. 33  Осы әншілер, леуілік әулетбасылары, ас бөлмелерде тұратын. Өз міндеттерін күні-түні орындайтындықтан, олар қызметтің басқа түрлерінен босатылған еді. 34  Бұлар шежіре жазбасына тіркелген леуілік әулеттердің басшылары. Олар Иерусалимде тұратын. 35  Гибеонның негізін қалаған Жейел Гибеонда+ тұрды. Оның әйелінің аты Мағақ, 36  тұңғышы Абдон болатын. Одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надап, 37  Гедор, Ахио, Зәкәрия, Миклот. 38  Миклоттан Шимам туды. Бұлардың бәрі бауырларымен Иерусалимде, өзге бауырларының қасында тұратын. 39  Нерден+ Қиш, Қиштан Саул туды+. Саулдың ұлдары: Жонатан+, Малхишуа+, Әбинадап+, Ешбағал. 40  Жонатанның ұлы — Мерипбағал+, одан Миха туды+. 41  Миханың ұлдары: Питон, Мелек, Тахрей, Ахаз. 42  Ахаздан Ярах туды. Ярахтың ұлдары: Әлемет, Азмаует, Зимри. Зимриден Моза дүниеге келді. 43  Мозадан Біней, одан Рефаях, одан Елисах, одан Азел туды. 44  Азелдің 6 ұлы болды, олардың аттары: Азриқам, Бокеру, Ысмағұл, Шеғария, Абадия, Ханан. Бұлар Азелдің ұлдары.

Сілтемелер

Немесе “нетиндер”. Сөзбе-сөз “берілгендер”.
Мұндағы еврей сөзі Құдай өз еркін түсінуге қабілет берген адамға нұсқайды.