Шежірелер 2-жазба 29:1—36

  • Езекия — Яһуда патшасы (1, 2)

  • Езекияның реформалары (3—11)

  • Ғибадатхананы тазарту (12—19)

  • Ғибадатханадағы қызметтің қайта жандануы (20—36)

29  Езекия+ 25 жасында патша болып, Иерусалимде 29 жыл билік етті. Оның анасы Зәкәрияның қызы Әбиях болатын+.  Езекия тап арғы атасы Дәуіт сияқты, Ехобаның алдында+ ұнамды істер істеді+.  Билік құруының бірінші жылының бірінші айында ол Ехобаның үйінің есіктерін ашып, оларды жөндеді+.  Бұдан кейін діни қызметкерлер мен леуіліктерді шақыртып алып, оларды үйдің шығыс жағындағы алаңға жинады.  Патша оларға былай деді: “Леуіліктер, сөзіме құлақ салыңдар! Бәрің тазару рәсімінен өтіңдер*+, ата-бабаларыңның Құдайы Ехобаның үйін де киелі етіңдер. Сосын киелі орыннан арам нәрсенің бәрін шығарып тастаңдар+!  Біздің әкелеріміз опасыздық жасады, Құдайымыз Ехобаға ұнамсыз істер істеді+. Олар оны тастап кетті, Ехобаның киелі шатырынан жүздерін бұрып, Құдайларынан теріс айналды+.  Олар киелі үйдің кіреберісінің есіктерін+ бекітіп тастады, шамдар+ да сөндірілді. Ғибадатханада Исраилдің Құдайына арнап хош иісті заттар түтетіп+, түгел өртелетін құрбандықтар+ шалуды да доғарды.  Сондықтан Яһуда мен Иерусалим Ехобаның қаһарына ұшырады+. Өздерің көріп тұрғандай, Құдай оларды көрген адам үрейі ұшып, аңтарыла ысқыратындай қорқынышты күйге түсірді+.  Қараңдаршы, ата-бабаларымыз семсерден қаза болды+, ал ұл-қыздарымыз бен әйелдеріміз тұтқынға айдалды+. 10  Ал енді Исраилдің Құдайы Ехобаның лаулаған қаһарын басу үшін, мен онымен келісім жасасуды бар жүрегіммен қалап отырмын+. 11  Балаларым, қазір немқұрайды болатын кез емес. Ехоба сендерді алдында тұрып, өзіне қызмет етіп+, құрбандық түтінін түтетулерің үшін таңдап алды емес пе+?!” 12  Сонда мына леуіліктер міндеттерін атқаруға кірісті: қахаттықтардан+ Ғамасай ұлы Махат пен Азариях ұлы Жоел; мерариліктерден+ Әбди ұлы Қиш пен Ехалелел ұлы Азариях; гершондықтардан+ Зимма ұлы Жоуах пен Жоуах ұлы Едем; 13  Елсапан ұлдарынан Шимри мен Ейел; Асап ұлдарынан+ Зәкәрия мен Матаниях; 14  Хеман ұлдарынан+ Ехиел мен Шимей; Едутун ұлдарынан+ Шемаях пен Үзиел. 15  Осы леуіліктер бауырларын жинап алып, тазару рәсімінен өтті де, Ехоба айтқандай, патшаның бұйыруымен Ехобаның үйін тазартуға кірісті+. 16  Діни қызметкерлер Ехобаның үйін тазарту үшін, оның ішіне кіріп, Ехобаның ғибадатханасындағы арам нәрселердің бәрін Ехобаның үйінің ауласына+ шығарды. Ал леуіліктер оларды алып, Қидрон аңғарына+ апарып тастады. 17  Олар тазартуды бірінші айдың бірінші күні бастап сегізінші күні Ехобаның үйінің кіреберісіне+ жетті. Сосын Ехобаның үйін киелі етуге сегіз күн жұмсап, бірінші айдың он алтыншы күні жұмыстарын аяқтады. 18  Бұдан кейін олар Езекия патшаға барып, былай деді: “Біз Ехобаның үйін, құрбандық өртейтін ошақ+ пен барлық құрал-саймандарын+, нан тартуы қойылатын үстелдер+ мен барлық ыдыстарын түгел тазартып шықтық. 19  Ахаз патша билік құрып отырғанында опасыздық жасап, менсінбей шығарып тастаған бұйымдарды+ да даярлап, киелі еттік+. Қазір олар Ехобаның құрбандық ошағының алдына қойылды”. 20  Езекия патша ерте тұрып, қаладағы барлық бекзадаларды жинап алды да, бәрі Ехобаның үйіне өрлеп барды. 21  Олар күнә үшін берілетін құрбандық ретінде патшалық үшін, ғибадатхана үшін және Яһуда халқы үшін жеті бұқа, жеті қошқар, жеті еркек тоқты және жеті теке әкелді+. Сосын патша Харонның ұрпақтарынан тараған діни қызметкерлерге әкелінген малды Ехобаның құрбандық ошағында құрбандыққа шалуды тапсырды. 22  Алдымен діни қызметкерлер ірі қара малды шалып+, қанын ошақтың үстіне бүркіді+. Сосын қошқарларды шалып, қанын ошақтың үстіне бүркіді. Бұдан кейін еркек тоқтыларды шалып, олардың да қанын ошақтың үстіне бүркіді. 23  Сосын күнә үшін ұсынылған текелерді патша мен жамағаттың алдына әкеліп, үстеріне қолдарын қойды. 24  Олар бүкіл Исраилдің күнәсін өтеу үшін, текелерді құрбандыққа шалып, қанын күнә үшін шалынатын құрбандық ретінде ошаққа бүркіді. Өйткені патша түгел өртелетін және күнә үшін әкелінетін құрбандықты бүкіл Исраил халқы үшін шалуды тапсырған болатын. 25  Бұл уақытта леуіліктер Ехобаның үйінің алдында жез табақшалар, ішекті аспаптар және арфалар+ ұстап тұрды. Бұл Дәуіттің+ және патшаның аян алатын пайғамбары Ғадтың+, сондай-ақ Натан пайғамбардың+ өсиетіне сай істелді. Өйткені Ехоба пайғамбарлары арқылы осыны өсиет еткен еді. 26  Осылай леуіліктер Дәуіттің ішекті аспаптарын, ал діни қызметкерлер кернейлер ұстап тұрды+. 27  Сонда Езекия ошақта түгел өртелетін құрбандық+ шалынсын деп бұйырды. Құрбандық шалына бастағанда, Ехобаға арналған ән де басталды. Исраил патшасы Дәуіттің аспаптарына үйлестіріліп керней де тартылды. 28  Түгел өртелетін құрбандық шалынып біткенше, ән айтылып, керней тартылып жатты. Ал бүкіл жамағат тағзым етумен болды. 29  Құрбандық шалынып біткенде, патша мен оның қасындағылардың бәрі жерге жығыла кетіп, тағзым етті. 30  Езекия патша мен бекзадалар леуіліктерге Ехобаны Дәуіт+ пен аян алушы Асаптың+ жырларымен дәріптеуді тапсырды. Сонда олар зор қуанышпен мадақ айтты да, жерге дейін иіліп тағзым етті. 31  Бұдан кейін Езекия: “Енді сендер Ехобаға арналған қасиетті қызмет атқарасыңдар. Ехобаның үйіне келіп, ризашылық құрбандықтары мен басқа да құрбандықтар ұсыныңдар”,— деді. Мұны естіген жамағат ризашылық құрбандықтары мен басқа да құрбандықтар әкеле бастады. Әркім жүрек қалауына қарай түгел өртелетін құрбандықтар әкеліп жатты+. 32  Күллі жамағат түгел өртелетін құрбандық ретінде Ехобаға арнап 70 ірі қара мал, 100 қошқар, 200 еркек тоқты шалды+. 33  Ал қасиетті құрбандық ретінде 600 ірі қара және 3000 ұсақ мал әкелді. 34  Бірақ түгел өртелетін құрбандықтардың терісін сыдыратын діни қызметкерлер жетіспеді. Сондықтан жұмыс біткенше, әрі басқа діни қызметкерлер тазару рәсімінен өткенше+, оларға леуілік бауырлары көмектесті+. Өйткені леуіліктер діни қызметкерлерге қарағанда, тазару рәсімін құлшына атқаратын. 35  Сонымен, түгел өртелетін құрбандық+, татулық құрбандығының майы+ және сұйық тарту+ көптеп ұсынылды. Осылай Ехобаның үйіндегі қызмет қалпына келтірілді. 36  Езекия мен күллі халық шынайы Құдайдың өз халқы үшін жасаған істеріне+ қатты қуанды. Өйткені мұның бәрі аяқастынан жасалған болатын.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “өздеріңді қасиетті етіңдер”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.