Шежірелер 2-жазба 31:1—21
31 Осыдан кейін сол жердегі исраилдіктердің бәрі Яһуда қалаларын аралап шықты. Олар Яһуда елі мен бениямин, ефрем және манаса руларының+ жеріндегі қасиетті тас бағаналар+ мен қасиетті ағаш бағаналарды*+, ғибадат төбелері+ мен құрбандық орындарын+ қиратып, мүлдем құртып жібермейінше тоқтамады. Бұдан кейін исраилдіктердің бәрі өз қалаларына, әрқайсысы өз иелігіне қайтты.
2 Сосын Езекия діни қызметкерлер мен леуіліктердің топтарын+, әрбір діни қызметкер мен леуілікті өз қызметіне тағайындады+. Олардың міндетіне түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын шалу, Құдай алдында қызмет ету, сондай-ақ Ехобаның үйінің аулаларындағы қақпаларда алғыс пен мадақ айту жататын+.
3 Ехобаның Заңында жазылған талаптарға сай, патша да таңертең және кешке+, сондай-ақ Демалыс күні+, Жаңа туған ай+ мен басқа да мейрамдарда+ ұсынылатын түгел өртелетін құрбандықтарға арнап өз мүлкінен үлес берді+.
4 Бұған қоса, патша Иерусалим тұрғындарына діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиісті үлестерін үзбей беріп тұруды бұйырды+. Сонда олар бар көңілдерін Ехобаның Заңын орындауға аудармақ еді.
5 Осы жарлық шыға салысымен, исраилдіктер астық, жаңа шарап, май+, бал және танапта өсірілген өнімдердің+ алғашқы түсімінен жомарттықпен әкеле бастады. Олар қолдарында бардың бәрінен оннан бір бөлігін әкеліп, мол етіп ұсынды+.
6 Яһуда қалаларында тұрып жатқан исраилдіктер мен яһудалықтар да ірі қара малы мен қойларының, сондай-ақ Құдайлары Ехобаға бағыштап киелі еткен заттарының оннан бір бөлігін әкеліп+, үйіп-төгіп тастады.
7 Жұрт үшінші айдан+ бастап жетінші айға+ дейін сый-тарту әкелумен болды.
8 Езекия мен бекзадалар келіп, осыншама көп тарту жиналғанын көргенде, Ехобаны мадақтап, оның халқы Исраилге баталарын берді.
9 Езекия діни қызметкерлер мен леуіліктерден осыншама мол сый-тартудың қалай жиналғанын сұрағанда,
10 Садық әулетінен шыққан жоғарғы діни қызметкер Азариях былай деді: “Ехобаның үйіне сый-тарту+ әкеле бастағаннан бері жұрт ас-судан таршылық көрген жоқ. Ал азық-түлік әлі де көп, себебі Ехоба халқына батасын беріп отыр. Міне, қалған сый-тарту әлі де ағыл-тегіл мол+”.
11 Сонда Езекия оларға Ехобаның үйінде қойма бөлмелерін+ дайындауды тапсырды. Бөлмелер дайын болғанда,
12 олар адал әрекет етіп, сый-тартулар мен өнімдердің* оннан бір бөлігін+ және киелі заттарды сол бөлмелерге апарып қойды. Леуілік Қонания бас меңгеруші, ал бауыры Шимей оның орынбасары болды.
13 Қонания мен бауыры Шимейге, Езекия патшаның тапсыруы бойынша, Ехиел, Азазиях, Нахат, Асахел, Еримот, Жозабад, Елиел, Исмақиях, Махат және Бенаях көмекші болып тағайындалды. Ал Азариях шынайы Құдай үйін басқарды.
14 Шығыс қақпаның күзетшісі леуілік+ Имнах ұлы Қоре шынайы Құдайға арналған ерікті құрбандықтарға+ жауапты болды. Ол Ехобаға ұсынылған тартулар мен ерекше киелі құрбандықтарды+ үлестіретін+.
15 Оның қол астында Едем, Миниямин, Ешуа, Шемаях, Амариях, Шехания болды. Оларға діни қызметкерлерге арналған қалалардағы+ бауырларына, үлкен-кішісіне бірдей, топтарына+ қарай тиісті үлестерін тарату тапсырылды.
16 Бірақ топтарының кезегі бойынша міндеттерін атқару үшін, күнделікті Ехобаның үйіне келетін діни қызметкерлер мен олардың үш жастан бастап шежіре жазбасына тіркелген ұл балалары бұл санатқа жатпайтын.
17 Діни қызметкерлер мен 20 және одан жоғары жастағы+ леуіліктер атқаратын міндеттеріне+ қарай, әулеттері+ бойынша шежіре жазбасына тіркелетін.
18 Бұл шежіре жазбасына қасиетті қызмет атқаратындықтан, өздерін таза* сақтайтын леуіліктер мен күллі леуіліктер жұрағаты, яғни олардың кішкентай балалары, әйелдері мен ұл-қыздары тіркелетін.
19 Харонның ұрпақтары, яғни қалаларының айналасындағы жайылымдарда тұратын діни қызметкерлер+ де шежіре жазбасына тіркелетін. Жоғарыда аты аталған кісілер сол қалалардағы шежіре жазбасына енген әрбір еркек кіндікті діни қызметкер мен леуілікке тиісті үлестерін беретін.
20 Езекия бүкіл Яһуда елі бойынша осындай тәртіп орнатты. Ол Құдайы Ехобаның алдында игі әрі дұрыс істер жасап, оған адал болды.
21 Езекия Құдайына ғибадат еткенде атқарған кез келген ісін, мейлі ол шынайы Құдай үйіндегі қызметке+, Заңға не өсиетке қатысты болсын, бар жүрегімен атқарып, табысқа жететін.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Мұнда “өнім” сөзі тек өсімдікке емес, малға да қатысты қолданылды.
^ Сөзбе-сөз “қасиетті”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.