Шежірелер 2-жазба 5:1—14
5 Осылай Сүлеймен патша Ехобаның үйіне арнап жасалуы тиіс жұмыстардың бәрін бітірді+. Ол әкесі Дәуіт бағыштаған*+ күміс, алтын және барлық бұйымдарды шынайы Құдайдың үйіндегі қазынаға апарып қойды+.
2 Сүлеймен патша Дәуіттің қаласынан, яғни Сионнан+, Ехобаның келісім сандығын әкелу үшін+, Исраилдің барлық ақсақалдары мен рубасыларын және әулетбасыларын Иерусалимге шақырды.
3 Содан жетінші айда күллі исраилдіктер Сүлеймен патшаның қасына мейрамға* жиналды+.
4 Исраилдің барлық ақсақалдары келген соң, леуіліктер келісім сандығын көтеріп әкетті+.
5 Келісім сандығымен қоса, кездесу шатыры+ мен ондағы барлық киелі бұйымдар да әкетілді. Бұларды діни қызметкерлер мен леуіліктер көтеріп алып жүрді.
6 Сүлеймен патша мен қасына жиналған күллі исраилдіктер келісім сандығының алдында жүріп, құрбандыққа қой мен ірі қара мал шалып отырды+. Олардың көп болғаны сонша — санына ешкім жете алмады.
7 Бұдан кейін діни қызметкерлер Ехобаның келісім сандығын өз орнына — киелі үйдің түпкі бөлмесіне, яғни Ең қасиетті бөлмеге — керубтердің қанаттарының астына әкеліп қойды+.
8 Керубтер келісім сандығы тұратын орынның үстінен қанаттарын жайып, келісім сандығы мен оның сырықтарын+ жауып тұрды.
9 Сырықтардың ұзын болғаны сонша — ұштары түпкі бөлменің алдындағы Қасиетті бөлмеден көрініп тұрды, бірақ сырттан көрінбеді. Олар әлі күнге дейін сол жерде.
10 Келісім сандығында Мұсаның Хорибте салған екі тас тақташасынан+ басқа ештеңе болмады. Мұса бұл тақташаларды Ехоба исраилдіктерді Мысырдан алып шығып+, олармен келісім жасасқанда+ салған еді.
11 Діни қызметкерлер Қасиетті бөлмеден шыққанда (діни қызметкерлердің барлығы, қай топқа жататынына+ қарамай, тазару рәсімінен+ өткен* еді),
12 бәтестен киім киген әнші-күйші леуіліктердің+ бәрі — Асап+, Хеман+, Едутун+, яғни олардың ұлдары мен бауырларының бәрі — қолдарына жез табақша, ішекті аспап, арфа ұстап тұрды. Олар құрбандық ошағының шығысында, кернейлетіп жатқан 120 діни қызметкердің+ қасында тұрды.
13 Ехобаны мадақтап, оған алғыс айтып жатқан кернейшілер мен әншілердің дауыстары біріккен сәтте — әнші-күйшілер керней, жез табақша мен басқа да аспаптардың сазына қосылып: “Өйткені ол ізгі, айнымас сүйіспеншілігі мәңгі!”+— деп, Ехобаны мадақтай бастаған сәтте — үйдің, Ехобаның үйінің ішін бұлт алып кетті+.
14 Осылайша шынайы Құдайдың үйі бұлтқа толып, Ехобаның салтанатына бөленгендіктен, діни қызметкерлер онда қызметтерін жалғастыра алмады+.
Сілтемелер
^ Немесе “киелі еткен”.
^ Яғни Күркелер мейрамына.
^ Сөзбе-сөз “өздерін қасиетті еткен”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.