Әйүп 40:1—24

  • Ехоба қойған басқа да сұрақтар (1—24)

    • Әйүптің айтары жоқ екенін мойындауы (3—5)

    • “Менің әділдігіме күмән келтірмексің бе?” (8)

    • Құдайдың сусиырдың күшін сипаттауы (15—24)

40  Ехоба сөзін жалғап, Әйүпке мынаны айтты:   “Адам Құдіреті шексіз Құдайдан мін іздеп, онымен дауласуы керек пе+? Кәне, Құдайды айыптаған адам жауап берсін+!”   Сонда Әйүп Ехобаға былай деп жауап қатты:   “Мен түкке тұрғысыз пендемін+,Саған қалай жауап бермекпін? Аузымды қолыммен жауып аламын+.   Мен бір рет, тіпті екі рет сөйледім, енді аузымды ашпаймын,Енді қайтып тіс жармаймын”.   Ехоба оған боран ішінен тіл қатып былай деді+:   “Кәне, нағыз ердей беліңді бушы,Мен сұрайын, ал сен жауап бер+.   Менің әділдігіме күмән келтірмексің бе? Өзіңді ақтау үшін мені қаралағың келе ме+?   Қолың Құдайдікіндей құдіретті ме+? Даусыңды онікіндей күркірете аласың ба+? 10  Онда өзіңді даңқ, ұлылықпен әшекейлеп,Абырой мен салтанатқа бөлеші. 11  Кәне, қаһар отын лаулатшы,Тәкаппар атаулыға көз салып, оларды жер қылшы! 12  Тәкаппар атаулыға көз салып, жуасытшы,Зұлымдарды тұрған жерінде аяғыңмен тапташы. 13  Бәрін топыраққа көміп,Байлап-матап, таса жерге жасырып қойшы. 14  Сонда оң қолың өзіңді құтқара алатынынМен де мойындаймын. 15  Сені жаратқандай, мына сусиырды да мен жараттым,Ол бұқа сияқты шөп жейді. 16  Оның белінің қуаты,Құрсағындағы бұлшық етінің күші қандай! 17  Ол құйрығын қарағайдай шайқайды,Жамбасындағы сіңірлері мықтап матасқан. 18  Сүйектері мыс құбырдай,Аяқтары темір бағанадай. 19  Ол — Құдайдың жаратылыстарының бастапқысы,Жаратушысы ғана оған семсерін сілтей алады. 20  Таулар оған азық өсіріп шығарады,Күллі жабайы аңдар сонда асыр салады. 21  Ол тікенді бұталардың астында жатады,Батпақтағы қамысты саялайды. 22  Тікенді бұталар оны көлеңкесімен жабады,Аңғардағы теректер қоршап тұрады. 23  Өзен долданса да, ол абыржымайды,Иордан+ суы аузына ұмтылса да, сабыр сақтайды. 24  Оны байқатпай ұстап алып,Мұрындықтай алатын адам бар ма?

Сілтемелер