Әйүп 5:1—27

  • Елифаздың сөзінің жалғасы (1—27)

    • “Құдай данышпандарды өз қулықтарынан ұстайды” (13)

    • “Әйүп Құдайдың жөнге салуынан бас тартпау керек” (17)

5  Кәне, шақыршы! Біреу саған жауап берер ме екен? Қасиеттілердің қайсысына жүгінесің?   Ақымақ өз ашушаңдығынан,Ақылы жоқ іштарлығынан өлер.   Мен ақымақтың тамыр жайғанын,Бірақ сол заматта-ақ тұрағының қарғысқа ұшырағанын көргенмін.   Оның ұлдары құтқарылудан алшақ,Аман алып қалатын ешкім табылмағандықтан, олар қала қақпасының алдында тапталады+.   Оның жинаған өнімін аш адам жейді,Тіпті тікен арасындағыларын да тартып алады,Ал олардың дүние-мүлкін сұмдар олжалайды.   Себебі зияндық топырақтан өсіп шықпайды,Пәле де жер астынан пайда болмайды.   От ұшқындарының жоғары ұмтылатыны сияқты,Адам баласы да қасірет көру үшін туылады.   Сенің орныңда болсам, мен Құдайға жалбарынар едім,Ісімді соған сеніп тапсырар едім.   Оның істері ұлы, адам ақылы жетпес,Керемет істерін ешкім санап бітпес. 10  Ол жерге жаңбыр жауғызады,Егістіктердің шөлін қандырады. 11  Бейшараны жоғарылатады,Жабырқаған жанды жоғары көтеріп құтқарады. 12  Зымияндардың жоспарларын бұзып,Істерін табысқа жеткізбейді. 13  Данышпандарды өз қулықтарынан ұстайды+,Ақылгөйлердің жоспарларын іске асырмайды. 14  Күндіз олар түнекке тап болады,Тал түсте де түндегідей сипаланып жүреді. 15  Бейшараны олардың аузынан шыққан семсерден сақтайды,Мықтылардың қолынан құтқарады. 16  Осылайша оған үміт береді,Ал әділетсіздердің аузын жабады. 17  Құдай түзететін адам бақытты,Ендеше Құдірет Иесінің* жөнге салуынан бас тартпа! 18  Өйткені ол өзі жарақаттап, жараны өзі таңады,Өзі соққы беріп, өз қолымен сауықтырады. 19  Ол сені алты пәледен сақтайды,Тіпті жетіншісінен де арашалап қалады. 20  Аштық кезінде өлімнен,Соғыс кезінде семсерден құтқарады*. 21  Қамшыдай тиетін тілден қорғайды+,Апат келгенде, үрейден аман сақтайды. 22  Күйреу мен аштыққа күле қарайсың,Жыртқыш аңдардан да қорықпайсың. 23  Танаптағы тастар саған кедергі болмайды,Жыртқыштар да сенімен тату-тәтті тұрады. 24  Шатырыңда тыныштық орнығады,Жайылымыңды аралап шыққанда, малыңнан еш шығын болмайды. 25  Үбірлі-шүбірлі боласың,Ұрпақтарың жер бетіндегі шөптей қаулайды. 26  Өз мезгілінде бауланған бидайдай,Дүниеден өткенше, қайратың бойыңда қалады. 27  Міне, біз осыны зерттедік; бәрі де дұрыс. Сондықтан құлақ асып, қабыл ал”.

Сілтемелер

Немесе “Құдіреті шексіз Құдайдың”.
Сөзбе-сөз “құныңды өтеп алады”.