Әйүп 7:1—21

  • Әйүптің сөзінің жалғасы (1—21)

    • Пенденің өмірі жалшының күндеріндей (1, 2)

    • “Неге мені өзіңе нысана етіп алдың?” (20)

7  Пенденің жер бетіндегі өмірі мехнатқа толы,Күндері жалшының күндеріндей емес пе+?   Ол көлеңкені аңсаған құлға,Жалақысын күткен жалшыға ұқсайды+.   Менің де үлесіме түкке тұрғысыз айлар,Қасіретке толы түндер тиді+.   Жатарда: —Қашан тұрар екенмін?— деп ойлаймын+,Түн ұзаққа созылып, таң атқанша дөңбекшіп шығамын.   Тұла бойымды құрт қаптады, үстіме балшық қатты+,Терімді күс басып, ірің кеуледі+.   Күндерім тоқымашының қайығынан да жылдам зулайды+,Еш үмітсіз зымырайды+.   Уа, Құдайым, өмірімнің небәрі жел екенін ұмытпашы+! Енді қайтып мен игілік көрмеспін.   Мені көріп тұрған көздер енді қайтып көрмейді,Сен мені іздейсің, бірақ мен жоқ боламын+.   Бұлттың сейіліп ғайып болатынындай,Көрге* кірген адам да қайтып шықпас+. 10  Ол үйіне қайтып оралмайды,Өз тұрағынан бұдан былай көрінбейді+. 11  Сондықтан аузыма ерік беремін,Өзегім өртене сөйлеймін,Жан дүниемдегі шерімді төгемін+. 12  Күзеттіріп қоятындай, мен теңізбін бе? Әлде теңіз құбыжығымын ба? 13  Төсегім мені жұбатсын,Жататын орным азабымды жеңілдетсін деп едім, 14  Сен болсаң түстер көрсетіп қорқытып,Аяндар беріп шошыттың. 15  Сонда мен өз тәнімнен жеріп,Буынып өлуді артық көрдім+. 16  Өмірден жиренемін+, бұдан әрі тірі жүргім келмейді. Мені жайыма қалдыра көр, себебі күндерім небәрі бу ғой+! 17  Жұмыр басты пендеге бола әлекке түсесің бе? Ол назар салуыңа тұра ма+? 18  Несіне оны таң атқан сайын тексеріп,Әр сәт сайын сынайсың+? 19  Тым құрыса сілекейімді жұтып алғанша, назарыңды тайдырып,Бір сәтке жайыма қалдырмас па екенсің+? 20  Күнә жасасам, саған қандай зиян келтірер едім, уа, адамзаттың Бақылаушысы+? Неге мені өзіңе нысана етіп алдың?Мен саған ауыртпалық түсірдім бе? 21  Неге заңсыздығымды кешіріп,Қателігіме ғапу етпейсің? Көп ұзамай жер қойнына кірермін+,Сонда мені іздейсің, бірақ мен жоқ боламын”.

Сілтемелер

Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.