11-СҰРАҚ
Өлген соң адаммен не болады?
“Оның демі бітіп, қара жерге оралады, Сол күні-ақ бар ой-ниеті құрып жоғалады”.
“Тірілер өлетінін біледі, ал өлгендер ештеңе білмейді... Қандай істі қолға алсаң да, оны барыңды салып істе, себебі өзің баратын көрде еңбектену де, жоспарлау да, білім де, даналық та жоқ”.
“[Иса]: “Досымыз Елазар ұйықтап жатыр, ал мен оны оятуға барамын”,— деп қосты. Иса Елазардың өлгенін айтып тұрған еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды. Сонда Иса: “Елазар қайтыс болды”,— деп ашық айтты”.