Түсіндірме
А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ц Ш І Э Я
А
-
Аб.
Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 5-інші, ал шаруашылық күнтізбесінің 11-інші айының атауы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша шілденің ортасынан тамыздың ортасына дейінгі уақытты қамтиды. “Аб” атауының өзі Киелі кітапта кездеспейді, тек “бесінші ай” деп қана айтылады (М4ж 33:38; Езр 7:9). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Абиб.
Яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 1-інші, ал шаруашылық күнтізбесінің 7-нші айының алғашқы атауы. Мағынасы — “көк масақ”, яғни бидайдың масағы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың ортасынан сәуірдің ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Яһудилер Бабылдан оралғаннан кейін бұл ай “нисан” деп аталатын болды (М5ж 16:1). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Адам Ұлы.
Інжілдің алғашқы төрт кітабында шамамен 80 рет кездесетін бұл тіркес Исаға қатысты қолданылған. Бұл оның жерге келгенде, адам тәніне ене салған рухани жаратылыс емес, әйелден туылып, толық мағынада адам болғанын білдіреді. Сондай-ақ бұл тіркес Исаның Даниял 7:13, 14-те жазылған пайғамбарлықты орындайтынына нұсқаған. Еврей жазбаларында бұл тіркес Езекиелге, Даниялға қатысты қолданылған. Осылай жұмыр басты хабаршы мен оны жариялауды тапсырған Тұлғаның арасындағы айырмашылыққа назар аударылған (Езк 3:17; Дн 8:17; Мт 19:28; 20:28).
-
Адар.
Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 12-нші, ал шаруашылық күнтізбесінің 6-ншы айының атауы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша ақпанның ортасы мен наурыздың ортасына дейінгі уақытты қамтиды (Ест 3:7). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Азазел.
Еврейдің бұл сөзі “ғайып болатын теке” дегенді білдірсе керек. Күнәні өтейтін күні Азазел үшін таңдалған теке шөл далаға қоя берілетін. Бұл халықтың өткен жылғы күнәсінің әкетілгенін бейнелеген (М3ж 16:8, 10 сілт.).
-
Азалы киім.
Әдетте бұл киім дәнді-дақыл салатын қап, дорба не қалта жасайтын ешкінің қара жүнінен тоқылатын. Азалы киімді марқұмды жоқтағанда, сондай-ақ адам бір нәрсеге қайғырғанда не өкінгенде киген (М1ж 37:34; Лқ 10:13).
-
Азап бағанасы.
Грекше “стаурос”. Бұл сөз тік бөрене не ағаштың діңгегі дегенді білдіреді. Исаны осындай бағанаға іліп өлтірген. Гректің бұл сөзін айқыш деп түсінуге ешқандай негіз жоқ. Айқыш Мәсіх келгенге дейін ғасырлар бойы пұтқа табынушылардың рәмізі болып келген. Ал түпнұсқадағы сөзді “азап бағанасы” деп аудару бұл сөздің мағынасын толық қамтиды. Өйткені бұл сөз Исаның басына түсетін азапты, қиыншылық пен масқараны түсіндіру үшін де қолданылған (Мт 16:24; Ев 12:2). БАҒАНАҒА ІЛУДІ қараңыз.
-
Азаттық жылы.
Исраил халқы уәде етілген жерге кірген кезден бастап саналған әрбір 50-інші жылдың атауы. Сол жылы жер жыртылмайтын, еврей құлдарға бостандық берілетін, сатылған мұралық жерлер қайтарылатын. Бұл халықтың азаттық алып, бастапқыда Құдай орнатқан жағдайды қалпына келтіргенін атап өтетін жыл болған (М3ж 25:10).
-
Азғындық.
Грекше “порниа”. Бұл сөз Жазбаларда Құдай тыйым Аян 14:8; 17:2; 18:3; Мт 5:32; Е.і 15:29; Ғл 5:19). ЖЕЗӨКШЕ сөзін қараңыз.
салатын жыныстық қатынастың түрлеріне нұсқайды. Оған неке адалдығын бұзу, жезөкшелік, некеге тұрмағандардың жыныстық қатынасы, гомосексуализм және малмен жыныстық қатынаста болу кіреді. Аян кітабында бұл сөз бейнелі мағынада, яғни “Ұлы Бабыл” деп аталған діни жезөкшенің билік пен дүние-мүлік үшін осы дүниенің билеушілерімен жасаған байланысына, қатысты қолданылған ( -
Азия.
Грек жазбаларында Рим провинциясы. Оның аумағына бүгіндегі Түркияның батысы мен Самос, Патмос сияқты жағалауда орналасқан кейбір аралдар кірген. Астанасы Ефес қаласы болған (Е.і 20:16; Аян 1:4). Ә13 қосымшасын қараңыз.
-
Айнымас сүйіспеншілік.
Еврей тілінің “хесед” деген сөзі көп жағдайда осылай аударылды. Бұл сөз борыш, адалдық, қатты бауыр басу сияқты сезімдерден туатын сүйіспеншілікке нұсқайды. Бұл сөз жиі Құдайдың адамдарға деген сүйіспеншілігіне қатысты қолданылады, бірақ адамдар арасында да танытылады (М2ж 34:6; Рут 3:10).
-
Айып құрбандығы.
Адамның жеке басының күнәсі үшін әкелінетін құрбандық. Күнә үшін әкелінетін басқа құрбандықтардан өзгешелігі бар. Бұл құрбандықты күнәнің кесірінен бұзылған келісім құқықтарын қалпына келтіру үшін және жазадан босатылу үшін ісіне өкінген адам әкелген (М3ж 7:37; 19:22; Иш 53:10).
-
Ақсақал.
Егде тартқан кісі. Бірақ Жазбаларда бұл сөз негізінен қоғамда не халық арасында қандай да бір билігі және жауапкершілігі бар адамға қатысты қолданылады. Аян кітабында көктегі жаратылыстарға қатысты да қолданылған. Қауымда жетекшілік ету міндеті жүктелген адамдар жайлы болғанда, гректің “пресбитерос” сөзі “ақсақал” деп аударылды (М2ж 4:29; Н.с 31:23; Т1х 5:17; Аян 4:4).
-
Аламот.
“Қыздар, жас әйелдер” дегенді білдіретін бұл музыкалық термин жас әйелдердің сопрано даусына нұсқаған болса керек. Бұл музыка үзіндісінің не оны сүйемелдейтін аспаптың жоғары регистрде орындалу керектігін көрсеткенге ұқсайды (Ш1ж 15:20; Зб 46:кіріспе).
-
Алапес.
Жұқпалы тері ауруы. Киелі кітаптағы алапес қазіргі осы атпен белгілі ауруды ғана білдірмейді. Киім мен үйде пайда болатын жұқпа да алапес деп аталған (М3ж 14:54, 55; Лқ 5:12).
-
Алғашқы өнім.
Науқан кезінде жиналған өнімнің алғашқысы; кез келген алғашқы жеміс не өнім. Ехоба Исраил халқынан “алғашқы өнімді” — адам, мал не өсімдік болсын — өзіне ұсынуды талап еткен. Ашымаған нан мейрамы мен Елуінші күн мейрамында халықтың атынан Ехобаға алғашқы өнімдер ұсынылған. Сондай-ақ “алғашқы өнім” бейнелі мағынада Мәсіх пен оның майланған ізбасарларына қатысты қолданылады (Қ1х 15:23; М4ж 15:21; Н.с 3:9; Аян 14:4).
-
Алғашқы өнім мейрамы; Апталар мейрамы.
ЕЛУІНШІ КҮН МЕЙРАМЫН қараңыз.
-
Алебастр.
Иісмай құйылатын кішкентай тас құтының атауы. Мұндай құтылар Мысырдағы Алабастрон қаласының маңында табылған тастардан жасалған. Бұндай құтылар ішіне құйылатын қымбат иісмай буланып кетпес үшін ауыз жағы тар етіп жасалып, мықтап бекітілетін. Құты жасалатын тас та алебастр деген атаумен белгілі болған (Мр 14:3 сілт.).
-
Алла.
Қазақ тіліндегі сөздіктерге сай, Алла — Ғаламды жаратушы Құдай, асқан құдірет Иесі. Киелі кітаптың осы аудармасында еврей тілінің “элохим” сөзі “Алла”, “Құдай”, “шынайы Құдай”, “Тәңір” деп те аударылды.
-
Альфа және Омега.
Бұл грек әліпбиінің бірінші және соңғы әріптерінің атауы. Аян кітабында Құдайдың лауазымы ретінде үш рет қолданылған. Сол мәнмәтіндерде аталмыш тіркес “алғашқы мен соңғы”, “басы және аяғы” дегенді білдіреді (Аян 1:8; 21:6; 22:13).
-
Ант, серт.
Киелі жазбаларда адам Құдайға ант не серт берді деген сөз — оның Құдай алдында бір нәрсені істеуге, оған қандай да бір құрбандық не сый-тарту ұсынуға, арнайы қызмет атқаруға, бір нәрседен (заңға қайшы келмесе де) бас тартуға қатысты салтанатты түрде уәде бергенін білдіреді. Мұндай уәдені міндетті түрде орындау керек болған (М4ж 6:2; Уғ 5:4; Мт 5:33).
-
Арам.
Лас, былғаныш болуды да, заңды бұзып, діни тұрғыдан арамдалуды да білдіреді. Киелі кітапта бұл сөздер жиі Мұса Заңы бойынша таза емес, арамдалған жағдайларға қатысты айтылады (М3ж 5:2; 13:45; Мт 10:1; Е.і 10:14; Еф 5:5). ТАЗА БОЛУДЫ қараңыз.
-
Арам; арамейлер.
Шамның ұлы Арам және оның ұрпақтары. Арамейлер Ливан тауларынан Месопотамияға дейін, солтүстіктегі Тавр тауларынан Дамаскіге дейін және одан әрі оңтүстікке созылған өлкені мекен еткен. Бұл өлке еврейше Арам, кейіннен Сирия деп аталған, ал тұрғындары сириялықтар деп аталып кеткен (М1ж 25:20; М5ж 26:5; Ош 12:12).
-
Арамей тілі.
Семит тілді топқа жатады, еврей тіліне ұқсас және әліпбиі бірдей. Бастапқыда бұл тілде арамейлер сөйлеген, кейін Ассирия және Бабыл империяларында сауда-саттық пен қарым-қатынаста қолданылатын халықаралық тілге айналған. Сондай-ақ Персия империясының мемлекеттік тілі болған (Езр 4:7). Езра, Еремия мен Даниял кітаптарының кей бөліктері арамей тілінде жазылған (Езр 4:8—6:18; 7:12—26; Ерм 10:11; Дн 2:4ә—7:28).
-
Ареопаг.
Афина қаласындағы Акропольдің солтүстік-батыс жағындағы төбе. Сол төбеде жиналатын сот кеңесі де осылай аталған. Эпикур мен стоик пәлсапашылары Пауылды Ареопаг төбесіне алып келіп, уағыздап жүрген ілімін түсіндіруді сұраған (Е.і 17:19).
-
Армагеддон.
Еврейше “Хар Мегиддон”, мағынасы “Мегиддо тауы”. Бұл сөз “Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні болатын соғысқа” нұсқайды. Сол күні “жержүзінің патшалары” Ехобаға қарсы шайқасу үшін жиналады (Аян 16:14, 16; 19:11—21). ЗОР АЛАПАТТЫ қараңыз.
-
Асатаяқ.
Киелі кітапта патша билігінің белгісі болған таяқты білдіреді (М1ж 49:10; Ев 1:8).
-
Аспан патшайымы.
Әйел тәңірдің лауазымы. Оған Еремия пайғамбардың кезінде жолдан тайған исраилдіктер табынып кеткен болатын. Кейбіреулердің пайымдауынша, бұл — бабылдықтардың әйел құдайы Иштар (Астарта). Ертедегі шумерлер оны Инанна деп атаған, мағынасы — “Аспан патшайымы”. Ол аспанның ғана емес, құнарлылық пен өсіп-өнудің тәңірі деп те саналған. Мысырлықтардың жазбаларында Астарта “Аспан ханымы” деп те аталған (Ерм 44:19).
-
Астық бастыру; қырман.
Астықтың дәнін сабағы мен қауызынан ажырату үшін таяқпен ұрғылау. Ал көп астықты қырманға жинап, үстінен малға жегілген шанамен не дөңгелектермен айнала жүріп бастырған. Қырман әдетте биіктеу, жел жақсы соғатын ашық алаңда болған (М3ж 26:5; Иш 41:15; Мт 3:12).
-
Аула.
Киелі шатырдың айналасындағы қоршалған ашық алаң, сондай-ақ ғибадатхананың бас ғимаратының айналасындағы дуалмен қоршалған ашық алаң. Құрбандық ошағы киелі шатырдың ауласында, ал кейіннен ғибадатхананың ішкі ауласында тұрған (Ә5, Ә8, Ә11 қосымшасын қараңыз). Киелі кітапта үйлер мен сарайлардың да ауласы жайлы айтылған (М2ж 8:13; 27:9; П1ж 7:12; Ест 4:11; Мт 26:3).
-
Аумин.
“Солай болсын” не “рас” дегенді білдіреді. Бұл — “адал болу, сенімді болу” дегенді білдіретін еврейдің “аман” деген сөзінен шыққан сөз. “Аумин” сөзін қандай да бір антпен, дұғамен не сөздермен келіскенде айтқан. Аян кітабында бұл сөз Исаның лауазымы ретінде қолданылған (М5ж 27:26; Ш1ж 16:36; Аян 3:14).
-
Ахая.
Грек жазбаларында бұл сөз Рим провинциясы болған оңтүстік Грекия аймағына нұсқайды. Астанасы — Қорынт қаласы. Ахая бүкіл Пелопоннес түбегі мен Грекияның орталық бөлігін қамтыған (Е.і 18:12). Ә13 қосымшасын қараңыз.
-
Аштар.
Қанахандықтардың әйел тәңірі; Бағал құдайының әйелі. Аштар соғыс және құнарлылық пен өсіп-өну тәңірі болып есептелген (С1ж 7:3).
-
Ашымаған нан мейрамы.
Исраилдіктердің жыл сайын тойлайтын басты үш мейрамының алғашқысы. Бұл мейрам Құтқарылу мейрамының келесі күні, яғни 15-інші нисанда басталып 7 күнге созылатын. Халық Мысырдан шыққандарын еске алу үшін, ашытқысыз пісірілген нан жеу керек болған (М2ж 23:15; Мр 14:1).
-
Ашытқы.
Қамырды не сұйықтықты ашытатын қасиеті бар зат; әсіресе ашытылған қамырдан алынып қойылған бөлік. Киелі кітапта бұл сөз жиі бейнелі мағынада күнә мен бүлінуді және көзге көрінбей өсу, тарау процесін білдіреді (М2ж 12:20; Мт 13:33; Ғл 5:9).
Ә
-
Әділдік; әділ.
Киелі кітапта бұл ұғым жиі Құдайдың дұрыс пен бұрысқа, жақсы мен жаманға қатысты талаптарына сай болу мағынасында қолданылған (М1ж 15:6; М5ж 6:25; Н.с 11:4; Сф 2:3; Мт 6:33).
-
Әмеңгерлік.
Бастапқыда әдет-ғұрып болған, ал кейін Мұса Заңына енген. Егер адам артынан ұл қалдырмай қайтыс болса, Заңға сай, марқұмның ұрпағын жалғастыру үшін бауыры оның жесіріне үйлену керек болған (М1ж 38:8; М5ж 25:5).
-
Ән-күй жетекшісі.
Зәбүр жырларында қолданылған. Еврей сөзі ән-күйдің орындалуына жетекшілік еткен, леуілік әншілерді дайындап, жаттықтырған, тіпті әндердің жұрт алдында айтылуын ұйымдастырған адамға нұсқаса керек (Зб 4:кіріспе; 5:кіріспе).
-
Әскербасы Ехоба.
Бұл тіркес Әлемнің Билеушісі ретінде Құдайдың қол астында сансыз рухани жаратылыстардың, яғни періштелерден құралған қалың қолдың, бар екеніне нұсқайды (Зб 103:20, 21; Иш 1:24; Ерм 32:17, 18; Рм 9:29).
Б
-
Бағал.
Қанахандықтардың құдайы. Ол аспан иесі, жауын беруші, әрі құнарлылық пен өсіп-өну құдайы деп саналған. Сондай-ақ дәрежесі төмендеу жергілікті құдайларды да “бағал” деп атаған. Еврей сөзінің мағынасы — “ие, қожайын” (П1ж 18:21; Рм 11:4).
-
Бағана.
Тік қойылған тірек не ұстын, я болмаса ұстынға ұқсайтын нәрсе. Кейде бағаналар тарихи оқиғаны еске салып тұру үшін орнатылатын болған. Сүлеймен салған ғибадатхана мен басқа да ғимараттарда бағаналар болған. Жалған дінді ұстанатын халықтар табыну үшін қасиетті бағаналар орнатқан. Кейде исраилдіктер де соларға еліктеген (Би 16:29; П1ж 7:21; 14:23).
-
Бағанаға ілу.
Ежелде кейбір халықтарда қолданылған жазаның түрі. Адамның өлі денесін басқаларға ескерту ретінде не жұрт алдында масқара ету үшін бағанаға ілген. Қатыгездіктерімен белгілі болған ассириялықтар соғыс кезінде қолға түскен тұтқындарын үшкір бағанаға М5ж 21:22, 23; С2ж 21:6, 9). Римдіктер жазаланған адамды бағанаға байлап қоятын. Осылай адам бірнеше күн бойы азаптанып, шөлден, аштықтан не басынан күн өткеннен өлетін. Ал кей жағдайларда, мысалы Исаның жағдайында, адамның аяғы мен қолын бағанаға шегелеп қоятын болған (Лқ 24:20; Жх 19:14—16; 20:25; Е.і 2:23, 36). АЗАП БАҒАНАСЫН қараңыз.
отырғызып, тігінен көтеріп қоятын болған. Ал яһудилердің заңы бойынша, Құдайды балағаттау не пұтқа табыну сияқты аса ауыр күнә жасаған адамды алдымен тас атқылап не басқаша өлтірген, сосын мәйітін бағанаға не ағашқа басқаларға ескерту болсын деп ілген ( -
Бағушы.
Қой-ешкі малын қамқорлықпен бағатын, қорғайтын адам. Бұл сөз бейнелі мағынада Ехобаға қолданылып, қойларға теңелген халқына сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлайтынына назар аударады. Бір мысалында Иса да өзін “ізгі бағушыға” теңеген. Сондай-ақ “бағушы” сөзі Исраилдің билеушілері мен жетекшілеріне, адал болғанына да, болмағанына да қатысты қолданылған (Зб 23:1, 2; Ерм 2:8; 3:15; Жх 10:11).
-
Бағышталудың киелі белгісі.
Алтыннан жасалған жылтыр таспа. Оған еврейше “Киелілік Ехобаға тиесілі” деп ойып жазылған. Бас діни қызметкер киетін сәлденің маңдай тұсына тағылатын болған (М2ж 39:30). Ә5 қосымшасын қараңыз.
-
Бағыштау мейрамы.
Антиох Епифан арамдаған ғибадатхананың тазартылғаны тойланатын жыл сайынғы мейрам. Мейрам кислев айының 25-інен бастап 8 күн тойланған (Жх 10:22).
-
Бақсы-балгерлік (спиритизм).
Өлген адамның тәнінен рухы не аруағы бөлініп шығып, тірі адамдармен тікелей немесе “арқасы бар” адам не бақсы (медиум) арқылы байланысады деген наным. “Бақсы-балгерлікпен айналысу” деп аударылатын гректің “фармакия” сөзі сөзбе-сөз “есірткі қабылдау” дегенді білдіреді. Бұл сөздің спиритизммен байланысты болу себебі — ежелде адамдар жын-перілерді шақырып, олардың күшімен бақсы-балгерлікпен айналысу үшін есірткі қабылдаған (Ғл 5:20; Аян 21:8).
-
Бақылаушы.
Қауымның қамын ойлау, қамқорлау үшін тағайындалған ер адам. “Бақылаушы” деп “қорғау үшін басшылық беру” деген мағынаны беретін гректің “епископос” сөзі аударылды. “Бақылаушы” және “ақсақал” (“пресбитерос”) деген терминдер мәсіхшілер қауымындағы бір міндетке нұсқайды. “Ақсақал” тағайындалған адамның рухани толысқандығына нұсқаса, “бақылаушы” оған жүктелген міндетке нұсқайды (Е.і 20:28; Т1х 3:2—7; Пт1х 5:2).
-
Бас діни қызметкер.
Мұса Заңы бойынша тағайындалатын бас діни қызметкер Құдай алдындағы халықтың өкілі және басқа діни қызметкерлердің бақылаушысы болған. Оны “жоғарғы діни қызметкер” деп те айтқан (Ш2ж 26:20; Езр 7:5). Киелі шатырдың, кейіннен ғибадатхананың Ең қасиетті бөлмесіне соның ғана кіруіне болатын. Ол бөлмеге тек жылына бір рет, Күнәні өтейтін күні, кіретін. “Бас діни қызметкер” деген тіркес Иса Мәсіхке де қатысты қолданылған (М3ж 16:2, 17; 21:10; Мт 26:3; Ев 4:14).
-
Бас жетекші.
Иса Мәсіхтің лауазымы. Бұл оның Құдайға адал адамдарды өлімге душар ететін күнәдан арылтып, мәңгілік өмірге жетелейтін маңызды рөліне нұсқайды (Е.і 3:15; 5:31; Ев 2:10; 12:2).
-
Бас періште.
Бұл сөз Киелі кітапта тек жекеше түрде қолданылған, әрі тек бір ғана бас періште бар екеніне нұсқайды. Сонымен қатар онда бас періштенің аты Микайл екені айтылған (Дн 12:1; Яһ 9; Аян 12:7).
-
Бассауғалайтын қалалар.
Байқаусызда кісі өлтіріп қойған адам кек М4ж 35:6, 11—15, 22—29; Еш 20:2—8).
алушыдан қашып баратын қалалар. Леуіліктерге тиесілі мұндай алты қала болған. Оларды кезінде Ехобаның басшылығымен Мұса пайғамбар, ал кейіннен Ешуа Исраил халқына уәде етілген мекеннің әр жерінен таңдаған болатын. Қашқын сондай қаланың біріне жеткенде, қала ақсақалдары оны жылы қарсы алып, мәселесін қақпа маңында тыңдайтын. Әдейілеп кісі өлтірген адам жазадан құтылып кетпес үшін, кісі өлімі орын алған қалада жүргізілген сотта қашқынның кінәлі-кінәсіз екені тексерілетін. Кінәсіз екені дәлелденсе, ол бассауғалайтын қалаға қайтарылатын да, өмірінің соңына дейін не бас діни қызметкер көз жұмғанша сол қалада қалатын ( -
Бат.
Шамамен 22 л-ге тең сұйықтық өлшем бірлігі. Бұл қазба жұмыстары кезінде табылған бат деген жазуы бар ыдыс сынықтарының көмегімен анықталған. Киелі кітаптағы басқа да өлшемдер баттың шамалап алынған өлшеміне қарай есептеліп шығарылған (П1ж 7:38; Езк 45:14). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Белгі.
Қазіргі не болашақтағы қандай да бір нәрсенің нышаны болып табылатын зат, әрекет, жағдай не ерекше көрініс (М1ж 9:12, 13; П2ж 20:9; Мт 24:3; Аян 1:1).
-
Белзебүл.
Жын-перілердің әміршісі не билеушісі Шайтанға қатысты айтылады. Бұл Бағал-Зебубтің, яғни Екрондағы філістірлердің тәңірі Бағалдың, басқаша айтылған түрі болса керек (П2ж 1:3; Мт 12:24).
-
Билер.
Исраилде патшалар билік еткенге дейін Ехоба өз халқын қорғау үшін тағайындаған ер адамдар (Би 2:16).
-
Бул.
Яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 8-інші, ал шаруашылық күнтізбесінің 2-нші айының атауы. Басты мағынасы — “өнім, жеміс”. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша қазанның ортасынан қарашаның ортасына дейінгі уақытты қамтиды (П1ж 6:38). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Бұғау.
Жазалау үшін қолданылған құрал. Бұғаудың кейбір түрі тек аяққа салынса, басқалары адамның бүкіл денесін иіп, аяқ-қолы мен мойнына салынған (Ерм 20:2; Е.і 16:24).
-
Бұрыштық тас.
Ғимараттың екі қабырғасын біріктіріп тұру үшін, олардың түйіскен жеріне, бұрышына, қойылатын тас. Бұрыштық тас ғимараттың іргетасына және қабырға біріктірілген жердің ең төбесіне қойылатын. Іргетасқа қойылатын бұрыштық тас негізгі бұрыштық тас болған. Көпшілік жиналатын ғимараттар не қала қабырғасын соққанда, әдетте мықты бұрыштық тас қолданылған. “Бұрыштық тас” деген сөз бейнелі мағынада да қолданылады, мысалы, жер шарының негізінің қалануына қатысты айтылғанда. Иса болса мәсіхшілер қауымының, яғни рухани үйдің, “бұрыштық тасына” теңелген (Еф 2:20; Әп 38:6).
Г
-
Гадес.
Гректің бұл сөзі еврейдің “шеол” сөзімен мағыналас, әрі адамның өліміне нұсқайды. КӨРДІ қараңыз.
-
Герах.
Салмағы 0,57 г-ға тең өлшем бірлігі. Шекелдің 1/20 бөлігіне тең болған (М3ж 27:25). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Гермес.
Гректердің құдайы Зевстің ұлы. Листрада жұрт Пауылды құдайлардың хабаршысы әрі шешендіктің құдайы Гермес деп ойлап қалған болатын (Е.і 14:12).
-
Гиттит.
Мағынасы белгісіз музыкалық термин. Еврейдің “гат” сөзінен шыққан көрінеді. Кейбіреулердің ойынша, бұл сөз шарап дайындау кезіндегі әндермен байланысты әуенге нұсқайды, өйткені “гат” сөзі жүзім сығатын орынға нұсқайды (Зб 81:кіріспе).
-
Грек.
Грекия халқы сөйлейтін тілді, грек ұлтын не сол елден шыққан отбасын білдіреді. Грек жазбаларында бұл сөз кең мағынада Жл 3:6; Жх 12:20).
яһуди еместердің бәріне және грек тілі мен мәдениеті ықпал еткен адамдарға қатысты қолданылған (
Ғ
-
Ғалақат.
Иордан өзенінің шығыс жағындағы Ябок аңғарының солтүстігі мен оңтүстігін алып жатқан шұрайлы аумақ. Кейде Исраилдің рубен, ғад және манаса руының жартысы мекендеген Иордан өзенінің шығысындағы өңірге қатысты қолданылған (М4ж 32:1; Еш 12:2; П2ж 10:33). Ә4 қосымшасын қараңыз.
-
Ғибадат төбелері.
Қыр не тау үстіндегі, жасанды биік төбелердегі ғибадат орындары. Төбелер кейде Құдайға ғибадат еткен орын болғанымен, көбінесе жалған тәңірлерге табынатын орындарды білдіреді (М4ж 33:52; П1ж 3:2; Ерм 19:5).
-
Ғибадатхана.
Киелі шатырдың орнын басқан әрі исраилдіктердің мінажат орталығы болған Иерусалимдегі ғимарат. Алғашқы ғибадатхананы Сүлеймен патша салды, бірақ кейін оны бабылдықтар қиратты. Екінші ғибадатхананы Бабыл тұтқындығынан оралған Зоробабел тұрғызды, ал көп жылдан кейін оны Ұлы Ирод қалпына келтірді. Киелі кітапта ғибадатхана жиі “Ехобаның үйі” делінеді (Езр 1:3; 6:14, 15; Ш1ж 29:1; Ш2ж 2:4; Мт 24:1). Ә8, Ә11 қосымшаларын қараңыз.
Д
-
Дагон.
Філістірлердің құдайы. Сөздің шығу тарихы белгісіз, бірақ кейбір ғалымдар бұл сөзді еврейдің “дах” (балық) сөзімен байланыстырады (Би 16:23; С1ж 5:4).
-
Дарик.
Салмағы 8,4 г-ға тең парсылардың алтын тиыны (Ш1ж 29:7). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Даярлық күні.
Демалыс күнінің алдындағы түрлі дайындықтар жасалатын күн. Яһудилердің күні не тәулігі кешке, яғни күн батқанда басталған. Сондықтан біздің жұма күніміздің кешінде яһудилердің Даярлық күні бітіп, Демалыс күні басталған (Мр 15:42; Лқ 23:54).
-
Дәуіттің қаласы.
Дәуіт Ебус қаласын жеңіп, сонда патша сарайын соққаннан кейін қалаға берілген атау. Ол Сион деп те аталды. Сион Иерусалимнің оңтүстік-шығысында орналасқан, әрі қаланың ең ескі бөлігі болған (С2ж 5:7; Ш1ж 11:4, 5).
-
Дәуіттің Ұлы.
Исаға қатысты жиі қолданылатын тіркес. Бұл оның Патшалықтың мұрагері екеніне баса назар аударады. Келісім бойынша бұл мұрагер Дәуіттің әулетінен шығу керек болған (Мт 12:23; 21:9).
-
Декаполис.
Бастапқыда он қаладан құралған грек қалаларының тобы (грекше “дека” — он, “полис” — қала). Бұл қалалардың басым көпшілігі Ғалилея теңізі мен Иордан өзенінің шығысында орналасқандықтан, сол өлке де Декаполис деп аталған. Олар эллиндік мәдениет пен сауда-саттық орталықтары болған. Иса осы өлкемен өткен, бірақ ондағы қалалардың ешқайсысына кірмегенге ұқсайды (Мт 4:25; Мр 5:20). А7, Ә10 қосымшаларын қараңыз.
-
Демалыс күні; Демалыс жылы.
Еврейше “шаббат”. Бұл сөз “тынығу; тоқтау” деген мағынаны білдіреді. Яһудилер үшін демалыс күні аптаның жетінші күні (жұманың күн батқан мезгілінен сенбінің күн батқан мезгіліне дейін жалғасқан) және мейрам күндері болған. Ал демалыс жылы деп 7-нші және 50-інші жылдарды атаған. Демалыс күні ғибадатханадағы діни қызметкерлерден басқа ешкім жұмыс істемеуі керек еді. Ал Демалыс жылы жер жыртылып, егін егілмеген және еврейлер бір-бірінің қарыздарын кешіріп, қайтаруды талап етпеген. Мұса Заңында Демалыс күніне қатысты ақылға қонымды талаптар болған. Алайда діни жетекшілер бірте-бірте өз ережелерін қосып, Исаның заманында Демалыс күнін ұстану халық үшін ауыртпалыққа М2ж 20:8; М3ж 25:4; Лқ 13:14—16; Қл 2:16).
айналған еді ( -
Динар.
Салмағы 3,85 г болатын Римнің күміс тиыны, бір бетінде цезарьдің бейнесі басылған. Бір динар — жалдамалы жұмысшының бір күндік ақысы және яһудилердің римдіктерге “алым-салық” ретінде берген ақшасы (Мт 22:17; Лқ 20:24). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Диірмен тас.
Астық ұнтақтау үшін бірінің үстіне бірі қойылған екі дөңгелек тас. Астыңғы тастың дәл ортасындағы қазыққа үстіңгі тас кигізіліп, айналдырылады. Киелі кітап заманында әрбір үйде дерлік әйелдер қолданатын қолдиірмен болған. Отбасының күнделікті наны қолдиірменге тәуелді болғандықтан, Мұса Заңында қолдиірменді не оның үстіңгі тасын кепілдікке алуға тыйым салынған. Құрылымы осыған ұқсас үлкен диірменнің тасын мал айналдыратын (М5ж 24:6; Мр 9:42).
-
Драхма.
Грек жазбаларында салмағы 3,4 г болған гректің күміс тиынына нұсқайды. Ал Еврей жазбаларында Персия билік құрған уақытта қолданылған алтын драхмаға (1 дарикке тең болған) нұсқайды (Нех 7:70; Мт 17:24). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Дүние.
Грекше “космос”. Бұл сөз 1) жалпы адамзатты, 2) адам өмір сүріп жатқан ортаны, 3) Ехобаның қызметшілерінен бөлек қалың жұртты білдіруі мүмкін (Жх 3:16; 15:19; Қ1х 7:31).
-
Діни қызметкер.
Құдайдың өкілі ретінде қызмет ететін және халыққа Құдай мен оның заңдары туралы білім беретін ер кісі. Сондай-ақ олар Құдай алдында халықтың өкілі ретінде де қызмет етіп, құрбандықтар ұсынған және халық үшін кешірім сұраған, өтініш айтқан. Мұса Заңы енгізілмес бұрын әр отағасы отбасы үшін діни қызметкер болған. Ал Заң берілгеннен кейін бұл қызметті леуі руынан шыққан Харонның әулетіндегі ер адамдар атқарған. Леуі руының қалған ер адамдары олардың көмекшілері болған. Жаңа келісім күшіне енгенде, рухани Исраил діни қызметкерлер халқы, ал Иса Мәсіх бас діни қызметкер болды (М2ж 28:41; Ев 9:24; Аян 5:10).
Е
-
Еврей.
Алғаш рет Ыбырам (Ыбырайым) еврей деп аталып, аморлық көршілерінен ерекшеленді. Кейіннен бұл атау Ыбырайымның немересі Жақыптан тараған ұрпаққа және солар сөйлеген тілге қатысты айтылды. Иса Мәсіхтің заманында еврей тілінде арамей тілінен енген сөздер болған. Бұл тілде Иса мен оның шәкірттері сөйлеген (М1ж 14:13; М2ж 5:3; Е.і 26:14).
-
Евфрат.
Азияның оңтүстік-шығысындағы ең ұзын, ең басты өзен. Месопотамиядағы екі үлкен өзеннің бірі. Алғаш рет бұл атау Едем бағындағы төрт өзеннің бірі ретінде Мұсаның 1-жазбасы 2:14-те кездеседі. Бұл өзен Исраилге берілген жердің солтүстік шегарасы болған (М1ж 15:18; Аян 16:12). Ә2 қосымшасын қараңыз.
-
Едом.
Ысқақтың ұлы Есаудың екінші аты. Есаудың (Едомның) ұрпағы Өлі теңіз бен Акаба шығанағының арасындағы таулы аймақты, Сейір өңірін, мекен еткен. Бұл жер кейін Едом деп аталып кетті (М1ж 25:30; 36:8). Ә3, Ә4 қосымшаларын қараңыз.
-
Едутун.
Мағынасы белгісіз бұл термин Зәбүрдің 39, 62, 77-жырларының кіріспесінде кездеседі. Мұндай кіріспелер зәбүр жырларының орындалуына, бәлкім, айтылу мәнеріне не музыкалық аспабына қатысты басшылық берген болса керек. Едутун есімді леуілік музыкант болған, сондықтан зәбүрдің белгілі бір мәнерде не аспапта орындалуы сол леуілікпен не оның ұлдарымен байланысты болған болуы мүмкін.
-
Елул.
Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті Нех 6:15). Ә15 қосымшасын қараңыз.
күнтізбесінің 6-ншы, ал шаруашылық күнтізбесінің 12-нші айының атауы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша тамыздың ортасынан қыркүйектің ортасына дейінгі уақытты қамтиды ( -
Елуінші күн мейрамы.
Яһудилердің барлық ер адамдары Иерусалимде тойлауы керек болған маңызды үш мейрамның екіншісі. Грек жазбаларында Елуінші күн мейрамы деп, ал Еврей жазбаларында Алғашқы өнім мейрамы не Апталар мейрамы деп аталған. Бұл мейрам нисанның 16-сынан санағанда 50-інші күні өткізілген (М2ж 23:16; 34:22; Е.і 2:1).
-
Елші.
Грекше “апостолос”, негізгі мағынасы “жіберілген”. Басқаларға қызмет етуге жіберілген Исаға және кейбір адамдарға қатысты айтылады. Негізінен бұл сөз Иса өзінің өкілі етіп тағайындаған 12 шәкіртіне қатысты қолданылады (Мр 3:14; Е.і 14:14).
-
Ең қасиетті бөлме.
Киелі шатырдың не ғибадатхананың келісім сандығы қойылған түпкі бөлмесі. Мұса Заңы бойынша, бұл бөлмеге бас діни қызметкерге ғана жылына бір рет, Күнәні өтейтін күні, кіруге рұқсат етілген (М2ж 26:33; М3ж 16:2, 17; П1ж 6:16; Ев 9:3).
-
Ерікті адам.
Рим империясы билік құрған уақытта ерікті болып туылып, сол елдің азаматтығын алған, әрі соған сай құқықтары бар адамды осылай атаған. Құлдықтан босатылған адам да ерікті болған. Ресми түрде босатылған адамға Рим азаматтығы берілетін, бірақ ол мемлекеттік қызметке қабылданбайтын. Ал бейресми азат етілгендері ерікті болғанымен, олардың азаматтық құқықтары шектеулі болған (Қ1х 7:22).
-
Есте сақтау қабірі.
Қайтыс болған адамның сүйегі жатқан жер. Бұл — “есте сақтау” дегенді білдіретін гректің “мнемейон” сөзінің аудармасы. Бұл — өлген адамның есте сақталатынына нұсқайды (Жх 5:28, 29 сілт.).
-
Етаним.
Яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 7-нші, ал шаруашылық күнтізбесінің 1-інші айының атауы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Яһудилер Бабылдан оралған соң бұл тишри деп аталып кеткен (П1ж 8:2). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Ефа.
Көлемі 22 л-ге тең астық өлшейтін ыдыс. Сұйықтық өлшейтін баттың көлеміне тең болған (М2ж 16:36; Езк 45:10). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Ефод.
Діни қызметкерлердің алжапқышқа ұқсайтын киімі. Бас діни қызметкер киетін ефодтың ерекшелігі: алдыңғы жағына 12 асыл тас қондырылған төсқалта тағылған (М2ж 28:4, 6). Ә5 қосымшасын қараңыз.
-
Ефрем.
Жүсіптің екінші ұлы. Кейін оның есімімен Исраилдің бір руы аталды. Исраил екіге бөлінген соң, Ефрем он рудың ішіндегі ең беделдісі болғандықтан, бүкіл он рулы патшалық соның есімімен аталып кетті (М1ж 41:52; Ерм 7:15).
-
Ехоба.
Осы басылымда Жаратушы Құдай есімінің қазақша дыбысталуы. Түпнұсқа жазбаларда бұл есім төрт еврей әрпімен (тетраграмматонмен) берілген. Киелі кітаптың осы аудармасында Ехоба деген есім, Ях деген қысқа түрін есептемегенде, 7000-нан астам рет кездеседі. А4, А5 қосымшаларын қараңыз.
Ж
-
Жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш.
Едем бағында өсіп тұрған бұл ағаштың жемісінде ерекше қасиет болған жоқ. Бұл ағаш Құдайдың адамзат үшін ненің “жақсы”, ненің “жаман” екенін шешу құқын білдірген (М1ж 2:9, 17).
-
Жақып.
Ысқақтың Рабиғадан туылған ұлының есімі. Құдай кейін оған Исраил деген есім беріп, ол Исраил (немесе исраилдіктер, ал кейін яһудилер) деп аталған халықтың түп атасы болды. Исраилдің 12 ұлы болды, Исраил халқын солар және солардан М1ж 32:28; Мт 22:32).
тараған ұрпақ құрады. Исраил халқына қатысты Жақып деген есім де қолданыла беретін ( -
Жан.
Еврейше “нефеш”, грекше “психе”. Бұл сөздің Киелі кітаптағы қолданысын зерттегенде, оның 1) адамды, 2) жан-жануарды, 3) адамның не жан-жануардың өмірін білдіретіні анықталды (М1ж 1:20; 2:7; М4ж 31:28; Пт1х 3:20; сілтемелерін қараңыз). Көп адам “жан” сөзін діни тұрғыдан басқаша түсінгенмен, Киелі кітапта бұл сөз көзге көрінетін, ұстауға болатын және ажалды тіршілік иелеріне қолданылған. Киелі кітаптың бұл аудармасында аталмыш еврей және грек сөздері мәнмәтінге қарай “өмір”, “тіршілік иесі”, “адам”, “жан-тәнімен”, “бар болмысымен” деген сөздермен немесе жай ғана есімдік ретінде (мысалы, “менің жаным” дегеннің орнына “мен”) аударылды. “Жан” сөзінің синонимі кейде сілтемеге берілді. Сонымен, “жан” сөзінің мағынасы мәтінде де, сілтемеде де жоғарыда айтылғандарға сай берілді. Сондай-ақ түпнұсқадағы бұл сөз кейбір мәтінде адамның бір нәрсені бар ынтасын салып, шын жүректен істеуін білдіреді (М5ж 6:5; Мт 22:37). Түпнұсқадағы бұл сөз кейбір мәтінде адамның қалауын не құлқынын да білдіреді (Иш 56:11). Ал кейбір жағдайда өлген адамға не мәйітке нұсқайды (М4ж 6:6; Хаг 2:13).
-
Жаңа туған ай мейрамы.
Яһуди күнтізбесіндегі әр айдың алғашқы күні бас қосып, ерекше құрбандық шалып тойлайтын мейрам. Кейінірек бұл күн маңызды ұлттық мейрамға айналып, еврейлер сол күні жұмыс істемейтін болды (М4ж 10:10; Ш2ж 8:13; Қл 2:16).
-
Жарғақ.
Қойдың, ешкінің не бұзаудың терісін өңдеп жасалған жазу материалы. Бұл папирусқа қарағанда төзімді болған әрі одан Киелі кітап шиыршықтары жасалған. Пауыл Тімөтеден әкелуді өтінген жарғақтарда Еврей жазбаларының кейбір бөліктері жазылса керек. “Өлі теңіз шиыршықтары” деген атпен танымал кейбір қолжазбалар да жарғаққа жазылған (Т2х 4:13).
-
Жаһаннам.
Грекше “геенна”. Ежелгі Иерусалимнің оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы Хенном аңғарының грекше атауынан шыққан (Ерм 7:31). Бұл жер мәйіттер тасталатын орын болатыны жайында пайғамбарлық сөздер айтылған (Ерм 7:32; 19:6). Жаһаннамда жануарлардың не адамдардың тірідей өртелгеніне не азапталғанына қатысты ешқандай айғақ жоқ. Сондықтан бұл сөз адамның жаны мәңгі азапталатын тозақтың бейнесі бола алмайды. Қайта, Иса мен шәкірттері жаһаннам сөзін “екінші өлімге” кесілудің, яғни біржолата жойылудың, бейнесі ретінде қолданған (Аян 20:14; Мт 5:22; 10:28).
-
Жезөкше.
Некеден тыс жыныстық қатынасқа, әсіресе ақша үшін, баратын адам. (“Жезөкше” деп аударылған гректің “порни” сөзінің негізгі мағынасы “сату”.) Жезөкшелікпен жиі әйелдер айналысқан, алайда Киелі кітапта жезөкше еркектер жайлы да айтылған. Мұса Заңында жезөкшелік қатаң айыпталған, әрі олардың алған ақысы Ехобаның киелі үйіне садақа ретінде қабылданбаған. Керісінше, жалған тәңірлердің ғибадатханаларында жезөкшелер табыс көзі болған (М5ж 23:17, 18; П1ж 14:24). Сондай-ақ Киелі кітапта бұл сөз Құдайға ғибадат етеміз дей тұра пұтқа табынған адамдарға, халықтарға не ұйымдарға қатысты бейнелі мағынада қолданылған. Мысалы, Аян кітабында діни ұйымдарды білдіретін “Ұлы Бабыл” жезөкше деп аталған. Себебі билік пен дүние-мүлікке ие болу үшін ол осы дүниенің билеушілерімен тығыз байланыста (Аян 17:1—5; 18:3; Ш1ж 5:25).
-
Жер аудару.
Біреуді өз елінен не үйінен күштеп көшіру. Бұл негізінен жаулап алушылардың тарапынан жасалған. Еврей сөзінің П2ж 17:6; 24:16; Езр 6:21).
мағынасы — “тастап кету”. Исраил тарихында халық екі рет жер аударылды: солтүстік он рулы патшалықты ассириялықтар, кейін оңтүстік екі рулы патшалықты бабылдықтар жер аударды. Екі жағдайда да халықтың тамтығын парсы патшасы Кир елдеріне қайтарған ( -
Жеребе.
Шешім қабылдау үшін қолданылған ағаш не тас түйірлері. Оларды киімнің қатпарына не ыдысқа салып, сілкіп араластыратын. Жерге түскені не қолға ілінгені таңдалған. Жеребені жиі дұға ете отырып тастайтын болған. Тікелей және ауыспалы мағынада бұл сөз “енші” не “үлес” дегенді білдірген (Еш 14:2; Зб 16:5; Н.с 16:33; Мт 27:35).
-
Жоғарғы діни қызметкер.
Еврей жазбаларындағы “бас діни қызметкер” деген лауазымның басқаша атауы. Грек жазбаларында “жоғарғы діни қызметкерлер” діни қызметкерлердің басшыларына, сондай-ақ қызметінен босаған бас діни қызметкерлерге және діни қызметкерлердің 24 тобының басшыларына нұсқаса керек (Ш2ж 26:20; Езр 7:5; Мт 2:4; Мр 8:31).
-
Жоғарғы кеңес.
Яһудилердің Иерусалимдегі жоғарғы соты. Исаның заманында бұл соттың 71 мүшесі болған. Олар бас діни қызметкер мен кезінде осы қызметті атқарғандардан, бас діни қызметкер әулетінің мүшелерінен, ақсақалдардан, рубасылар мен әулетбасыларынан және дін мұғалімдерінен құралған (Мр 15:1; Е.і 5:34; 23:1, 6).
-
Жоқтау; қайғыру.
Киелі кітап заманында белгілі бір уақыт бойы біреуді жоқтау не бақытсыздыққа ұшырағанда қайғыру қалыпты жайт болған. Мұндайда адамдар дауыс көтеріп жылаған, сондай-ақ азалы киім киіп, үсті-басына күл шашқан, киімдерінің өңірін жыртқан, кеуделерін соққылаған. Жерлеу рәсіміне кейде арнайы жоқтаушыларды шақыратын болған (М1ж 23:2; Ест 4:3; Аян 21:4).
-
Жол.
Киелі кітапта бұл сөз Ехобаға ұнамды не ұнамсыз өмір салтына не жүріс-тұрысқа қатысты қолданылған. Исаның ізбасарларының “Жолы” жайлы айтылғанда, бұл олардың Иса Мәсіхке еліктеп, әрі өмір жолын соған деген сенімге негіздегендеріне нұсқайды (Е.і 19:9).
-
Жолдантаюшылық.
Грекше “апостасиа”, сөзбе-сөз “алыста тұру, алшақтау”. Бұл сөз “сатқындық, бас тарту, бүлік шығару” дегенді білдіреді. Грек жазбаларында жолдантаюшылық негізінен шынайы ғибадаттан бас тартқандарға қатысты қолданылған (Н.с 11:9; Е.і 21:21; Сл2х 2:3).
-
Жусан.
Ащы дәмді, өткір иісті шөп. Киелі кітапта жусан бейнелі мағынада қолданылып, азғындықтың, құлдықтың, әділетсіздіктің және жолдантаюшылықтың ащы салдарын білдіреді. Аян 8:11-де “жусан” деп ащы әрі улы сусынды атаған (М5ж 29:18; Н.с 5:4; Ерм 9:15; Ас 5:7).
-
Жұлдызжорамалшы.
Болашақты болжау мақсатымен күннің, айдың және жұлдыздардың қозғалысын зерттейтін адам (Дн 2:27; Мт 2:1).
-
Жұмақ.
Жайқалған әдемі саябақ. Ехоба Құдай алғашқы адам жұбына жаратып берген осындай саябақ Едем деп аталды. Исаның жанындағы азап бағанасында ілінген бір қылмыскерге айтқан сөзінен болашақта жер беті жұмаққа айналатынын білеміз. Қорынттықтарға 2-хат 12:4-те болашақтағы жұмақ жайында, ал Аян 2:7-де көктегі жұмақ жайында айтылса керек (Т.ә 4:13; Лқ 23:43).
-
Жүзім сығатын орын.
Тастан қашап жасалған үлкенді-кішілі екі үлкен астау. Үлкен астауда сығылған жүзім шырыны жіңішке арнамен кіші астауға аққан. Киелі кітапта жүзім сығатын орын Құдайдың сотын бейнелеу үшін де қолданылған (Иш 5:2; Аян 19:15).
-
Жындар.
Табиғаттан тыс күшке ие көзге көрінбейтін зұлым рухани жаратылыстар. “Құдай ұлдары”, “періштелер” М1ж 6:2; Яһ 6) Олар зұлым болып жаратылмаған еді. Нұхтың заманында Ехоба Құдайға мойынсұнбай, Шайтанның бүлігіне қосылды да, өз-өздерін Құдайға жау етті (М5ж 32:17; Лқ 8:30; Е.і 16:16; Жқ 2:19).
деп те аталған (
З
-
Заман.
Грекше “айон”. Бұл сөз қандай да бір оқиғалармен, жайттармен ерекшеленген кезеңге, дәуірге не ғасырға қатысты қолданылады. Сондай-ақ бұл сөз Киелі кітапта дүниеде жаппай орын алып жатқан оқиғалар мен жайттарды және осы дүниеге тән өмір салтын білдіреді (Т2х 4:10). Құдай Мұса Заңын беру арқылы еврейлер үшін белгілі бір өмір салтын қалыптастырды, сондықтан олардың уақытын Исраил не Яһуди заманы деуге болады. Ал Иса Мәсіхтің төлем құрбандығы арқылы Құдай майланған мәсіхшілер қауымын құрып, басқа заманға бастау берді. Бұл заман Заң келісімінде айтылған жайттар жүзеге асатын жаңа дәуірдің басы болды. Ал “заман” сөзі көпше түрде қолданылғанда, әртүрлі құрылымдарға, дүниеде жаппай орын алып жатқан не келешекте орын алатын оқиғаларға нұсқайды (Мт 24:3; Мр 4:19; Рм 12:2; Қ1х 10:11).
-
Заманның ақыры.
Шайтан билеген осы дүниенің жойылуымен бітетін уақыт аралығы. Бұл уақыт Мәсіхтің “осында болуы” делінген кезеңге тура келеді. Мәсіхтің басшылығымен періштелер “зұлымдарды әділдерден ажыратып” алып, жойып жібереді (Мт 13:40—42, 49). Исаның шәкірттері аталмыш кезеңнің “аяқталып қалған” кезі жайлы білгісі келген (Мт 24:3). Иса көкке көтерілер алдында, сол кезеңнің ақырына дейін ізбасарларымен бірге болатынын уәде еткен (Мт 28:20).
-
Заң.
Бұл сөз бас әріппен келгенде, көбіне Мұса Заңына не Киелі кітаптың алғашқы бес кітабына нұсқайды. Кіші әріппен келгенде, Мұса Заңындағы жеке заңдарға не заңның принципіне нұсқайды (М4ж 15:16; М5ж 4:8; Мт 7:12; Ғл 3:24).
-
Зәбүр.
Құдайды мадақтау жырлары. Ғибадат етушілер зәбүр жырларын музыканың сүйемелдеуімен орындаған. Жиі Иерусалимдегі Ехоба Құдайдың ғибадатханасында көпшілік жиналған кезде айтылған (Лқ 20:42; Е.і 13:33; Жқ 5:13).
-
Зевс.
Ежелгі грек құдайларының ең бастысы. Листрада жұрт қателесіп Барнабаны Зевс деп қалған болатын. Листра маңынан табылған көне жазбаларда “Зевстің ұлдары” және “Күн құдайы Зевс” деген үзінділер кездеседі. Кезінде Пауыл Мальта аралынан мінген кеменің тұмсығында “Зевс ұлдары” деген таңба болған. Бұл Зевстің егіз ұлы Кастор мен Поллукске нұсқайды (Е.і 14:12; 28:11).
-
Зив.
Яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 2-нші, ал шаруашылық күнтізбесінің 8-інші айының алғашқы атауы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша сәуірдің ортасынан мамырдың ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Яһуди Талмудында және Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі еңбектерде “ияр” деп аталған (П1ж 6:37). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Зор алапат.
“Алапат” деп аударылған грек сөзі қандай да бір жағдайдың кесірінен қасірет шегуді, азап көруді білдіреді. Иса Иерусалим тұрғындарының басына, ал өзі “салтанатты ұлылықпен” келген кезде, бүкіл адамзаттың басына бұрын-соңды болмаған “зор алапат” түсетіні жайлы айтқан (Мт 24:21, 29—31). Елші Пауыл зор алапатты “Құдайды білмейтіндер мен Иеміз Иса туралы ізгі хабарға мойынсұнбағандарға” қолданатын Құдайдың әділ жазасы ретінде сипаттаған. Аян кітабының 19-тарауында Иса көк әскерін “жыртқыш аңға, жержүзінің патшалары мен олардың әскерлеріне” қарсы алып шығатыны айтылған (Сл2х 1:6—8; Аян 19:11—21). Сондай-ақ Аян кітабында “ұлы жамағаттың” осы алапаттан аман өтетіні айтылған (Аян 7:9, 14). АРМАГЕДДОНДЫ қараңыз.
-
Зұлым.
Құдай мен оның әділ талаптарына қарсы шыққан Шайтан Ібілісті білдіретін атау (Мт 6:13; Ж1х 5:19 сілт.).
И
-
Иеміздің кешкі асы.
Ашытқысыз пісірілген нан мен шараптан тұратын ас. Нан мен шарап Исаның денесі мен қанын бейнелейді. Киелі кітапта мәсіхшілерден Исаның өлген күнін атап өту талап етілгендіктен, бұл кеш орынды түрде “Еске алу кеші” деп те аталады (Қ1х 11:20, 23—26).
-
Иллирия.
Грекияның солтүстік-батысындағы Рим империясына бағынышты аймақ. Пауыл уағыз сапарымен сол аумаққа дейін аралаған. Бірақ ол Иллирияның өзінде уағыздаған ба, әлде жай сол жерге дейін жеткен бе, мұнысы белгісіз (Рм 15:19). Ә13 қосымшасын қараңыз.
-
Ирод.
Рим империясы яһудилердің үстінен тағайындаған билеушілер әулетінің тегі. Алғашқы билеуші — Ұлы Ирод. Ол Иерусалим ғибадатханасын қайта тұрғызуымен және бала кезінде Исаны құртып жіберу үшін, балаларды жаппай қыруға бұйрық беруімен әйгілі болды (Мт 2:16; Лқ 1:5). Ирод Архелай мен Ирод Антипас әкелері Ұлы Ирод билеген аймақтың кей бөліктерін басқаруға тағайындалды (Мт 2:22). Антипас — Исаның үш жарым жылдық қызметі кезінде және Елшілердің істері кітабының 12-тарауына дейін жазылған оқиғалар кезінде билік еткен патша (тетрарх) (Мр 6:14—17; Лқ 3:1, 19, 20; 13:31, 32; 23:6—15; Е.і 4:27; 13:1). Бұдан кейін Ұлы Иродтың немересі І Ирод Агриппа қысқа уақыт билік етіп, Құдайдың періштесі жіберген жазадан көз жұмды (Е.і 12:1—6, 18—23). Оның орнын басқан ұлы ІІ Ирод Агриппа яһудилер Римге қарсы көтеріліске шыққанша билік етті (Е.і 23:35; 25:13, 22—27; 26:1, 2, 19—32).
-
Иродтың жақтастары.
Иродтықтар деп те белгілі болған. Римнің қол астында билік еткен Ирод әулетінің саясатын қолдаған ұлтшылдардың тобы. Кейбір саддукейлер де осы топқа жатса керек. Иродтың жақтастары парызшылдарға қосылып, Исаға қарсы шыққан (Мр 3:6).
-
Исаның осында болуы.
Грек жазбаларындағы кейбір мәнмәтінде бұл тіркес Иса Мәсіхтің Құдай Патшалығының патшасы ретінде таққа отырған кезінен бастап осы дүниенің “соңғы күндерінде” көрінбей билік етуіне нұсқайды. Исаның “осында болуы” деген тіркес келіп, бірден кетіп қалуды емес, ұзақ уақыт аралығын қамтиды (Мт 24:3).
-
Исраил.
Құдайдың Жақыпқа берген есімі. Кейін оның ұрпағының барлығы осылай айтылатын болды. Жақыптың 12 ұлынан тараған ұрпақ жиі Исраил ұлдары, Исраил үйі, Исраил халқы не исраилдіктер деп аталды. Исраил патшалығы екіге бөлінгеннен кейін, он рулы солтүстік патшалық “Исраил” деп аталатын болды. Ал кейін майланған мәсіхшілерге “Құдайдың Исраилі” деген тіркес қолданылды (Ғл 6:16; М1ж 32:28; С2ж 7:23; Рм 9:6).
К
-
Каб.
1,22 л-ге тең өлшем бірлігі; бат өлшемінің шамамен алынған көлеміне негізделіп анықталған (П2ж 6:25). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Кассия.
Даршын тұқымдасына жататын кассия ағашының (“Cinnamomum cassia”) қабығынан жасалған өнім. Ол хош иісті зат ретінде қолданылған және майлау рәсіміне арналған киелі майдың құрамына қосылған (М2ж 30:24; Зб 45:8; Езк 27:19).
-
Кәнизак.
Әдетте күң қыздардан алынатын, дәрежесі төменірек саналатын әйел (М2ж 21:8; С2ж 5:13; П1ж 11:3).
-
Кездесу шатыры.
Бұл Мұсаның шатырына да, шөл далада жасалған алғашқы киелі шатырға да нұсқайды (М2ж 33:7; 39:32).
-
Келістіруші.
Екі арада жүретін татуластырушы адам. Киелі кітапта Мұса пайғамбар Заң келісімінің келістірушісі, ал Иса жаңа келісімнің келістірушісі екені жазылған (Ғл 3:19; Т1х 2:5).
-
Келісім.
Құдай мен адамдардың немесе екі адамның бір нәрсені істеуге не істемеуге сөз байласуы не шарт жасасуы. Кейде келісімнің шартын орындауға бір жақ қана жауапты болған (біржақты келісім негізінен уәде болып табылған). Басқа жағдайда екі жақ та келісімнің шартын орындауға міндеттелген (яғни екіжақты келісім). Киелі кітапта Құдайдың адамдармен жасасқан келісімдерінен басқа, екі адамның, рулардың, ұлттардың не топтардың арасындағы келісімдер жайлы да айтылған. Ұзақ мерзімді келісімдерге Құдайдың Ыбырайыммен, Дәуітпен, Исраил халқымен (Заң келісімі) және Құдайдың Исраилімен (жаңа келісім) жасасқан келісімдері жатады (М1ж 9:11; 15:18; 21:27; М2ж 24:7; Ш2ж 21:7).
-
Келісім сандығы.
Қараған ағашынан жасалып, сырты алтынмен қапталған сандық. Ол алғашында киелі шатырдың, кейіннен Сүлеймен соққан ғибадатхананың Ең қасиетті бөлмесінде тұрды. Алтын қақпағының үстінде бір-біріне қарап тұрған екі керуб періштесінің мүсіні болған. Ішінде Он заң жазылған екі тақташа сақталған (М5ж 31:26; П1ж 6:19; Ев 9:4). Ә5, Ә8 қосымшаларын қараңыз.
-
Кепіл.
Қарызын міндетті түрде қайтаратынын растау үшін берешегі бар адамның қарыз берушіге қалдыратын меншікті заты. Бұған қатысты Мұса Заңында кедей-кепшіктің мүддесін қорғайтын ережелер болған (М2ж 22:26; Езк 18:7).
-
Кереметтер; құдіретті істер.
Адам баласы бұрын-соңды көріп-білмеген, табиғаттан тыс істер мен құбылыстар. Киелі кітапта кейде “белгілер” деген сөз де осындай мағынада қолданылған (М2ж 4:21; Е.і 4:22; Ев 2:4).
-
Керней.
Металдан жасалған үрмелі аспап. Ол әуен ойнау үшін не дабыл беру үшін қолданылған. Ехобаның бұйрығы бойынша, исраилдіктер екі күміс керней жасап, қауымды жинағанда, қосқа жолға шығуға белгі бергенде не шайқасуға шақырғанда қолданған (М4ж 10:2). Олар қой мүйізінен жасалған керней сияқты иілген емес, тік болған. Ғибадатханада музыкалық аспап ретінде қолданылған кернейлер де болған, бірақ олардың пішіні белгісіз. Керней үні бейнелі мағынада айтылып, жиі Ехобаның үкімінің жариялануымен немесе Құдайдың тарапынан жасалатын елеулі жайттармен байланыстырылады (Ш2ж 29:26; Езр 3:10; Қ1х 15:52; Аян 8:7—11:15).
-
Керубтер.
Ерекше міндеттері бар жоғары дәрежелі періштелер. Олар серафтардан бөлек (М1ж 3:24; М2ж 25:19; Иш 37:16; Ев 9:5).
-
Киелі рух.
Құдайдың өз еркін жүзеге асыру үшін қолданатын құдіретті күші. Бұл күштің киелі болу себебі — оның Иесі Ехоба әлемдегі ең таза әрі ең әділ Тұлға. Сондай-ақ осы күш арқылы Құдай өзінің киелі ниетін жүзеге асырады (Лқ 1:35; Е.і 1:8).
-
Киелі шатыр.
Мысырдан шыққаннан кейін исраилдіктер ғибадат ету үшін қолданған тасымалды шатыр. Шатырда Ехобаның халқымен бірге екендігін білдірген келісім сандығы тұрған, әрі құрбандық ұсынатын, ғибадат ететін орын болған. Киелі шатыр кейде “кездесу шатыры” деп те аталған. Шатыр ағаш жақтаулардан құрастырып жасалды. Оның ішкі жабыны сапалы зығыр жіптен тоқылып, бет жағына керубтердің бейнесі кестеленіп түсірілген еді. Шатыр екі бөлмеден тұрды: біріншісі Қасиетті бөлме, екіншісі Ең қасиетті бөлме Еш 18:1; М2ж 25:9). Ә5 қосымшасын қараңыз.
( -
Кислев.
Бабылдан оралғаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 9-ыншы, ал шаруашылық күнтізбесінің 3-інші айының атауы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша қарашаның ортасынан желтоқсанның ортасына дейінгі уақытты қамтиды (Нех 1:1; Зәк 7:1). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Кор.
220 л-ге тең өлшем бірлігі, бұл бат өлшемінің шамамен алынған көлеміне негізделіп анықталған (П1ж 5:11). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Көр.
Мәйітті көметін жер, қабір. Адамның өліміне нұсқайтын еврейдің “шеол”, гректің “гадес” сөздері “көр” деп аударылды. Біраз жерде бұл сөз ауыспалы мағынада қолданылған, әрі бейнелі орынды не әрекетсіз, ес-түссіз күйді білдіреді (М1ж 37:35; Уғ 9:10; Е.і 2:31).
-
Көреген.
Құдай өз еркін түсінуге қабілет берген адам. Басқа адамдарға жасырын жайттарды көріп, түсіне білетін кісі. Осылай аударылған еврей сөзі тікелей де, бейнелі де мағынада “көруді” білдіретін сөзден шыққан. Көреген адамға басқалар қиындықтарына қатысты ақыл-кеңес сұрау үшін келетін (С1ж 9:9).
-
Көріпкел.
Болашақты жору қабілеті бар деп есептелген адам. Киелі кітапта бұлардың қатарына сиқыршылықпен айналысатын абыздар, аруақ шақырушылар, жұлдызжорамалшылар сияқты адамдар жатқызылған (М3ж 19:31; М5ж 18:11; Е.і 16:16).
-
Куәлік тақташасы.
Мұса пайғамбарға берілген, Он заң жазылған екі тас тақташаның басқаша атауы (М2ж 31:18).
-
Күзет.
Күн батқаннан таң атқанға дейінгі (шамамен кешкі 6-дан таңғы 6-ға дейінгі) уақыт аралығының атауы. Билер 7:19-да айтылған “екінші күзет” деген сөзге қарағанда, еврейлер түнгі уақытты үшке бөлгенге ұқсайды (М2ж 14:24). Әр күзет 4 сағаттан тұрған. Иса жерде өмір сүрген кезде яһудилер түнгі уақытты гректер мен римдіктер сияқты, әрқайсысы шамамен 3 сағаттан тұратын 4 күзетке бөлген. Марқа 13:35-те Исаның “таң сәріде” дегені төртінші күзет болса керек (Мт 14:25; Лқ 12:38).
-
Күзетші.
Ежелде күзетшілер жиі түнгі уақытта адамдарды не меншікті күзетіп, қауіп-қатер туғанда дабыл қағып, ескертетін болған. Қала күзетшілері әдетте қала қабырғасының не мұнарасының үстінде тұрып, қалаға қарай кім келе жатқанын бақылайтын болған. Әскери күзетшілерді сақшылар деп атайтын. Күзетшілерге теңелген пайғамбарлар Исраил халқына төнген қауіпті алдын ала ескертіп отырған (П2ж 9:20; Езк 3:17).
-
Күзетші жасақ (преториан гвардиясы).
Рим императорын қорғау үшін жасақталған Рим сарбаздары не оққағарлары. Күзетші жасақ императорды күшейтуге не орнынан түсіруге ықпал ете алатын саяси күшке айналған (Фп 1:13).
-
Күлалғыш қалақ.
Алтыннан, күмістен не мыстан жасалған бұйым. Киелі шатырда және ғибадатханада хош иісті зат түтетуге, құрбандық ошағынан шоқ алуға және алтын шамдалдардың жанған білтесін шығаруға қолданылған. Хош иісті зат түтететін ыдыс деп те аталған (М2ж 37:23; Ш2ж 26:19; Ев 9:4).
-
Күнә.
Еврей және грек тілдерінде “мүлт кету”, яғни нысанаға дәл тигізбеу дегенді білдіреді. Осылайша, күнә деген сөз адамдардың Құдай нормаларына толықтай сай келе алмайтынына нұсқайды (Зб 51:3; Жх 8:34; Рм 5:12).
-
Күнәні өтейтін күн.
Етаним айының 10-ыншы күні өткізілген исраилдіктердің ең маңызды қасиетті күні. Сондай-ақ “Йом Киппур” (еврейше “йом хаккиппурим”, яғни “қақпақтар күні”) деп те аталған. Бас діни қызметкер жылына бір рет осы күні киелі М3ж 23:27, 28).
шатырдың, ал кейіннен ғибадатхананың Ең қасиетті бөлмесіне кіретін. Ол өзінің, басқа леуіліктердің және бүкіл халықтың күнәсі үшін шалынған құрбандықтардың қанын ұсынатын. Сол күні халық қасиетті жиын өткізетін, ораза ұстайтын және ешқандай жұмыс істемей, демалатын болған ( -
Күнәні өтеу.
Еврей жазбаларында бұл ұғым адамдардың Құдайға жақындап, оған ғибадат етуіне мүмкіндік беру үшін әкелінген құрбандықтармен байланысты. Мұса Заңы бойынша халық әсіресе Күнәні өтейтін күні құрбандықтар шалатын болған. Бұл құрбандықтар жеке адамның не бүкіл халықтың күнәкарлығына қарамастан, Құдаймен татуласу үшін шалынатын. Бұл құрбандықтар адамзаттың күнәсін толықтай әрі біржолата өтеп, Құдаймен татуласуға мүмкіндік берген Исаның құрбандығына нұсқаған (М3ж 5:10; 23:27; Қл 1:20; Ев 9:12).
-
Күнә үшін ұсынылатын құрбандық.
Адамның пендешілікпен, абайсызда істеп қойған күнәсі үшін ұсынатын құрбандығы. Күнәсін өтемекші болған кісі жағдайына қарай әртүрлі құрбандық, бұқадан бастап көгершінге дейін, әкелетін болған (М3ж 4:27, 29; Ев 10:8).
-
Күркелер мейрамы.
Бұл мейрам “Сабантой мейрамы” деп те аталған. Мейрам етаним айының 15—21 күндері, исраилдіктер егін жинаған соң тойланған. Мейрам кезінде халық қуанып, мол астық бергені үшін Ехобаға алғыс білдіретін. Мейрам күндері жұрт күркелерде не бастырмаларда тұратын, осылайша Мысырдан шыққандарын есіне алатын. Ер адамдардан осы және тағы екі мейрамды Иерусалимге барып тойлау талап етілген (М3ж 23:34; Езр 3:4).
-
Кіріспе.
Зәбүр жырларының бас жағында кездеседі. Онда жырдың жазушысына, жазылу тарихына және мақсатына қатысты мәлімет бар. Сондай-ақ орындалуына байланысты музыкалық басшылық берілген (Зб 3; 4; 5; 6; 7; 30; 38; 60; 92; 102 кіріспе).
Қ
-
Қайта тірілу.
Өлімнен өмірге оралу. Қайта тірілу деп аударылған гректің “анастасис” сөзі “тұру; көтерілу” дегенді білдіреді. Киелі кітапта тоғыз адамның қайта тірілгені жайлы жазылған, солардың бірі — Ехоба тірілткен Иса Мәсіх. Басқалары Ілияс, Еліше, Иса, Петір және Пауыл сияқты адамдардың қатысуымен қайта тірілтілген, бірақ бұл ғажайыптың Құдайдың құдіретімен жасалғаны анық. Құдайдың ниеті бойынша, “әділдер де, әділетсіздер де” жер бетіне қайта тіріледі (Е.і 24:15). Сондай-ақ Киелі кітапта Исаның киелі рухпен майланған бауырларының көкте өмір сүру үшін қайта тірілетіні жазылған. Бұл “алғашқы” не “бірінші” қайта тірілу деп аталады (Фп 3:11; Аян 20:5, 6; Жх 5:28, 29; 11:25).
-
Қайыр-садақа.
Садақа мұқтаж адамдарға көмектесу үшін беріледі. Еврей жазбаларында бұл жайлы тікелей ештеңе айтылмаса да, Мұса Заңында кедейлер жайлы исраилдіктерге арнайы нұсқаулар берілген (Мт 6:2).
-
Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән.
Зәбүрдің 120—134 жырларының кіріспесінде кездесетін тіркес. Бұл сөздердің мағынасына қатысты пікір көп. Дегенмен көпшілік осы 15 жырдың ежелде исраилдіктердің ғибадат ету үшін жыл сайынғы үш мейрамды тойлау мақсатымен Иерусалимге көтеріліп бара жатқанда қуанышпен айтқан әні деп есептейді. Себебі қала Яһудея таулы өңірінің биік жерінде орналасқан болатын.
-
Қанахан.
Нұхтың немересі, Хамның төртінші ұлы. Қанаханнан 11 ру тарады. Олар Жерорта теңізінің шығысын бойлай Мысыр мен Сирия аралығындағы өлкені мекен етті. Содан бұл өлке “Қанахан жері” деп аталып М3ж 18:3; М1ж 9:18; Е.і 13:19). Ә4 қосымшасын қараңыз.
кетті ( -
Қарғыс.
Біреудің не бір нәрсенің жамандыққа ұшырайтынын жариялау не айту. Қарғысты балағат сөздермен не ашу үстінде айтылған сөздермен шатастырмау керек. Көп жағдайда қарғыс жамандық болатынын ресми түрде не алдын ала жариялауды білдіреді. Ал егер Құдайдың немесе оның өкілінің тарапынан айтылса, қарғыстың пайғамбарлық мәні мен күші болған (М1ж 12:3; М4ж 22:12; Ғл 3:10).
-
Қарыс.
Алақанды жазған кездегі бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері. Бір шынтақ 44,5 см-ге тең болса, бір қарыстың ұзындығы 22,2 см болады (М2ж 28:16; С1ж 17:4). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Қасиетті; киелі.
Ехобаға тән қасиет. Бұл моральдық жағынан кіршіксіз таза күйді білдіреді (М2ж 28:36; С1ж 2:2; Н.с 9:10; Иш 6:3). Ал адамға (М2ж 19:6; П2ж 4:9), малға (М4ж 18:17), затқа (М2ж 28:38; 30:25; М3ж 27:14), жерге (М2ж 3:5; Иш 27:13), уақыт аралығына (М2ж 16:23; М3ж 25:12) және іс-әрекетке (М2ж 36:4 сілт.) қатысты айтылғанда, “киелі, қасиетті” деп аударылған бұл еврей сөзі бөлектеп алу, ерекше болу, киелі Құдайға бағыштау, яғни Ехобаға арналған қызмет үшін бөлектеп алу, деген мағына береді. Грек жазбаларында да бұл сөздер Құдайға арнап бөлектеп алу деген мағына береді. Сондай-ақ жеке адамның жүріс-тұрысының таза болуына қатысты қолданылады (Мр 6:20; Қ2х 7:1; Пт1х 1:15, 16).
-
Қасиетті ағаш бағана.
Еврей сөзі (“ашера”) 1) қанахандықтар табынған құнарлылық пен өсіп-өнудің әйел тәңірі Ашераны білдіретін қасиетті бағанаға, 2) Ашераның мүсінінің өзіне нұсқайды. Мұндай бағаналар тігінен орнатылатын, әрі кем дегенде, жартылай ағаштан жасалған болса керек. Қасиетті ағаш бағана кесіп-жонылмаған бөрене не тіпті өсіп тұрған ағаш болуы да мүмкін (М5ж 16:21; Би 6:26; П1ж 15:13).
-
Қасиетті бөлме.
Киелі шатырдың не ғибадатхананың Ең қасиетті бөлмесінің алдындағы үлкенірек бөлме. Киелі шатырдағы Қасиетті бөлмеде алтын шамдал, алтын құрбандық үстелі, нан тартуы қойылатын үстел мен алтын құрал-жабдықтар тұрған. Ал ғибадатханадағысында алтын құрбандық үстелі, он алтын шамдал және нан тартуы қойылатын он үстел тұрған (М2ж 26:33; Ев 9:2). Ә5, Ә8 қосымшасын қараңыз.
-
Қасиетті құпия.
Құдай ниетіне кіретін қандай да бір жайт. Құдай оны өз уақыты келгенде және өзі таңдаған адамдарға ғана ашады (Мр 4:11; Қл 1:26).
-
Қасиетті қызмет.
Құдайға ғибадат етумен тікелей байланысы бар іс не жұмыс (Рм 12:1; Аян 7:15).
-
Қасиетті тас бағана.
Тігінен орнатылған бағана. Бағалдың не басқа жалған тәңірлердің фаллостық (еркек жыныс мүшесінің) бейнесі болса керек (М2ж 23:24).
-
Қауыз.
Астықты бастырып, ұшырғанда дәннен бөлінетін жұқа қабық. Киелі кітапта қауыз сөзі бейнелі мағынада түкке тұрғысыз не жарамсыз нәрсенің бейнесі ретінде қолданылады (Зб 1:4; Мт 3:12).
-
Қауым.
Белгілі бір мақсатпен не бірлесіп әрекет ету үшін жиналған бір топ адам. Еврей жазбаларында бұл сөз негізінен Исраил халқына нұсқайды. Ал Грек жазбаларында мәсіхшілердің жекеленген қауымдарына, көп жағдайда бүкіл мәсіхшілер қауымына нұсқайды (П1ж 8:22; Е.і 9:31; Рм 16:5).
-
Қол қою.
Адамның үстіне қол қою оның арнайы қызметке тағайындалатынын, сондай-ақ оған бата берілетінін, сауықтырылатынын не киелі рухқа кенелетінін білдірген. Кейде құрбандыққа шалмас бұрын малдың да басына қол қоятын болған М2ж 29:15; М4ж 27:18; Е.і 19:6; Т1х 5:22).
( -
Құдай Патшалығы.
Құдайдың бүкіләлемдік билігінің өкілі Иса Мәсіхтің қолына берілген үкімет (Мт 12:28; Лқ 4:43; Қ1х 15:50).
-
Құдай Ұлы.
Бұл — бейнелі тіркес. Тіршілік атаулыға өмір берген Құдай өз жаратылыстарын “ұлым” деп атауға құқылы. “Құдай Ұлы” деген тіркес негізінен Иса Мәсіхке қатысты қолданылып, оның Құдайдың жаратылысы әрі Құдайға тән қасиеттерге ие екеніне нұсқайды. Сондай-ақ араларындағы тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударады. Періштелер мен Адам ата да бейнелі мағынада осылай аталған (Әп 1:6; Лқ 3:38). Көкте Иса Мәсіхпен бірге билік ету үшін таңдалған адамдар жайлы да “Құдайдың балалары” делінген (Рм 8:14—17). Құдайдың өкілі ретінде жерде оның билігін жүзеге асырған Исраилдің билері болса “Құдай Тағаланың ұлдары” деп аталған (Зб 82:6).
-
Құдайға шын берілгендік.
Ехоба Құдайдың бүкіләлемдік билігіне адал болып, Ехобаны терең қастерлеуді, оған ғибадат етуді, қызмет етуді білдіреді (Т1х 4:8; Т2х 3:12).
-
Құмырашы.
Сазбалшықтан түрлі қыш ыдыстар, құмыралар жасайтын шебер. Еврейше бұл сөз “қалыптастырушы” дегенді білдіреді. Құмырашының сазбалшықтан өзі қалаған затты жасауға билігі бар. Сондықтан бұл жиі Ехоба Құдайдың жеке адамдарға және халықтарға жүргізетін билігінің мысалы ретінде қолданылады (Иш 64:8; Рм 9:21).
-
Құрбандық.
Адам ризашылық білдіргенде, күнәсін мойындағанда, Құдаймен қарым-қатынасын қалпына келтіргісі келгенде, Құдайға құрбандық ұсынған. Әбілден бастап адамдар өз еріктерімен Құдайға мал құрбандықтарымен қоса, түрлі құрбандықтар ұсынған. Ал кейіннен құрбандық әкелу Мұса Заңы келісімінің талабы болды. Иса өз өмірін кемелді құрбандық ретінде қиғаннан кейін, мал құрбандығының қажеті болмады. Дегенмен бүгінде мәсіхшілер Құдайға рухани құрбандықтар ұсынады (М1ж 4:4; Ев 13:15, 16; Ж1х 4:10).
-
Құрбандық орны.
Үстінде құрбандық шалу үшін балшықтан не үлкен тастардан қалап жасалған платформа не тұғыр (М1ж 8:20; Би 6:24).
-
Құрбандық ошағы.
Киелі шатырдың, кейін ғибадатхананың ауласына қойылған мыс ошақ. Ошақта ғибадат кезінде шалынған құрбандықтар өртелетін болған (М2ж 27:1; 39:39; М1ж 8:20; Ш2ж 4:1) Ә5, Ә8 қосымшаларын қараңыз.
-
Құрбандық ошағының не үстелінің мүйіздері.
Құрбандық ошағының не үстелінің төрт бұрышынан шығып тұрған шошақтар (М3ж 8:15; П1ж 2:28). Ә5, Ә8 қосымшаларын қараңыз.
-
Құрбандық үстелі.
Ағаштан жасалып, сырты алтынмен қапталған кішкене үстел. Үстел киелі шатырдың, кейін ғибадатхананың алдыңғы бөлмесінде тұрған. Оның үстінде хош иісті заттар түтетілетін (М2ж 39:38; П1ж 6:20; Лқ 1:11). Ә5 қосымшасын қараңыз.
-
Құтқарылу мейрамы.
Исраилдіктер Мысыр құлдығынан босағандарын атап өту үшін жыл сайын абиб (кейін нисан) айының 14-інші күні тойлаған мейрам. Мейрам кезінде тоқты (не ешкі) сойып, етін отқа қақтап пісіріп, ащы шөптермен және ашытқысыз пісірілген нанмен жеген (М2ж 12:27; Жх 6:4; Қ1х 5:7).
-
Қызмет көмекшісі.
Грекше “диаконос”, жиі “қызметші” деп аударылады. “Қызмет көмекшісі” деген тіркес қауым ақсақалдарына жәрдемдесетін адамдарға нұсқайды. Бұл міндетті атқару үшін ер адам Киелі кітаптағы талаптарға сай болу керек (Т1х 3:8—10, 12).
-
Қылмыс.
Орнатылған заңды бұзушылық, заңнан аттап кету. Киелі жазбаларда “күнә” сөзінің синонимі М2ж 23:21; Зб 51:3).
ретінде де қолданылады ( -
Қысқаш.
Алтыннан жасалған құрал. Оны киелі шатырдағы және ғибадатханадағы шамдарды сөндіруге қолданған (М2ж 37:23).
Л
-
Ладан.
Шайырлы ағаштардың не бұталардың кепкен шырыны (сағыз тәріздес болған). Жанғанда жұпар иіс шығарады. Киелі шатырда және ғибадатханада қолданылған хош иісті заттың құрамына кірген. Сондай-ақ ладан астық тартуымен бірге ұсынылған және Қасиетті бөлмедегі нан тартуының үстіне қойылған (М2ж 30:34—36; М3ж 2:1; 24:7; Мт 2:11).
-
Левиафан.
Көп жағдайда суда тіршілік ететін қандай да бір жануарға байланысты қолданылады. Әйүп 3:8 бен 41:1-де қолтырауынды не суда мекендейтін үлкен әрі күшті су жануарын, ал Зәбүр 104:26-да киттің бір түрі жайында айтылса керек. Қалған жерлерде бұл сөз бейнелі мағынада қолданылған және ешқандай жануарға нұсқамайды (Зб 74:14; Иш 27:1).
-
Лепта.
Грек жазбаларында айтылған яһудилердің мыс не қола тиыны. Кейбір Киелі кітаптарда “ұсақ тиын” деп аударылған (Мр 12:42 сілт.; Лқ 21:2 сілт.). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Леуі; леуілік.
Жақыптың Лиядан туылған үшінші ұлы және содан тараған рудың аты. Леуінің үш ұлынан тараған үш әулет леуілік діни қызметкерлерді құрады. Кейде “леуіліктер” деп бүкіл руды атаған, бірақ Харонның діни қызметкерлер әулеті әдетте бұлай аталмайтын. Леуі руына Уәде етілген елден мұралы үлес берілген жоқ, бірақ басқа руларға бөлінген аймақтардан 48 қала берілді (М5ж 10:8; Ш1ж 6:1; Ев 7:11).
-
Ливан тау жотасы.
Ливан жеріндегі тау тізбегінің құрамына кіретін екі тау жотасының бірі. Ливан жотасы батыста, ал Антиливан жотасы шығыста орналасқан. Бұл екеуінің арасында үлкен әрі шұрайлы аңғар жатыр. Ливан тау жотасы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Орташа биіктігі 1800—2100 м. Ежелде Ливанда маңайындағы елдер жоғары бағалаған биік қарағайлар көптеп өскен (М5ж 1:7; Зб 29:6; 92:12). Ә7 қосымшасын қараңыз.
-
Лог.
Киелі кітапта қолданылған ең кіші сұйықтық өлшем бірлігі. Яһуди Талмудында 1 лог хиннің 1/12 бөлігі екені айтылған. Осыны ескерер болсақ, 1 лог 0,31 л-ге тең деуге болады (М3ж 14:10). Ә14 қосымшасын қараңыз.
М
-
Майлау; май жағу рәсімі.
Адамға не қандай да бір затқа май жағу оны арнайы қызметке бағыштаудың рәсімі болған. Грек жазбаларында майлау сөзі көктегі өмірге таңдалғандарға киелі рухтың төгілуіне қатысты қолданылған (М2ж 28:41; С1ж 16:13; Қ2х 1:21).
-
Македония.
Грекияның солтүстігіндегі өлкенің атауы. Македония — Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонскийдің) тұсында көпке танымал әрі Рим басып алғанға дейін тәуелсіз болған өлке. Елші Пауыл алғаш рет Еуропаға сапарға шыққанда, Македония Рим провинциясы болған. Бұл аймаққа Пауыл үш рет келген (Е.і 16:9). Ә13 қосымшасын қараңыз.
-
Малхам.
Аммондықтардың бас құдайы Молек пен Малхам бір құдайдың аты болуы мүмкін (Сф 1:5). МОЛЕКТІ қараңыз.
-
Манна.
Исраилдіктердің 40 жыл бойы шөл далада жеген негізгі азығы. Ехоба берген манна демалыс күнінен басқа күндердің бәрінде таңертең шық кепкен соң ғажайып түрде пайда болатын. Исраилдіктер мұны алғаш көргенде “Бұл не?” (еврейше “Ман ху?”) деп сұраған (М2ж 16:13—15, 35). Басқа мәнмәтінде бұл “көктің тамағы” (Зб 78:24), “көктің наны” (Зб 105:40), “мықтылардың наны” (Зб 78:25) деп сипатталған. Иса манна сөзін бейнелі мағынада да қолданған (Жх 6:49, 50).
-
Маржан.
Маржан (коралл, грекше korallion) — теңізде тіршілік ететін ұсақ жануарлардың қаңқасынан түзелген тас сияқты қатты зат. Оның қызыл, ақ, қара сияқты түстері бар. Маржандар әсіресе Қызыл теңізде көптеп кездеседі. Киелі кітап заманында қызыл маржан жоғары бағаланған. Одан моншақ және басқа да әшекейлер жасалған (Н.с 8:11).
-
Масақ теру.
Орақ кезінде қалып қойған не әдейі қалдырылған астық сабақтарын жинап алу. Мұса Заңы бойынша, адамдар егіндіктерінің шетін ормауы және зәйтүн не жүзімнің өнімін түгел теріп алмауы керек еді. Өйткені Құдай кедей-кепшіктерге, бейшараларға, жатжерліктерге, жетім-жесірлерге танапта қалған масақты теруге құқық берген (Рут 2:7).
-
Маскил.
Бұл сөз Зәбүр жырларының кіріспесінде 13 рет кездеседі. Еврей сөзі “толғаныс жыры” деген мағынаны білдіруі мүмкін. Кейбіреулердің пікірінше, бұл сөз формасы жағынан ұқсас, әрі “қызметті зерделілікпен атқару” деп аударылған сөзбен мағыналас (Ш2ж 30:22; Зб 32:кіріспе).
-
Махалат.
Музыкалық термин болса керек; 53-інші және 88-інші зәбүр жырларының кіріспесінде кездеседі. Сөздің өзі “әлсіреу, сырқаттану” дегенді білдіретін еврей етістігімен түбірлес болса керек. Сондықтан бұл термин мұңды, көңілсіз әуенге нұсқайды, әрі осы екі жырдың мазмұнына сәйкес келеді.
-
Мәжілісхана.
Грекше “синагоге”, мағынасы — “жинау, жиын”. Яһудилердің Киелі жазбаларды оқуға, тәлім алуға, уағыздауға және дұға етуге арналған ғимараты немесе орны. Исаның кезінде Исраилдің шағын қалаларында біреуден, ал үлкен қалаларында бірнеше мәжілісханадан болған (Лқ 4:16; Е.і 13:14, 15).
-
Мәсіх.
Еврейше “машиах”, мағынасы — “майланған”; грекше “христос”. Май жағу рәсімі біреуді ресми түрде қандай да бір қызметке тағайындауды білдірген. Бұл сөз лауазым ретінде Исаға да қатысты қолданылады (С2ж 22:51; Ш1ж 16:22; Дн 9:25; Мт 1:16; Жх 1:41).
-
Мәсіхке қарсы шығушы.
Осылай аударылған грек сөзі Мәсіхке қарсы шығатындарды білдіреді, сондай-ақ бұл сөз жалған Мәсіхті, яғни өзін Мәсіхтің орнына қоятын адамды да білдіруі мүмкін. Мәсіхтің өкілімін не Мәсіхтің өзімін деп жалған айтатын, я болмаса Мәсіх пен оның шәкірттеріне қарсы шығатын адамдарды, ұйымдарды және топтарды Мәсіхке қарсы шығушылар деуге болады (Ж1х 2:22).
-
Мәсіхші.
Құдайдың Иса Мәсіхтің ізбасарларына берген атауы (Е.і 11:26; 26:28).
-
Меродах.
Бабыл қаласының бас құдайы. Бабылдың патшасы мен заң шығарушысы Хаммурапи Бабыл қаласын империяның астанасы еткен соң, адамдар Меродахты (не Мардукты) маңыздырақ санайтын болды. Ақырында ол басқа құдайлардың орнын басып, Бабылдың бас құдайына айналды. Кейінірек Меродахтың (не Мардуктың) аты “Белу” (“Қожайын”) деп өзгертілген соң, “Бел” деп аталып кетті (Ерм 50:2).
-
Мес.
Ешкінің не қойдың бітеу терісінен жасалған ыдыс. Исраилдіктер оны шарап сақтау үшін қолданған. Шарапты жаңа меске құятын, себебі ашығанда көмір қышқыл газы бөлініп, месті керген. Жаңа мес жақсы керіле береді. Ал ескі мес қаттырақ болатындықтан, шарап ашығанда, қысымға шыдамай жарылып кететін (Еш 9:4; Мт 9:17).
-
Мидия; мидиялықтар.
Япшінің ұлы Мадайдан шыққан халық. Олар Мидия елі деп аталып кеткен Иран таулы үстіртінде мекен еткен. Мидиялықтар Бабылмен одақтасып, Дн 5:28, 31; Е.і 2:9). Ә9 қосымшасын қараңыз.
Ассирияны жаулап алды. Сол уақытта Персия Мидияға бағынышты аймақ болатын. Бірақ Кир бас көтергеннен кейін Мидия мен Персия бірігіп, б. з. б. 539 жылы Жаңа Бабыл империясын күйретті де, Мидо-Персия империясын құрды. Б. з. 33 жылы Иерусалимде Елуінші күн мейрамын тойлағандардың арасында мидиялықтар да болған ( -
Милком.
Аммондықтардың тәңірі, Молек құдайы болса керек (П1ж 11:5, 7). Сүлеймен патша билігінің соңына таман осы жалған тәңірге ғибадат ететін төбелер жасаған. МОЛЕКТІ қараңыз.
-
Милло.
Дәуіт қаласының географиялық не құрылыстық бір ерекшелігі. Бұл қала қабырғаларын сүйеп тұру үшін терасса іспетті не басқаша етіп жасалған құрылыс болуы мүмкін (С2ж 5:9; П1ж 11:27).
-
Миль.
Арақашықтық өлшем бірлігі. Грек жазбаларының түпнұсқасында бір-ақ рет кездеседі. Матай 5:41-дегі бұл сөз 1479,5 м-ге тең римдік мильге нұсқаса керек. Ал Лұқа 24:13-те және Жохан 6:19; 11:18-дегі сөз ежелгі стадий өлшем бірлігінен алынса керек. Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Мина.
Салмақ өлшемі мен ақша бірлігінің атауы. Езекиел кітабында “мане” деп те аталған. Археологиялық айғақтарға негізделсек, 1 мина 50 шекелге, ал 1 шекел 11,4 г-ға тең, Еврей жазбаларындағы 1 мина 570 г-ға тең. Патша сарайының стандартты шынтақ өлшемі болғаны сияқты, стандартты мина өлшемі де болған. Грек жазбаларында салмағы 340 г болған мина 100 драхмаға тең еді. Ал 60 мина 1 талантқа тең болған (Езр 2:69; Лқ 19:13). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Михтам.
Еврейдің бұл сөзі Зәбүрдің алты жырының кіріспесінде кездеседі (Зб 16; 56—60). Мағынасы белгісіз бұл термин “жазба” деген сөзбен байланысты болуы мүмкін.
-
Мойынағаш; мойынтұрық.
Мойынағаш — мойынға салып жүк көтеруге арналған ағаш құрал. Мойынтұрық — арба, соқа тартатын өгіздердің не басқа малдың мойнына салатын ағаш құрал. Киелі кітапта осылай аударылған еврей сөзі ауыспалы мағынада да қолданылып, біреуге құл не бағынышты болуды, қысым көруді, азап шегуді білдіреді. Ал оны сындыру құлдықтан, езгіден, қанаушылықтан босауды бейнелейді (М3ж 26:13; Ерм 27:8; 28:2 Мт 11:29, 30).
-
Молек.
Аммондықтардың тәңірі. Малхам, Милком және Молох — бәрі осы тәңірге нұсқаса керек. Молек белгілі бір тәңірдің аты емес, лауазым болуы мүмкін. Молек тәңіріне баласын құрбандыққа шалған әркім Мұса Заңы бойынша өлім жазасына лайық болған (М3ж 20:2; Ерм 32:35; Е.і 7:43).
-
Молох.
МОЛЕКТІ қараңыз.
-
Мөр.
Қандай да бір заттағы мөр (әдетте сазға не балауызға басылған) оның шынайылығын, біреудің меншігі екенін не қандай да бір келісім жасалғанын білдірген. Ежелде мөр қатты заттан (тас, піл сүйегі не ағаш) жасалып, бетіне қандай да бір әріптер не кескін ойылып салынатын. Киелі кітапта мөр ауыспалы мағынада қандай да бір нәрсенің шынайы, біреуге тиесілі, жасырын не құпия екенінің белгісі болған (М2ж 28:11; Нех 9:38; Аян 5:1; 9:4).
-
Мөрлі жүзік.
Саусаққа тағатын не жіпке байлап, бәлкім, мойынға тағатын мөрдің түрі. Бұл патшаның не шенеуніктің билігінің белгісі болған (М1ж 41:42). МӨРДІ қараңыз.
-
Мут-лаббен.
Бұл термин Зәбүрдің 9-ыншы жырының кіріспесінде кездеседі. Қалыптасқан түсінік бойынша, бұл сөздің мағынасы — “ұлдың өлімі жайлы”. Кейбіреулердің ойынша, бұл сөз белгілі бір танымал әуеннің атауы не кіріспе сөздері болуы мүмкін. Аталмыш Зәбүр жыры бұл әуенге сай айтылған болса керек.
-
Мұса Заңы.
Б. з. б. 1513 жылы Синай шөлінде Исраил халқына Мұса пайғамбар арқылы берілген Ехобаның Заңы. Киелі кітаптың алғашқы бес кітабы да жиі Заң делінген (Еш 23:6; Лқ 24:44).
-
Мүйіз.
Жануарлардың мүйізі. Мүйіз су не май құятын ыдыс, сиясауыт, сондай-ақ косметикалық заттар сақтайтын ыдыс ретінде қолданылған. Сонымен қатар ол музыкалық не белгі беретін аспап ретінде де қолданылған (С1ж 16:1, 13; П1ж 1:39; Езк 9:2). Ауыспалы мағынада “мүйіз” сөзі күшке, бағындыруға және жеңіске қатысты жиі қолданылған (М5ж 33:17; Мих 4:13; Зәк 1:19).
-
Мүр.
Хош иісті шайыр. Ол коммифора (Commiphora) тұқымдасына жататын тікенді бұталар мен кішкентай ағаштардан алынатын. Мүр май жағу рәсіміне арналған киелі майдың құрамына кірген. Ол киім мен төсекке хош иіс беру үшін қолданылған. Сондай-ақ оны массаж жасауға арналған майға және денені ылғалдандыратын лосьонға қосқан. Сонымен қатар мүр мәйітті жерлеуге дайындағанда да қолданылған (М2ж 30:23; Н.с 7:17; Жх 19:39).
Н
-
Назареттік.
Назарет қаласынан шыққан Исаны осылай деп атаған. Бұл Ишая 11:1-дегі “өскін” деген мағынадағы еврей сөзімен байланысты болса керек. Кейіннен бұл атау Исаның ізбасарларына да қатысты айтылды (Мт 2:23; Е.і 24:5).
-
Назир.
Бұл еврей сөзі “таңдап алынған”, “бағышталған”, “бөліп алынған” дегенді білдіреді. Кейбіреулер назир болуды өз еркімен таңдаса, басқаларын Құдай тағайындаған. Белгілі бір уақыт аралығына назир болғысы келген әйел не ер адам Ехобаға ерекше ант берген. Мұндайларға басты үш талап қойылатын: ішімдік пен жүзім өнімдерінен бас тарту; шашты қырықпау; мәйітке жоламау. Ал Құдай тағайындаған адамдар өмір бойы назир болып қала берген. Ехоба мұндай адамдарға ерекше талаптар қойған (М4ж 6:2—7; Би 13:5).
-
Нан тартуы.
Киелі шатырдың, ал кейіннен ғибадатхананың Қасиетті бөлмесіндегі үстелге алты-алтыдан екіге бөлініп қойылған он екі күлше нан. “Құдайға тарту ретінде ұсынылған нандар” деп те аталады. Оларды Демалыс күні жаңа піскен нандармен ауыстырып отырған. Ал үстелден алынған күлшелерді тек діни қызметкерлер жеген (Ш2ж 2:4; Мт 12:4; М2ж 25:30; М3ж 24:5—9; Ев 9:2). Ә5 қосымшасын қараңыз.
-
Нард.
Ашық қызыл түсті нард өсімдігінен (Nardostachys jatamansi) алынған қымбат хош иісті май. Бұл өте қымбат май болғандықтан, оны жиі арзандау басқа майлармен араластырған, тіпті жасанды нард майы жасалатын болған. Сондықтан Марқа мен Жоханның Исаға жағылған майдың “таза нард” болғанын айтқаны көңіл қоярлық жайт (Мр 14:3; Жх 12:3).
-
Нетиндер.
Исраилдік емес ғибадатхана қызметшілері. Бұл еврей сөзінің мағынасы — “табыс етілгендер”. Бұл олардың ғибадатханада қызмет етуге табыс етілген адамдар екеніне нұсқайды. Нетиндердің көпшілігі кезінде Ешуа “құрбандық орны үшін отын жинап, су тасуға” тағайындаған гибеондықтардың ұрпағы болса керек (Еш 9:23, 27; Ш1ж 9:2; Езр 8:17).
-
Нефилимдер.
Адамдардікіндей тәнмен жерге келген періштелер мен кәдімгі әйелдерден туылған ұл балалар. Олар жер бетін Топан су қаптағанға дейін өмір сүрген (М1ж 6:4).
-
Нехилот.
Мағынасы белгісіз бұл сөз Зәбүрдің 5-жырының кіріспесінде кездеседі. Осы сөздің түбірі еврейдің “халил” (сыбызғы) сөзінің түбірімен ұқсас болғандықтан, үрмелі аспапқа нұсқайды деген пікір бар. Алайда бұл музыкалық шығарманың атауы да болуы мүмкін.
-
Нисан.
Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 1-інші, ал шаруашылық күнтізбесінің 7-нші айы абибке берілген жаңа атау. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың ортасынан сәуірдің ортасына дейінгі уақытты қамтиды (Нех 2:1). Ә15 қосымшасын қараңыз.
О
-
Омер.
2,2 л-ге не ефаның 1/10 бөлігіне тең келетін өлшем бірлігі (М2ж 16:16, 18). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Оникс.
Жартылай асыл тас; ақықтың қатты түрі немесе халцедонның жолақты түрі: қара, қоңыр, қызыл, сұр не жасыл түстердің арасына ақ жолақ түседі. Бұл тас бас діни қызметкердің киімі безендірілгенде қолданылған (М2ж 28:9, 12; Ш1ж 29:2; Әп 28:16).
-
Оннан бір бөлік.
Діни мақсатта міндетті түрде берілетін садақа не төлем (Млх 3:10; М5ж 26:12; Мт 23:23). Мұса Заңы бойынша исраилдіктер жинаған өнімдерінің, отар-табындарындағы жаңа туылған төлдердің оннан бір бөлігін жыл сайын леуіліктерге беріп, олардың қызметін қолдап отырған. Леуіліктер болса өздеріне тиген бөліктің оннан бір бөлігін Харонның ұрпағынан шыққан діни қызметкерлерге берген. Бұдан басқа да мақсатта қолданылатын “оннан бір бөлік” болған. Бүгінде мәсіхшілерден оннан бір бөлікті беру талап етілмейді.
-
Ораза.
Белгілі бір уақытқа ас-ауқаттан бас тарту. Исраилдіктер Күнәні өтейтін күні, қайғырған кезде не Құдайдың басшылығына мұқтаж болған кездері ораза ұстаған. Яһудилер өз тарихында орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты жылына төрт рет ораза ұстаған. Мәсіхшілерден ораза ұстау талап етілмейді (Езр 8:21; Иш 58:6; Лқ 18:12).
-
Отты көл.
“Күкірт жанып жатқан” бұл отты көл — бейнелі мағынада айтылған тіркес. Ол “екінші өлім” деп те сипатталады. Бұл көлге ісіне өкінбеген күнәкарлар, Ібіліс, тіпті өлім мен көр де тасталады. Көзге көрінбейтін рухани жаратылыс, өлім және көр отта жанбайтындықтан, отты көл мәңгі азапталуды емес, біржолата жойылуды білдіреді (Аян 19:20; 20:14, 15; 21:8).
Ө
-
Өзен аңғары.
Жаңбырлы маусымға дейін құрғап жататын аңғар, су арнасы, сай-сала. Бұл сөз ағын судың өзіне қатысты да қолданылады. Кейбір өзен аңғарлары тек көктемде ғана суға толатын. “Өзен аңғары” деген тіркес кей мәнмәтіндерде “аңғар” деп аталған (М1ж 26:19; М4ж 34:5; М5ж 8:7; П1ж 18:5; Әп 6:15).
-
Өкіну.
Киелі кітапта бұл сөз адамның ой қалпын өзгертуімен қатар, бұрынғы өмір салты, бұрыс қылықтары не бір нәрсені істемегені үшін шын жүректен опынуды білдіреді. Адамның шынайы өкінгені жүріс-тұрысының өзгергенінен көрінеді (Мт 3:8; Е.і 3:19; Пт2х 3:9).
-
Өлшеуіш таяқ.
Ұзындығы алты шынтақ. Қалыпты шынтақпен өлшегенде 2,67 м, ұзын шынтақпен 3,11 м (Езк 40:3, 5; Аян 11:1). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Өмір сыйлайтын ағаш.
Едем бағында өскен ағаш. Киелі кітап бұл ағаштың жемісінде өмір беретін қасиет болған деген ойға нұсқамайды. Құдайдың бұл ағаштың жемісінен жеуге рұқсат беруі адам үшін мәңгі өмір сүретінінің кепілі болған (М1ж 2:9; 3:22).
-
Өрескелдік.
Грекше “аселгиа”. Бұл сөз Құдайдың заңдарын аяқасты етуге, сондай-ақ адамның бейбастақ, арсыз мінез-құлқына нұсқайды. Бұл сөз билікті сыйламауды, тіпті заң-талаптарды менсінбеуді білдіреді. Бұл сөздің болмашы қателіктерге қатысы жоқ (Ғл 5:19; Пт2х 2:7).
П
-
Пайғамбар.
Құдайдың жүзеге асыратын істерін жұртқа ашып отырған Ас 3:7; Пт2х 1:21).
адам. Пайғамбарлар болашақ жайттарды ғана емес, Ехоба Құдайдың тәлімдерін, бұйрықтарын, үкімдерін айтып, оның өкілі ретінде әрекет еткен ( -
Пайғамбарлық.
Құдай рухының жетелеуімен айтылған хабар. Бұл Құдай еркінің аян болуын не жұртқа жариялануын білдіреді. Пайғамбарлықта өнегелік тәлім-тәрбие берілуі, сондай-ақ Құдайдың бұйрығы не үкімі, болашақтағы жайттар айтылуы мүмкін (Езк 37:9, 10; Дн 9:24; Мт 13:14; Пт2х 1:20, 21).
-
Папирус.
Су жағасында өсетін бұл қамыс текті өсімдік себет, ыдыс және қайық жасауда қолданылған. Сондай-ақ одан жазуға арналған қағаз тәріздес материал мен шиыршықтар жасалатын болған (М2ж 2:3 сілт.).
-
Парызшылдар.
Б. з. І ғасырындағы иудаизм дінінің танымал сектасы. Олар діни қызметкерлер ұрпағы болмаған, бірақ Мұса Заңының талаптарын майда-шүйдесіне дейін ұстанып, ауызша әдет-ғұрыптардың маңыздылығын Заңның деңгейіне дейін көтерген (Мт 23:23). Олар грек мәдениетінің кез келген әсеріне қарсылық көрсететін, әрі Заң мен әдет-ғұрыптарды жақсы білгендіктен беделді болған (Мт 23:2—6). Парызшылдардың кейбірі Жоғарғы кеңестің мүшесі болған. Олар Демалыс күні мен әдет-ғұрыптарды ұстануға және күнәкармен, салықшылармен араласуға қатысты мәселелерде жиі Исаға наразылық білдірген. Ал кейбіреулері, мысалы тарстық Саул, кейіннен Мәсіхтің шәкірті болған (Мт 9:11; 12:14; Мр 7:5; Лқ 6:2; Е.і 26:5).
-
Пәле.
Еврей жазбаларында бұл сөз Ехоба жаза ретінде жіберген апат, індетті білдіреді, әрі солай аударылды. Ал Грек жазбаларында ұшы түйілген не дойыр қамшымен сабау жазасын білдіреді (М4ж 16:49; Жх 19:1).
-
Перғауын.
Мысыр патшаларының лауазымы. Киелі кітапта келесі бес перғауынның есімі аталған: Шұшақ, Со, Тиргак, Нехо, Хопра. Ал Ыбырайым, Мұса және Жүсіппен жүздескен перғауындардың, сондай-ақ басқа да перғауындардың есімі аталмаған (М2ж 15:4; Рм 9:17).
-
Персия; парсылар.
Елдің және халықтың атауы, жиі мидиялықтармен бірге айтылады. Бұл екі халық туыстас болса керек. Алғашында парсылар Иран үстіртінің тек оңтүстік-батыс жағын алып жатқан. Ұлы Кирдің тұсында (кейбір ежелгі тарихшылардың айтуынша оның әкесі парсы, ал анасы мидиялық болған) парсылар мидиялықтардан үстем болып, империя қос халықтың империясына айналды. Б. з. б. 539 жылы Кир Бабыл империясын жеңген соң, яһудилерге отандарына қайтуға рұқсат берді. Персия империясы шығыстағы Үнді өзенінен батыстағы Эгей теңізіне дейін созылып жатты. Б. з. б. 331 жылы Ескендір Зұлқарнайын Персияны жеңгенге дейін, яһудилер солардың қол астында болды. Персияның империя болатыны жайлы Даниял пайғамбар аян алған болатын. Сондай-ақ бұл империя жайлы Езра, Нехемия және Естер кітаптарында да сөз етіледі (Езр 1:1; Дн 5:28; 8:20). Ә9 қосымшасын қараңыз.
-
Періштелер.
Еврейше “малах” және грекше “аггелос”. Екеуінің де тікелей мағынасы — “хабаршы”. Бұл сөз хабаршы қызметін атқарған рухани жаратылыстарға қатысты қолданылғанда “періштелер” деп аударылады (М1ж 16:7; 32:3; Лқ 7:27; Аян 22:8). Періштелер құдіретті рухани жаратылыстар, оларды Құдай адам баласына дейін ұзақ уақыт бұрын жаратқан. Киелі кітапта олар “он мыңдаған қасиеттілер”, “Құдай ұлдары” және “таңғы жұлдыздар” деп те аталған (М5ж 33:2 сілт.; Әп 1:6; 38:7). Періштелерге өздері сияқты ұрпақ әкелу қабілеті берілмеген, олардың әрқайсысы жеке-жеке жаратылған. Киелі кітапта жүз миллионнан аса періште бар екені айтылған (Дн 7:10). Сондай-ақ әрқайсысының есімі мен өзіндік қасиеттері бар тұлға екені айтылған. Олар кішіпейіл, ешкімнің өздеріне ғибадат еткенін қаламайды, тіпті көбісі өз есімдерін айтпауды дұрыс көреді (М1ж 32:29; Лқ 1:26; Аян 22:8, 9). Періштелердің дәрежелері мен атқаратын міндеттері әртүрлі. Мысалы, олар Ехобаның тағының алдында қызмет етеді, оның хабарын жеткізеді, Ехобаның жердегі қызметшілеріне көмектеседі, Құдайдың үкімін жүзеге асырады және ізгі хабарды уағыздау ісінде қолдау көрсетеді (П2ж 19:35; Зб 34:7; Лқ 1:30, 31; Аян 5:11; 14:6). Болашақтағы Армагеддон шайқасында Исаның жағында болады (Аян 19:14, 15).
-
Пим.
Ежелгі салмақ өлшем бірлігі және темір құрал-сайманды қайрау үшін філістірлер белгілеген құн. Қазба кезінде табылған бірнеше кіртаста еврей қарпімен “пим” деген жазу болған. Тастардың орташа салмағы 7,8 г, бұл шамамен 1 шекелдің 2/3 бөлігі (С1ж 13:20, 21). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Префект.
Бабыл мемлекетінің сатраптан кейінгі лауазымды мемлекет қызметкері. Киелі кітапта префектердің Бабыл патшасының сарайындағы данышпандардың басшысы болғаны жазылған. Мидиялық патша Дарийдің тұсында да префектер болған (Дн 2:48; 6:7 сілт.).
-
Проконсул.
Рим Сенатына бағынышты аймақтың әміршісі. Сот ісінде және әскери салада билігі болған. Оның істерін Сенат қадағалап отырғанмен, өз аймағында ең жоғарғы билікке ие болған (Е.і 13:7; 18:12 сілт.).
-
Пурим.
Адар айының 14, 15-інші күндері тойланған мейрам. Бұл күні яһудилер Естер патшайымның кезінде жойылудан аман қалғандарын атап өткен. Еврей сөзінен шықпаған “пурим” сөзінің мағынасы “жеребе”. Пурим немесе Жеребе мейрамының бұлай аталу себебі: кезінде Хаман яһудилерді жоятын күнді белгілеу үшін жеребе тастаған болатын (Ест 3:7; 9:26).
-
Пұт; пұтқа табынушылық.
Табыну үшін қолданылған кез келген нәрсенің (кейде ойдан шығарылған бірдеңенің) мүсіні не бейнесі. Пұтқа табынушылық — пұттарды жақсы көру, қастерлеу, алдарында бас ию (Зб 115:4; Е.і 17:16; Қ1х 10:14).
-
Піл сүйегі.
Киелі кітапта қолданылған бұл сөз ақ бозғылт түсті пілдің ғана емес, сусиыр (бегемот) мен сойдақтістілердің (морждың) да сүйегіне не тістеріне нұсқайды (П1ж 10:18; Ас 3:15; Аян 18:12).
Р
-
Рақым.
Грек жазбаларында “рақым” деп аударылған грек сөзінің негізгі мағынасы — “тартымды, жағымды”. Бұл сөз жиі шын көңілмен берілген сыйдың өзіне де, сыйдың шын көңілмен берілуіне де нұсқайды. Құдайдың рақымы жайлы айтылғанда, бұл сөз Құдайдың сыйды өз қалауымен, есесіне ештеңе күтпей, жомарттықпен беретініне нұсқайды. Демек, Құдайдың рақымы оның адамзатқа танытатын жомарттығын, мол сүйіспеншілігі мен мейірімін білдіреді. Сондай-ақ бұл грек сөзі “ықылас түсіру”, “жомарт сый-тарту” деген сөздермен де аударылды. Бұл сөздер сый алушының сый алуға лайық екенін не еңбек сіңіргенін емес, берушінің мәрттігін көрсетеді (Қ2х 6:1; Еф 1:7).
-
Рахаб.
Әйүп, Зәбүр және Ишая кітаптарында бейнелі мағынада қолданылған сөз (Ешуа кітабында айтылған Рахаб есімді әйелмен шатастырмау керек). Әйүп кітабында бұл сөздің теңіз құбыжығына нұсқайтынын мәнмәтінінен түсінуге болады. Ал басқа кітаптарда бұл теңіз құбыжығы Мысырдың бейнесі ретінде қолданылған (Әп 9:13; Зб 87:4; Иш 30:7; 51:9, 10).
-
Ризашылық құрбандығы.
Қамқорлығы мен айнымас сүйіспеншілігі үшін Құдайды мадақтау ниетімен әкелінген татулық құрбандығы. Құрбандыққа шалынған малдың етін ашытқысыз да, ашытқымен де пісірілген нанмен жеген. Бірақ етті келесі күнге қалдырмау керек болған (Ш2ж 29:31).
-
Рух.
Еврейше “руах”, грекше “пнеума”. Көп жағдайда “рух” деп аударылған бұл сөздердің бірнеше мағынасы бар. Олардың барлығына ортақ бір нәрсе бар: көзге көрінбейді, сөйтсе де бар екені күштің әрекетінен байқалады. Сонымен, еврей және грек сөздері мынаған нұсқайды: 1) жел, леп; 2) жердегі жаратылыстардың бойындағы өмір күші; 3) адамның іс-әрекетіне қозғау салатын бейнелі жүрегі не ішкі күші; 4) көзге көрінбейтін әлемнен келген хабар; 5) рухани жаратылыстар және 6) Құдайдың құдіретті күші не киелі рухы (М2ж 35:21; Зб 104:29; Мт 12:43; Лқ 11:13; Ж1х 4:1 сілт.).
С
-
Сағат.
І ғасырда яһудилердің күндізгі уақыты күн шыққан кезден басталып 12 сағатқа созылған. Иса: “Күндізгі уақыт 12 сағатқа созылмай ма?”— деген (Жх 11:9). Бұл біздің уақытымызбен шамамен таңғы 6-да басталған (Мт 20:3, 5, 6, 8, 12; Е.і 3:1; 10:9).
-
Саддукейлер.
Иудаизм дінінің танымал сектасы. Ол бақуатты ақсүйектерден және ғибадатханадағы іс-шараларға билігі жүрген діни қызметкерлерден құралған болатын. Саддукейлер парызшылдардың ауызша әдет-ғұрыптары мен кейбір ілімдерін мойындамаған. Олар қайта тірілуге және періштелердің бар екеніне сенбеген. Сондай-ақ Исаға қарсылық көрсеткен (Мт 16:1; Е.і 5:17; 23:8).
-
Сайсағыз.
Тазарту рәсімі жасалғанда қан не су бүрку үшін қолданылған бұтақшалары мен жапырақтары тығыз орналасқан өсімдік. Бұл майоран өсімдігі (Origanum maru; Origanum syriacum) болуы мүмкін. Жохан 19:29-да майоранның шоғы қонақ жүгерінің (Sorghum vulgare) сабағына байланған болса керек. Себебі қышқыл шарапқа батырылған сорғышты Исаның аузына апару үшін өсімдіктің сабағы ұзын болу керек еді (М2ж 12:22; Зб 51:7 сілт.).
-
Сақпан.
Былғарыдан, малдың сіңірінен, қамыстан не қылдан өрілген таспа. Сақпанның бір ұшын қолға не білекке байлаған. Кеңдеу етіп жасалған орта бөлігіне тас салып, үйіріп тұрып екінші ұшын ағытып жібергенде, тас алысқа ұшқан. Ежелде сақпаншыларды әскерге жалдайтын болған (Би 20:16; С1ж 17:50).
-
Самария.
Шамамен екі жүз жыл бойы он рулы солтүстік Исраил патшалығының астанасы және бүкіл аймақтың атауы болды. Бұл қала Самария деп аталған тауда бой көтерген еді. Исаның кезінде Самария деп Ғалилея мен Яһудеяның аралығында жатқан аймақты атады. Иса бұл аумақта уағыз айтпаған, бірақ өтіп бара жатып, жол-жөнекей кездескен тұрғындарымен кейде әңгімелескен. Кейбір самариялықтар киелі рухқа кенелгенде, Петір Патшалықтың екінші бейнелі кілтін қолданған болатын (П1ж 16:24; Жх 4:7; Е.і 8:14). Ә10 қосымшасын қараңыз.
-
Самариялықтар.
Алғашында солтүстіктегі он рулы патшалықтағы исраилдіктер осылай аталды. Ал б. з. б. 740 жылы ассириялықтар Самарияны жаулап алған соң, сонда жер аударылған жатжерліктер де самариялықтар деп атала бастады. Исаның заманында бұл атаудың ұлттық не саяси мағынасынан гөрі, діни мағынасы басымырақ болып, ежелгі Сихем мен Самария аумағындағы иудаизмнен өзгеше ілімдерді ұстанған діни сектаның мүшелеріне нұсқады (Жх 8:48).
-
Сатрап.
Бабыл және Персия империяларындағы өлке әміршілері. Езр 8:36; Дн 6:1).
Сатраптарды бас билеуші етіп патша тағайындайтын болған ( -
Сауыт-сайман.
Сарбазды қорғайтын дулыға, сауыт, белдік, балтырлық және қалқан сияқты саймандар. “Сарбазды қорғайтын дулыға” (С1ж 31:9; Еф 6:13—17).
-
Сәлде, шалма.
Басқа орайтын мата. Бас діни қызметкердің сәлдесі сапалы зығыр матадан болатын, ал маңдай тұсына көк жіппен алтын таспа байланатын. Патшалар шалманы тәждің астынан ораған. Ал Әйүп бұл сөзді бейнелі мағынада қолданып, өзінің әділдігін шалмаға теңеген (М2ж 28:36, 37; Әп 29:14; Езк 21:26).
-
Сеа.
Көлемі 7,33 л-ге тең өлшем бірлігі. Бат өлшемінің шамамен алынған көлеміне негізделіп анықталған (П2ж 7:1). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Секта.
Қандай да бір ілімге не жетекшіге қатты берілген әрі өз нанымдарын ұстанатын адамдар тобы. Бұл сөз иудаизмнен бөлініп шыққан танымал екі ағымға, парызшылдар мен саддукейлерге, қатысты қолданылған. Кезінде мәсіхшілерді де “секта” не “назареттіктер сектасы” деп атаған, өйткені иудаизмнен бөлініп шықты деп ойласа керек. Кейінірек мәсіхшілер қауымынан да бөлініп шыққан секталар пайда болды. Мысалы, Аян кітабында “Николас сектасы” атап өтілген (Е.і 5:17; 15:5; 24:5; 28:22; Аян 2:6; Пт2х 2:1).
-
Села.
Зәбүр жырлары мен Абақұқ кітабында кездесетін термин. Бұл айтылып жатқан әнде не музыкада, я болмаса екеуінде де жасалған кідіріс болуы мүмкін. Мұндай кідіріс ой жүгірту үшін немесе жырда айтылған сөздердің астарындағы сезімге салмақ беру үшін жасалған болса керек. “Села” сөзі Грек Септуагинтінде “диапсалма” деп аударылған, мағынасы — “музыкалық интерлюдия”, яғни шығарма бөлімдерінің арасында орындалатын шағын музыкалық пьеса (Зб 3:4; Абқ 3:3).
-
Серафтар.
Ехобаның көктегі тағының айналасында тұрған рухани жаратылыстар. “Серафим” деген сөзінің мағынасы — “лаулап тұрғандар” (Иш 6:2, 6).
-
Серт құрбандығы.
Берілген сертпен байланысты әкелінетін ерікті құрбандық (М3ж 23:38; С1ж 1:21).
-
Сиван.
Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 3-інші, ал шаруашылық күнтізбесінің 9-ыншы айы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша мамырдың ортасынан маусымның ортасына дейінгі уақытты қамтиды (Ест 8:9). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Сион; Сион тауы.
Иерусалимнің оңтүстік-шығыс жағындағы төбенің аты. Алғашында бұл төбеде ебустіктердің Ебус қаласының қамалы болған. Дәуіт патша оны басып алған соң, өзіне патша сарайын соғып, оны “Дәуіт қаласы” деп атады (С2ж 5:7, 9). Дәуіт киелі сандықты сол жерге әкелген кезден бастап, Сион тауы Ехоба үшін қасиетті болды. Кейінірек бұл атау ғибадатхана тұрған Мория тауына, ал кейде бүкіл Иерусалим қаласына да қатысты айтылды. Грек жазбаларында Сион сөзі жиі ауыспалы мағынада қолданылады (Зб 2:6; Пт1х 2:6; Аян 14:1).
-
Сирия; сириялықтар.
АРАМ; АРАМЕЙЛЕРДІ қараңыз.
-
Сирт.
Ливияның (солтүстік Африка) жағалауындағы суы таяз екі үлкен шығанақ. Судың көтерілуі мен қайтуынан теңіз астындағы құм үнемі жылжып отыратындықтан, ежелдегі теңізшілер мұндай жерлерден аулақ жүретін (Е.і 27:17). Ә13 қосымшасын қараңыз.
-
Соңғы күндер.
Бұл тіркес Киелі кітап пайғамбарлықтарында қандай да бір тарихи оқиғалардың шарықтау шегіне жету уақытына нұсқайды (Езк 38:16; Дн 10:14; Е.і 2:17). Пайғамбарлықтың мазмұнына қарай, бұл уақыт бірнеше не одан көп жылды қамтуы мүмкін. Киелі кітапта бұл тіркес әсіресе осы зұлым заманның “соңғы күндеріне”, Исаның көзге көрінбей “осында болатын” кезіне, қатысты қолданылған (Т2х 3:1; Жқ 5:3; Пт2х 3:3).
-
Сот күні.
Белгілі бір топтың, халықтың немесе жалпы адамзаттың Құдай алдында есеп беретін ерекше күні не кезеңі. Сол кез кейбіреулер үшін өлімге лайық деп табылып, жазаланатын уақыт болуы мүмкін. Ал кейбіреулер үшін құтқарылып, мәңгі өмір сүруге жол ашылуы мүмкін. Иса Мәсіх пен оның елшілері айтқан болашақтағы “Сот күні” тірі адамдарға ғана емес, өліп кеткен адамдарға да қатысты болмақ (Мт 12:36).
-
Стадий.
Ұзындық өлшем бірлігі, 185 м-ге тең, римдік мильдің 1/8 бөлігі (Лқ 24:13; Аян 21:16). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Стоик пәлсапашылары.
Грек пәлсапашыларының мектебі. Олар бақыттың көзі ақылмен және табиғатпен үйлесімділікте өмір сүру деп сенген. Азаптануға да, рақаттануға да бейжай қарайтын адамды олар нағыз дана адам деп есептеген (Е.і 17:18).
-
Сұйық тарту.
Құрбандықтардың басым көпшілігімен бірге ұсынылатын және құрбандық ошағына құйылатын шарап тартуы. Пауыл бұл сөзді мәсіхші бауырластарына өзін аямай қызмет етуге дайын екенін көрсету үшін бейнелі мағынада қолданған (М4ж 15:5, 7; Фп 2:17).
-
Сүлеймен бағаналары.
Исаның кезіндегі ғибадатхананың шығыс жағында дәліз тәріздес етіп орнатылған бағаналар. Көпшілік оларды Сүлейменнің ғибадатханасынан қалған деп есептеген. Ол жерде Исаның “қыс мезгілінде” болғаны және ертедегі мәсіхшілердің жиналғаны белгілі (Жх 10:22, 23; Е.і 5:12). Ә11 қосымшасын қараңыз.
-
Сүндеттеу.
Ер адамның жыныс мүшесінің терісінің ұшын айналдыра кесіп алып тастау. Бұл Ыбырайым мен оның ұрпақтарына қойылған талап болған. Бірақ мәсіхшілерден сүндеттелу талап етілмейді. Киелі кітаптың біраз жерінде “сүндеттеу” сөзі бейнелі мағынада қолданылады (М1ж 17:10; Қ1х 7:19; Фп 3:3).
Т
-
Тағала.
Мағынасы — “ең биіктегі, ең жоғарғы дәрежелі”. “Тағала” — Ехобаның бәрінен жоғары тұрған дәрежесіне назар аударатын лауазым (Зб 83:18). Бұл сөз алғаш рет Мұсаның 1-жазбасы 14:18—20 кездеседі. Онда Мәліксадықтың “Алла Тағаланың діни қызметкері” екені және осы міндетке сай Ыбырайымға батасын беріп, “Алла Тағаланы” мадақтағаны айтылған. Бұл лауазым “Құдай”, “Алла” сөздерімен тіркесіп келеді (М5ж 32:8; Дн 7:25; Зб 78:56; Е.і 7:48).
-
Таза болу.
Киелі кітапта бұл сөз тек тән тазалығын емес, кінәратсыз, кіршіксіз күйді, сондай-ақ моральдық не рухани жағынан бұзатын, ластайтын нәрселерден аулақ болуды білдіреді. Мұса Заңында діни тұрғыдан таза болуға нұсқайды (М3ж 10:10; Зб 51:7; Мт 8:2; Қ1х 6:11).
-
Талант.
Еврейдің ең үлкен салмақ өлшемі мен ақша бірлігінің атауы. 1 талант 34,2 кг-ға тең. Ал гректің 1 таланты шамамен 20,4 кг болған (Ш1ж 22:14; Мт 18:24). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Таммуз.
1) Жалған тәңірдің есімі. Жолдан тайған еврей әйелдері Иерусалимде соны жоқтап жылаған. О баста Таммуз бір патшаның есімі болған, өлгеннен кейін тәңір деп есептеліп кеткен деген пікір бар. Шумер жазбаларында “Таммуз” “Думузи” деп аталған, сондай-ақ ол құнарлылық пен өсіп-өнудің әйел тәңірі Инаннаның (бабылдықтарда Иштар) жары не ашынасы деп берілген (Езк 8:14). 2) Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 4-інші, ал шаруашылық күнтізбесінің 10-ыншы айының атауы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша маусымның ортасынан шілденің ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Таңғы жұлдыз.
Күн шығар алдында шығыс көкжиектен көрінетін жалғыз жұлдыз. Сондықтан оны жаңа күннің хабаршысы деп білген (Аян 22:16; Пт2х 1:19).
-
Тарсис кемелері.
Алғашында ежелгі Тарсиске (қазіргі Испания) сапар шегетін кемелерді осылай атаған. Кейінірек бұл атау ұзақ сапарға төзімді үлкен кемелерге қатысты қолданылып кетсе керек. Исраилдің патшалары Сүлеймен мен Жосафат мұндай кемелерді сауда-саттық мақсатында қолданған (П1ж 9:26; 10:22; 22:48).
-
Тартар.
Грек жазбаларында бұл сөз Нұхтың заманындағы Құдайға мойынсұнбаған періштелердің масқара болғанын, қапастағыдай күйге түскенін білдіреді. Петірдің 2-хаты 2:4-те “күнә жасаған періштелер” тасталған “тартар” ежелгі грек аңыздарындағы Тартарға (яғни кіші құдайларға арналған жер астындағы түрме не қапасқа) нұсқамайды. Құдай бұл періштелерді көктегі мәртебелі орындарынан қуып, төмендеткенін, олардың Құдайдың рухани нұрынан ажырап, саналарын қараңғылық басқанын көрсетеді. Сондай-ақ қараңғы қапас олардың ақырын, яғни билеушілері Шайтан Ібіліспен бірге біржола жойылатынын білдіреді. Сонымен, тартар бүлікші періштелердің ең төмен, масқара күйіне нұсқайды. Бірақ бұл — Аян 20:1—3 айтылған “түпсіз тұңғиықтан” бөлек ұғым.
-
Татуластыратын құрбандық.
КҮНӘНІ ӨТЕУДІ қараңыз.
-
Татуластыру қақпағы.
Келісім сандығының қақпағы. Оның алдына бас діни қызметкер Күнәні өтейтін күні шалынған құрбандықтың қанын бүркитін болған. Еврей тілінің етістігі “(күнәні) жабу” немесе “(күнәні) сүртіп тастау” дегенді білдіреді. Қақпақ толығымен алтыннан жасалған еді, ал екі шетіне екі керуб орнатылған болатын. Кейде оны жай ғана “қақпақ” деп те атаған (М2ж 25:17—22; Ш1ж 28:11; Ев 9:5). Ә5 қосымшасын қараңыз.
-
Татулық құрбандығы.
Ехобаға татуласу мақсатымен ұсынылатын құрбандық. Оның етін құрбандық ұсынушы мен оның отбасы, сондай-ақ малды шалған діни қызметкер мен сондағы басқа да діни қызметкерлер бірге отырып жейтін. Құрбандықтың майы өртелгенде, түтіннің жағымды иісі Ехобаға көтеріліп, ол да, былайша айтқанда, солармен дастарқандас болатын. Өмірді білдіретін қан да Ехобаға ұсынылатын. Татулық құрбандығы діни қызметкерлер мен құрбандық ұсынушылардың Ехобамен дастарқандас болып, араларында татулық орнағанын бейнелеген (М3ж 7:29, 32; М5ж 27:7).
-
Тебет.
Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 10-ыншы, ал шаруашылық күнтізбесінің 4-інші айы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша желтоқсанның ортасынан қаңтардың ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Киелі кітапта негізінен “оныншы ай” деп айтылады (Ест 2:16). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Терафим.
Отбасы тәңірлері не пұттары, кейде бал ашу үшін қолданылған (Езк 21:21). Кейбірінің көлемі мен пішіні адамдікіндей болса, басқалары кішігірім ғана еді (М1ж 31:34; С1ж 19:13, 16). Месопотамияда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған заттар мынаған нұсқаған: терафим мүсіні кімде болса, сол адам отбасы мұрасын иеленуге құқылы болған. Бұдан әкесінің терафимдерін Рахиланың неге алып кеткенін түсінуге болады. Бірақ мұндай әдет-ғұрып Исраилде болмаған көрінеді. Дегенмен билер мен патшалардың заманында пұтқа табынған кейбіреулерде терафим мүсіндері болған. Құдайға адалдық сақтаған Жосия патша жойған пұттардың ішінде терафимдер де бар еді (Би 17:5; П2ж 23:24; Ош 3:4).
-
Тербеп әкелетін тартулар.
Ехобаға ұсынылып жатқанын көрсету мақсатында әрі-бері тербеп әкелінген тартулар. Тартуды діни қызметкердің өзі тербеп ұсынған немесе құрбандық әкелушінің қолының астынан ұстап тұрып, бірге тербеп ұсынған болса керек (М3ж 7:30).
-
Тишри.
ЕТАНИМДІ және Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Төлем.
Тұтқыннан, жазадан, азаптан, күнәдан немесе жүктелген міндеттен құтылу үшін берілетін құн. Бұл құн ақшамен ғана өлшенбеген (Иш 43:3). Төлем беру керек жағдайлар әртүрлі болған. Мысалы, Исраилде тұңғыш ұлдар мен малдың тұңғыш төлдері Ехобаға тиесілі болған. Сондықтан оларды Ехобаға арналған ерекше қызметтен босату үшін төлем не өтейтін құн берілу керек еді (М4ж 3:45, 46; 18:15, 16). Егер біреудің бос жүрген сүзеген бұқасы адам өлтіріп қойса, малдың иесі өлім жазасынан құтылу үшін төлем беру керек болған (М2ж 21:29, 30). Алайда әдейілеп кісі өлтірген адамның өмірі үшін төлем қабылданбаған (М4ж 35:31). Киелі кітапта Мәсіхтің төлеміне ерекше көңіл бөлінеді. Ол адамзатты күнә мен өлімнен арылту үшін өз өмірін құрбандық ретінде берген (Зб 49:7, 8; Мт 20:28; Еф 1:7).
-
Төрелік орны.
Ашық жерде соғылған, баспалдақпен көтерілетін мінбе. Онда көпшілікке сөз сөйлеп, шешімдер жариялайтын өкілетті адамдар отырған. “Құдайдың төрелік орны” және “Мәсіхтің төрелік орны” деп бейнелі мағынада айтылған тіркестер Ехоба Құдайдың адамзатты соттау үшін қолданған шараларына нұсқайды (Рм 14:10; Қ2х 5:10; Жх 19:13).
-
Төсқалта.
Бас діни қызметкер Қасиетті бөлмеге кірген сайын кеудесіне тағатын қалта. Оның бетіне асыл тастар қондырылған еді. Қалтаға Ехобаның шешімін білу үшін қолданылатын урим мен туммим салынғандықтан, оны “үкімді білдіретін төсқалта” деп те атаған (М2ж 28:15—30). Ә5 қосымшасын қараңыз.
-
Туысқандық міндет.
Мұндай міндеті не құқығы бар адам жақын туысын құлдықтан құнын төлеп босатып алатын, оның меншігін не мұрасын сатып әперетін болған (М3ж 25:25—27, 47—54). Сондай-ақ бұл тіркес әмеңгерлік жолмен марқұмның әйеліне үйленіп, оның артынан ұрпақ қалдыру міндетіне де қатысты қолданылады (Рут 4:7—10).
-
Тұңғиық.
Грекше “абисос”, мағынасы — “өте терең” не “түпсіз, шексіз”. Грек жазбаларында бұл сөз қапас не қамауда отырғандай әрекетсіз күй мағынасында қолданылған. Бұл сөз “көр” дегенді де білдіреді, бірақ мағынасы мұнымен шектелмейді (Лқ 8:31; Рм 10:7; Аян 20:3).
-
Тұңғыш.
Әйелдің тұңғыш перзентіне емес, негізінен ер кісінің тұңғыш ұл баласына қатысты қолданылады. Киелі кітап заманында тұңғыш ұл отбасында дәрежесі жоғары болып, әкесі көз жұмғанда, әулетбасы болып, оның орнын басқан. “Тұңғыш” сөзі малдың алғашқы төліне де қатысты қолданылған (М2ж 11:5; 13:12; М1ж 25:33; Қл 1:15).
-
Түгел өртелетін құрбандық.
Құдайға арнап, құрбандық ошағының үстінде өртеп жіберетін мал құрбандығы. Әкелушілер малдың (бұқаның, қошқардың, текенің, кептердің не жас көгершіннің) ешқандай бөлігін өздеріне алып қалмайтын (М2ж 29:18; М3ж 6:9).
У
-
Урим мен туммим.
Діни қызметкер Құдайдың еркін білу үшін жеребе М2ж 28:30; Нех 7:65).
сияқты қолданған заттар. Олардың көмегімен діни қызметкер Ехобаның жауабын қажет ететін ұлттық маңызы бар мәселелерді шешкен. Урим мен туммим бас діни қызметкер киелі шатырға кірерде киген төсқалтаның ішінде сақталған. Бабылдықтар Иерусалимді жойғаннан кейін бұл зат қолданылмай қалғанға ұқсайды (
Ұ
-
Ұл.
Киелі кітап заманында “ұл” сөзі ұл баладан басқа мағынада да қолданылған. “Ұл” деп асыранды баланы (М2ж 2:10); еркек кіндікті ұрпақты (Мт 12:23); өгей баланы (Лқ 3:23) айта берген. Кейде күллі халықты да “ұлдар” деп айтқан (Зб 148:14).
Ү
-
Үшкір таяқ.
Мал айдауға арналған ұшы темір ұзын таяқ. Мұндай таяқты дана адамның ақыл-кеңеске құлақ асуға талпындыратын сөзіне теңеуге болады. Киелі кітаптағы “үшкір таяққа қарсыласу” деген тіркес қыңыр өгіздің үшкір таяқпен айдағанға көнбей, өзіне зақым келтіруінен шыққан (Е.і 26:14; Би 3:31).
Ф
-
Фатом.
Су тереңдігін өлшейтін өлшем бірлігі. Ұзындығы 1,8 м-ге тең (Е.і 27:28). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Філістір елі; філістірлер.
Исраилдің оңтүстік жағалауында орналасқан аймақ; Крит аралынан келіп, сол жерге қоныс тепкен халық. Дәуіт кезінде філістірлерді бағындырған, бірақ олар тәуелсіз халық болып қала берді. Філістірлер әрқашан исраилдіктердің жауы болған (М2ж 13:17; С1ж 17:4; Ас 9:7). Ә4 қосымшасын қараңыз.
Х
-
Халдей елі; халдейлер.
Бастапқыда Тигр мен Евфрат өзендерінің атырауындағы өлкені және оның тұрғындарын атаған. Кейіннен бүкіл Бабыл елі мен оның тұрғындарына қатысты қолданылып кеткен. Сондай-ақ “халдейлер” деп биологияны, тарихты, тілдерді және астрономияны зерттейтін білікті кісілер тобын атаған. Олар сиқырлықпен және жұлдызжорамалмен де айналысқан (Езр 5:12; Дн 4:7; Е.і 7:4).
-
Хамос.
Моабтықтардың басты тәңірі (П1ж 11:33).
-
Харонның ұлдары.
Леуінің немересі Хароннан тараған ұрпақ. Харон Мұса Заңы бойынша таңдалған алғашқы бас діни қызметкер еді. Харонның ұлдары, яғни ұрпағы киелі шатырда, кейін ғибадатханада діни қызметкер міндетін атқарған (Ш1ж 23:28).
-
Хиггайон.
Музыкалық нұсқау беретін техникалық термин. Зәбүр 9:16-да бұл сөз ой жүгіртуге арналған кідіріс немесе төмен дыбыспен арфада орындалатын интерлюдия, яғни шығарманың бөлімдерінің арасында орындалатын шағын музыкалық пьеса.
-
Хин.
3,67 л-ге тең сұйықтық өлшем бірлігі және көлемі соған тең ыдыс (М2ж 29:40). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Хомер.
1 корға тең құрғақ зат өлшем бірлігі. Бат өлшемінің шамамен алынған салмағына негізделсек, 1 хомер 220 л-ге тең (М3ж 27:16). Ә14 қосымшасын қараңыз.
-
Хориб; Хориб тауы.
Синай тауының айналасындағы таулы өңір. Синай тауының басқаша атауы (М2ж 3:1; М5ж 5:2). Ә3 қосымшасын қараңыз.
-
Хош иісті зат.
Жұпар иісті шайырлар мен бальзамдардан жасалған қоспа. Ол баяу жанып, жұпар иіс шығарады. Хош иісті төрт заттан тұрған арнайы қоспаны киелі шатырда және ғибадатханада түтету үшін жасаған. Бұл қоспа күн сайын таңертең және кешке Қасиетті бөлмедегі үстелде, ал Күнәні өтейтін күні Ең қасиетті бөлмеде түтетілген. Хош иісті зат түтету Құдайдың адал қызметшілерінің ұнамды дұғаларын білдірген. Хош иісті зат түтету мәсіхшілерден М2ж 30:34, 35; М3ж 16:13; Аян 5:8).
талап етілмейді (
Ц
-
Цезарь.
Римдік әулеттің тегі. Кейінірек Рим императорларының лауазымына айналған. Киелі кітапта цезарь Август, Тиберий және Клаудидің есімдері аталған, Неронның есімі жазылмағанымен, ол жайлы да айтылған. Грек жазбаларында бұл сөз мемлекеттік билікке не мемлекеттің өзіне де нұсқайды (Лқ 2:1 сілт.; Фп 4:22 сілт.).
Ш
-
Шайтан.
Еврей сөзінің мағынасы — “қарсылас”. Түпнұсқада бұл сөз белгілілік артиклімен келгенде Құдайдың басты жауы Шайтан Ібіліске нұсқайды (Әп 1:6; Мт 4:10; Аян 12:9).
-
Шам сөндіргіш.
Киелі шатырда және ғибадатханада қолданылған мыстан не алтыннан жасалған құрал. Ол шамның білтесін қырқып алатын қайшы тәрізді болса керек (П2ж 25:14).
-
Шебат.
Бабыл тұтқындығынан босағаннан кейінгі яһудилердің қасиетті күнтізбесінің 11-інші, ал шаруашылық күнтізбесінің 5-інші айы. Бұл ай қазіргі күнтізбе бойынша қаңтардың ортасынан ақпанның ортасына дейінгі уақытты қамтиды (Зәк 1:7). Ә15 қосымшасын қараңыз.
-
Шегірткелер.
Мұса Заңы бойынша жеуге жарамды таза жәндіктердің қатарында болған. Шегірткелердің үлкен үйірі жолындағының бәрін жайпап, жойып тастайтындықтан, апатпен де байланыстырылған (М2ж 10:14; Мт 3:4).
-
Шекел.
Еврейлердің негізгі салмақ және ақша өлшем бірлігі. 1 шекел 11,4 г-ға тең. “Қасиетті орынның шекелі” деген тіркес таразының тура болуы керектігіне не киелі шатырдағы стандартты таразымен сай келуі керектігіне нұсқаса керек. Сондай-ақ “патша” шекелі (күнделікті қолданыстағы шекелден бөлек) не патша сарайында қолданылған стандартты таразы болған болуы мүмкін (М2ж 30:13).
-
Шеминит.
Сөзбе-сөз “сегізінші” дегенді білдіретін музыкалық термин. Бұл сөз төменгі регистрге не ырғаққа нұсқаған болуы мүмкін. Аспаптарға қатысты айтылғанда, бұл сөз басқа, немесе жуан дыбысқа, нұсқаса керек. Ал әндерге қатысты айтылғанда, бұл сөз әннің төмен дыбысты музыкалық сүйемелдеумен сәйкесінше айтылу керектігін білдіруі мүмкін (Ш1ж 15:21; Зб 6:кіріспе; 12:кіріспе).
-
Шеол.
Еврейдің бұл сөзі гректің “гадес” сөзімен мағыналас, әрі адамның өліміне нұсқайды (М1ж 37:35; Зб 16:10; Е.і 2:31 сілтемелерін қараңыз). КӨРДІ қараңыз.
-
Шиыршық.
Жарғақтан не папирустан жасалған жазуға арналған ұзын таспа. Оның бір жағына жазу жазылып, таяққа оралатын болған. Киелі жазбалар осындай шиыршықтарға жазылған және көшіріліп отырған. Киелі кітап жазылған заманда кітаптар шиыршық түрінде болған (Ерм 36:4, 18, 23; Лқ 4:17—20; Т2х 4:13).
-
Шомылдыру рәсімі.
Грекше “бапто”, “батыру” дегенді білдіреді. Иса өзіне шәкірт болғысы келетіндердің осы рәсімнен өту керектігін айтқан. Жазбаларда Жақияның шомылдыру рәсімі, киелі рухқа шомылдыру және отқа шомылдыру жайында да айтылған (Мт 3:11, 16; 28:19; Жх 3:23; Пт1х 3:21).
-
Шөл; шөл дала.
Киелі кітапта айтылған “шөл дала” барлық уақытта құмды шөлді білдірмейді. Шөл — елсіз, өсімдігі жұтаң, жиі тастақ, суы аз, бірақ кей жерлерінде жайлауы бар өңір (Ерм 23:10; Мр 1:4).
-
Шымылдық.
Керубтердің бейнесі кестеленіп түсірілген, әдемілеп тоқылған мата не перде. Ол киелі шатырдағы және ғибадатханадағы Қасиетті бөлме мен Ең қасиетті бөлмені бөліп тұрған (М2ж 26:31; Ш2ж 3:14; Мт 27:51; Ев 9:3). Ә5 қосымшасын қараңыз.
-
Шынайы Құдай.
Ехоба Құдайды жалған құдайлардан ажырату үшін еврейдің “элохим” сөзі осы аудармада “шынайы Құдай” деп те тәржімеленді (М1ж 5:22, 24; 46:3; М5ж 4:39; Мр 12:32).
-
Шынтақ.
Исраилдіктердің өлшем бірлігі. Шамалап айтқанда, ұзындығы ортаңғы саусақтың ұшы мен шынтаққа дейінгі аралыққа тең болған. Исраилдіктердің қалыпты шынтағы шамамен 44,5 см-ге тең болған. Сондай-ақ олар төрт еліге ұзынырақ, яғни шамамен 51,8 см-ге тең, ұзын шынтақты да қолданған (М1ж 6:15; Лқ 12:25). Ә14 қосымшасын қараңыз.
I
-
Ібіліс.
Грек жазбаларында қолданылған Шайтанды сипаттайтын атау. Грекше “диаболос”, мағынасы — “жалақор”. Шайтанға Ібіліс деген аттың берілу себебі — ол Ехобаны, оның ізгі сөзін және киелі есімін қаралап, жала жапқан ең басты тұлға болып табылады (Мт 4:1; Жх 8:44; Аян 12:9).
-
Ізгі хабар.
Грек жазбаларында Құдай Патшалығы жайлы және Иса Мәсіхке сену арқылы құтқарылу мүмкіндігі туралы хабарды білдіреді (Лқ 4:18, 43; Е.і 5:42; Аян 14:6).
-
Індет.
Тез арада тарайтын, жаппай өлімге ұшырататын жұқпалы ауру. Жиі Құдайдың үкімімен байланысты қолданылған (М4ж 14:12; Езк 38:22, 23; Ас 4:10).
Э
-
Эпикур пәлсапашылары.
Гректің Эпикур есімді пәлсапашысының ізін қуғандар (б. з. б. 341—270). Олар ұстанған пәлсапа адамның өмірдегі басты мақсаты рақатқа бөлену деген ойға негізделген еді (Е.і 17:18).
-
Эфиопия.
Мысырдың оңтүстігінде мекендеген ежелгі халық. Олардың жері қазіргі Мысыр елінің оңтүстік бөлігі мен қазіргі Судан елін қамтыған. Бұл сөз кейде “Құш” деген еврей сөзінің орнына қолданылған (Ест 1:1 сілт.).
Я
-
Ях.
Құдіретті Құдай Ехобаның есімінің қысқартылған түрі (М2ж 15:1, 2). Бұл қысқарту еврей әріптерімен жазылған Құдай есімінің יהוה “йод” (י) және “хе” (ה) деген алғашқы екі әрпінен тұрады. Еврей жазбаларында Құдай есімінің қысқа түрі 50 рет кездеседі: 26 рет жеке өзі, ал 24 рет “Аллилуйя” (мағынасы “Яхты мадақтаңдар”) сөзінің құрамында. Осы аудармада мәтінге “Ехоба” деген толық түрі жазылып, “Ях” деген қысқа түрі сілтемеде берілді.
-
Яһуда.
Жақыптың Лиядан туылған төртінші ұлы. Өлер алдында Жақып пайғамбарлық етіп, Яһуданың әулетінен ұлы да мәңгі билеуші шығатынын айтқан. Иса адам болып туылғанда, Яһуданың ұрпағы болды. Сондай-ақ Яһуданың ұрпақтары “яһуда руы” не “яһудалықтар” деп аталды. Ал кейіннен яһуда және бениямин руынан тұратын Исраилдің оңтүстік патшалығы “Яһуда патшалығы” деп аталатын болды. Діни қызметкерлер мен леуіліктер де сол патшалықта тұрды. Яһуда патшалығы Исраил елінің Иерусалим мен ғибадатхана тұрған оңтүстік өңірінде орналасқан еді (М1ж 29:35; 49:10; П1ж 4:20; Ев 7:14).
-
Яһуди.
Яһуда руының адамдары. Бұл сөз он рулы Исраил патшалығы бөлініп кеткен соң қолданысқа енді (П2ж 16:6). Бабыл тұтқындығынан кейін Исраилге оралған кез келген рудың адамы яһуди деп атала берді (Езр 4:12). Кейінірек басқа ұлттардан ажырату үшін барлық жердегі исраилдіктер осылай аталып кетті (Ест 3:6). Сондай-ақ бұл сөзді елші Пауыл адам ұлтының мәсіхшілер қауымында еш маңызы жоқ екенін түсіндіргенде ауыспалы мағынада қолданды (Рм 2:28, 29; Ғл 3:28).