Қымбатты ата-ана!
Сіз балаңызға қандай жақсы сый бере алар едіңіз? Ол сіздің сүйіспеншілігіңіз, ақыл-кеңесіңіз бен қорғанышыңызға мұқтаж екені рас. Десе де Киелі кітаптағы Ехоба туралы білім мен шындық сіз бере алатын ең керемет сый болып табылады (Жохан 17:3). Мұндай білім балаға тіпті кішкентай кезінен бастап Ехобаны жақсы көріп, оған шын жүректен қызмет етуге көмектесе алады (Матай 21:16).
Көп ата-ана кішкентай балаларға қысқа сабақтар мен тапсырмалардың көмегімен тәлім берген тиімдірек екенін байқаған. Сондықтан біз “Киелі кітаптан үйренемін” деп аталатын осы кітапшаны басып шығаруға қуанышты болдық. Бұл кітапшаның әрбір сабағында Киелі кітаптан не нәрсеге үйренуге болатыны қарапайым етіп түсіндіріледі. Ондағы суреттер, тақпақтар мен тапсырмалар үш жасқа дейінгі балаларға арнап дайындалған. “Киелі кітаптан үйренемін” кітапшасы — ермек қылатын нәрсе емес, тәлім беретін құрал. Бұл кітапшаны ата-аналар балаларымен бірге оқып, әңгімелесу үшін қолдана алады.
Осы әдебиеттің балаңызға Киелі кітаптағы шындықтарды “нәресте кезінен” үйретуге көмектесетініне сенімдіміз (Тімөтеге 2-хат 3:14, 15).
Бауырластарың,
Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі