Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-сабақ

4-сабақ

Күні бойы тоқтамай,

Жаңбыр жауды себелеп.

Айка отыр: “Бұл жаңбыр

Қоймай жатыр неге?”— деп.

Қарап қалса бір кезде,

Күн шығыпты, алақай!

Ойнау үшін далаға

Шықты біздің балақай.

Сәуле шашты алтын күн,

Жадырады айнала.

Неше түрлі гүлдерге,

Толды барлық сай-сала.

Әсем гүлдер өссін деп,

Құдай жаңбыр береді.

Айка болса бұл жайлы

Бұрын мүлдем білмеді.

ТАПСЫРМАЛАР

Балаңызға оқып беріңіз:

Елшілердің істері 14:17

Балаңыз мыналарды көрсетсін:

Терезе Торғай Айка

Ағаш Гүлдер

Доп Ұшақ

Балаңыздан былай деп сұраңыз:

Ехоба жаңбырды не үшін береді?