Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-сабақ

6-сабақ

Аяғыңа қарашы, саусағыңды санашы.

Кәне, мұрның, құлағың? Айта қойшы, шырағым.

Аяқ деген керемет, досыңды тез қуып жет.

Асыр салып, зыр жүгір, секір, айнал тағы бір!

Енді қара айнаға, мұнда тұрған қай бала?

Құдай көз бен құлақты керемет қып жаратты!

ТАПСЫРМАЛАР

Балаңызға оқып беріңіз:

Забур 138:14

Балаңыз мыналарды көрсетсін:

Саусақ Көз Мұрын

Құлақ Ауыз

Шаян Мысық

Балаңыздан былай деп сұраңыз:

Сені және мені кім жаратты?