5-БӨЛІМ
Бабыл тұтқындығынан Иерусалим қорғанын қалпына келтіруге дейін
Бабылда тұтқындықта жүргенде, исраилдіктердің сенімі көп рет сынаққа салынды. Шидрақ, Мишақ және Абденагоны қызып тұрған пешке тастайды, бірақ Жаратқан Ие оларды аман-есен алып шығады. Мидиялықтар мен парсылар Бабылды жаулап алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, Даниялды арыстандары бар орға тастайды, алайда бұл жолы да Жаратқан Ие арыстандардың аранын жауып, оны құтқарып алады.
Ақыр аяғында исраилдіктерді парсы патшасы Кир азат етеді. Бабылда тұтқындықта 70 жыл болған соң, олар өз отанына қайтады. Иерусалимге оралған соң, олар ең алдымен Ехобаның ғибадатханасын қалпына келтіруге кіріседі. Алайда көп ұзамай жаулары жұмысты тоқтатып қояды. Сондықтан Иерусалимге оралғандарынан бастап ғибадатхананың құрылысы біткенге дейін 22 жылға жуық уақыт өтеді.
Бұдан кейін біз Езраның ғибадатхананы көркейту үшін Иерусалимге барғанын білеміз. Бұл — ғибадатхана салынып біткеннен кейін шамамен 47 жыл өткен соң болған оқиға. Езра келгеннен кейін тағы 13 жыл өткен соң, Нехемия Иерусалимнің құлаған қамалын қалпына келтіруге көмектеседі. Жалпы алғанда, БЕСІНШІ бөлім 152 жыл аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтиды.
БҰЛ САНАТТА
77-ОҚИҒА
Олар жығылып табынбайды
78-ОҚИҒА
Қолдың қабырғаға жазуы
79-ОҚИҒА
Даниял арыстандары бар орда
80-ОҚИҒА
Құдай халқының Бабылдан шығуы
81-ОҚИҒА
Құдайдың көмегіне арқа сүйеді
82-ОҚИҒА
Мардохай мен Естер
83-ОҚИҒА