Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-ОҚИҒА

Құдайдың жаратуды бастауы

Құдайдың жаратуды бастауы

ДҮНИЕДЕГІ жақсы нәрселердің барлығын Құдай жаратқан. Ол күндіз жарық болу үшін күнді, ал түнде бізге тас қараңғы болмау үшін жұлдыздар мен айды жаратты. Тағы да Құдай бізге арнап жерді жаратты.

Бірақ күн, ай, жұлдыздар және жер — ең бірінші жаратылған нәрселер емес. Құдай ең алғашқыда не жаратқанын білесің бе? Ол өзіне ұқсайтын рухани тұлғаларды жаратты. Біз Құдайды көре алмайтындығымыздай, бұл рухани тұлғаларды да көре алмаймыз. Киелі кітапта бұл рухани тұлғалар періштелер деп аталады. Періштелер Құдаймен бірге көкте өмір сүрулері керек еді.

Құдайдың ең алғашқыда жаратқан періштесі өте ерекше болды. Ол Құдайдың алғашқы Ұлы болған, әрі Әкесімен бірге еңбек еткен. Бұл періште Құдайға басқа нәрселердің барлығын жаратуға көмектесті. Ол күнді, айды, жұлдыздар мен жерді де жаратуға көмектесті.

Сол кезде жер бетінің көрінісі қандай болды екен? Алғашқыда жер бетінде ешкім өмір сүрген жоқ. Тек қана бір алып мұхит жер бетінің барлығын толық жауып жататын. Бірақ Құдай жер бетінде адамдардың өмір сүргенін қалады. Сондықтан Жаратқан Ие біз өмір сүру үшін жерді даярлай бастады. Ол не істеді?

Ең алдымен жер бетіне жарық қажет еді. Сондықтан сәулесін жер бетіне шашып тұруы үшін Құдай күнді жаратты. Ол күн мен түннің алмасып тұруын да алдын ала ойластырды. Бұдан кейін Құдай мұхиттың суын ығыстырып, судың бетіне құрлықты шығарды.

Ең алғашқыда құрлықтың бетінде ешқандай тіршілік балған жоқ. Жер өзің осы бетте көріп отырған суретке ұқсайтын еді. Онда гүлдер де, ағаштар да, жан-жануарлар да жоқ болатын. Мұхиттарда бірде-бір балық жоқ еді. Жер бетінде адамдар мен жан-жануарлар өмір сүре алу үшін, Құдайға көп еңбек ету керек болатын.