Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-БӨЛІМ

Исаның дүниеге келуінен бастап оның өліміне дейін

Исаның дүниеге келуінен бастап оның өліміне дейін

Мәриям деген сүйкімді қызға Жәбірейіл періште жіберіледі. Ол Мәриямның туатын баласы Патша болып, мәңгі билік ететінін жария етеді. Бұл бала, Иса, мал қорада туылады да, сол жерге оны көру үшін қойшылар келеді. Кейінірек бір жұлдыз күншығыстан келген адамдарды балаға жетелеп келеді. Біз оларға бұл жұлдызды көруге қабілет берген кім екені жайлы, сонымен қатар Исаның қалай өлімнен құтқарылғаны туралы оқимыз.

Бұдан кейін он екі жасар Исаның ғибадатханада мұғалімдермен сөйлесіп отырғанын табамыз. Он сегіз жылдан соң Иса шомылдыру рәсімінен өтіп, Құдай оған тапсырған іске, яғни Патшалық туралы уағыз айтып, тәлім беруге, кіріседі. Иса он екі ер кісіні көмекші ретінде таңдап алады да, олар оның елшілері болады.

Сонымен қатар Иса көптеген керметтер жасайды. Ол мыңдаған адамдарды бірнеше нанмен және бірнеше кішкентай балықтармен тойдырады. Сырқаттарды ауруынан айықтырады, тіпті өлілерді де қайта тірілтеді. Осы бөлімнің соңында Исаның өмірінің соңғы күнінде не болғанын және оны қалай өлтіргенін білеміз. Иса үш жарым жылдай уағыздаған, сондықтан АЛТЫНШЫ бөлім отыз төрт жылдан аса уақыт аралығында болған оқиғаларды қамтиды.