Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

99-ОҚИҒА

Жоғарғы бөлмеде

Жоғарғы бөлмеде

ТАҒЫ да екі күн өтті. Бүгін бейсенбінің кеші. Иса мен он екі елші жоғарғы бөлмеде Құтқарылу мейрамының асына жиналды. Есіктен шығып бара жатқан кісі — Яһуда Исқариот. Ол діни қызметкерлерге Исаны ұстап беру үшін кетіп барады.

Осыдан бір күн бұрын Яһуда оларға барып: “Исаны ұстап алуға көмектессем, маған не бересіңдер?”— деп сұраған болатын. Олар: “Отыз мысқал күміс”,— деп уәде берген еді. Міне, енді Исаның қай жерде екенін көрсету үшін Яһуда соларға бара жатыр. Бұл сұмдық әрекет емес пе?

Құтқарылу мейрамына арналған ас аяқталды. Алайда Иса енді басқа, ерекше асты бастайды. Ол елшілерге нан беріп жатып былай дейді:

— Жеңдер, өйткені бұл сендер үшін беріліп жатқан менің денемді білдіреді.

Сосын, ол шарабы бар ыдысты алады да:

— Ішіңдер, өйткені бұл сендер үшін төгілетін менің қанымды білдіреді,— дейді. Киелі кітапта бұл ас “Иеміздің асы” немесе “Иеміздің кешкі асы” деп аталады.

Исраилдіктер Құтқарылу мейрамындағы кешкі асты олар Мысырда болған кезде, Құдайдың періштесі мысырлықтардың тұңғыш ұлдарын мерт етіп, ал исраилдіктердің үйлеріне кірмей кеткенін еске алу үшін ішетін. Ал енді Иса болса ізбасарларының есінде қалуды және өз өмірін олар үшін қалай бергенін шәкірттерінің ұмытпағанын қалайды. Сондықтан олардан осы ерекше асты жыл сайын атап өтуді өтінеді.

Иеміздің кешкі асынан кейін Иса елшілерді сенімдерін нығайтып, батыл болуға шақырады. Соңында олар Жаратқан Иені мадақтап ән айтады да, ол жерден кетіп қалады. Ал қазір болса түн жарымы болып қалған, мүмкін, түн жарымынан ауып та қалған болар. Кел, олардың қайда кеткенін көрелік.