Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

96-ОҚИҒА

Исаның ауруларды айықтыруы

Исаның ауруларды айықтыруы

ИСА ел аралап ауруларды айықтырады. Бұл кереметтер жөніндегі хабар барлық қалалар мен ауылдарға тарап кетеді. Сондықтан Исаға мүгедектерді, зағиптарды, саңыраулар мен басқа да ауруларды әкеліп жатады. Ол барлығын ауруларынан айықтырады.

Жақия Исаны шомылдыру рәсімінен өткізгеннен бері, үш жылдан аса уақыт өтті. Иса өзінің елшілеріне жақында Иерусалимге баратынын, сол жерде оны өлтіретінін, ал одан кейін қайта тірілетінін айтады. Ал оған дейін Иса ауруларды айықтыруын жалғастыра береді.

Бір күні Иса діни демалыс күні тәлім береді. Ал яһудилер діни демалыс күні жұмыс істемейтін. Өзің мына жерден көріп тұрған әйел ауыр сырқат. Ол он сегіз жылдан бері бүкірейіп жүреді, тік жүре алмайды. Сонда Иса оған қолын қойып еді, ол сол сәтте-ақ бой жазып тік тұрды. Ол айығып кетті!

Бұны көргенде дінбасыларын ашу кернейді. Олардың бірі халыққа:

— Жұмыс істеу үшін бізге алты күн берілген. Емделуге демалыс күні емес, басқа күні келіңдер!— деп қатқыл үн қатады.

Ал Иса болса:

— Сендер тас жүрек адамсыңдар. Демалыс күні болса да, әрқайсың есегіңді босатып, суаруға апарасыңдар ғой. Онда он сегіз жылдан бері сырқатынан қиналып жүрген мына әйелді неге демалыс күні айықтырмасқа?— деп жауап береді бұған. Исаның жауабын естігенде, бұл зұлым адамдар ұялып қалады.

Бұдан кейін Иса елшілерімен бірге Иерусалимге бет алады. Олар Иерихон қаласынан шыға бергенде, жолдың шетінде қайыр сұрап отыратын екі соқыр кісі Исаның өтіп бара жатқанын естіп: “Иса, бізге көмектесе гөр!”— деп айғайлайды.

Иса оларды шақырып алып:

— Не тілейсіңдер?— деп сұрайды.

— Ием, көзімізді көретін етші,— дейді олар. Сонда Иса көздеріне қолын тигізеді де, сол сәтте олардың көздері көре бастайды! Осы кереметтердің бәрін Иса не үшін жасағанын білесің бе? Өйткені ол адамдарды жақсы көреді, әрі бұл адамдардың өзіне сенгенін қалайды. Сондықтан Иса патшалық еткенде, жер бетінде бірде-бір адам ауырмайтындығына сенімді бола аламыз.