Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

71-ОҚИҒА

Жаратқан Ие жұмақты қайта қалпына келтіруді уәде етеді

Жаратқан Ие жұмақты қайта қалпына келтіруді уәде етеді

МЫНА суретте жұмақ бейнеленген. Бәлкім, Құдайдың пайғамбары Ишая оны осылай көрген болар. Ишая Жүніс өлгеннен кейін біраз уақыттан соң өмір сүрген.

Жұмақ деген сөз “бақ” немесе “саябақ” дегенді білдіреді. Бұл біз осы кітапта бұдан бұрын кездестірген нәрсені есіңе салады емес пе? Ехоба Құдайдың Адам мен Хауа үшін жаратқан тамаша бағына ұқсайды, солай емес пе? Бірақ бүкіл жер бетінің бір кездері жұмаққа айналуы мүмкін бе?

Ехоба өзінің халқы үшін Ишая пайғамбарға болашақ жұмақ жөнінде жазуды бұйырды. Ол былай деді:

— Қасқыр мен қозы бірге өмір сүретін болады. Бұзау арыстанның күшігімен бірге қоректенеді және оларды кішкентай бүлдіршіндер бағатын болады. Тіпті сәби улы жыланның інінің жанында ойнаса да еш зардап шекпейді.

— Ешқашан да бұлай болмайды,— деп қарсылық білдіреді көбісі.— Жер бетінде әрқашан бақытсыздықтар болып отырған, әрі олар мәңгі-бақи жалғаса бермек.

Алайда өзің ойлап қарашы: Жаратқан Ие Адам мен Хауаны қайда қоныстандырды?

Жұмаққа қоныстандырды. Олар Тәңірдің тілін алмағандықтан ғана өздерінің тамаша үйлерінен айырылып қалды да, қартайып өлді. Құдай өзін жақсы көретін адамдарға Адам мен Хауа айырылып қалған нәрселердің бәрін қайта қалпына келтіруді уәде етеді.

Болашақ жаңа жұмақта ешкім зиянкестік жасап, оны бүлдірмейтін болады. Барлық жерде бейбітшілік орнайды. Адамдардың барлығының денсаулығы мықты, әрі олар бақытты болады. Барлық нәрсе бастапқыда Құдай қалай ойластырған болса, тап солай болады. Ал кейінірек біз бұның барлығын Құдай қалай іске асыратындығын білеміз.