Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

53-ОҚИҒА

Ефтаның уәдесі

Ефтаның уәдесі

УӘДЕ беріп алып, бірақ кейін оны орындауға қиналған кезің болған ба? Мына суреттегі адамның басына сондай күн туды, міне, сондықтан ол мұңайып тұр. Бұл Ефта деген Исраилдің батыр биі.

Ол исраилдіктердің Ехобаға ғибадат етпеген кездерінің бірінде өмір сүреді. Олар тағы да жаман істер жасауда. Сондықтан Ехоба бұл халықтың аммондықтардың езгісінде болуына жол берді. Сол кезде исраилдіктер Ехобаға:

— Біз сенің алдыңда күнә жасадық. Бізді құтқара гөр!— деп жалбарынды.

Халық жасаған жаман істері үшін өкініп, тәубаға келгендерін қайтадан Ехобаға ғибадат ете бастауларымен көрсетеді. Сондықтан бұл жолы да Ехоба оларға көмекке келеді.

Аммондықтармен шайқасуға халық Ефтаны таңдап алады. Ефта бұл шайқаста Ехобаның көмектескенін жан-тәнімен қалайды. Сондықтан ол Ехобаға:

— Аммондықтармен шайқасқанда мені жеңіске жеткізсең, үйге аман-есен жеңіспен оралғанда, алдымнан шыққан бірінші адамды саған бағыштаймын,— деп уәде етеді.

Ехоба оның уәдесін естиді, әрі жеңіске жетуіне көмек береді. Ефта үйіне оралғанда, бірінші боп алдынан кім шыққанын білесің бе? Оның жалғыз қызы.

— Аһ, қызым!— деп күңіренді Ефта,— көңілімді қандай мұңға шалдың десеңші. Бірақ мен Ехобаға уәде берген едім, енді оны қайта ала алмаймын.

Алғашқыда әкесінің берген уәдесін білгенде, Ефтаның қызы да мұңға шомды. Өйткені оның әкесі мен жора-жолдастарын тастап кетуіне тура келіп тұр. Енді ол үшін өмір бойы Силомдағы Ехобаның шатырында қызмет атқарудың мүмкіндігі туған еді. Сондықтан ол әкесіне:

— Егер сен Ехобаға уәде етсең, оны орындауың керек,— деп жауап береді.

Ефтаның қызы Силомға барып, қалған ғұмырының бәрінде Ехобаның шатырында қызмет атқарады. Жыл сайын Исраил қыздары төрт күн бойы Ефтаның қызымен бірге болып, көңілді уақыт өткізеді. Ехобаға жақсы қызмет атқарып жатқаны үшін исраилдіктер Ефтаның қызын жақсы көреді.