Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

31-ОҚИҒА

Мұса мен Һаронның перғауынға баруы

Мұса мен Һаронның перғауынға баруы

МҰСА Мысырға оралған соң, болған кереметтердің барлығын ағасы Һаронға айтып берді. Ал Мұса мен Һарон бұл кереметтерді исраилдіктердің алдында көрсеткенде, бүкіл халық Ехобаның олармен бірге екеніне сенді.

Бұдан кейін Мұса мен Һарон перғауынның алдына барды. Олар перғауынға:

— Исраилдіктердің Құдайы Ехоба “Менің халқымды үш күндік жерге барып, шөл далада Маған ғибадат ету үшін босат” деді,— дейді. Бірақ перғауын:

— Мен Ехобаны білмеймін және Исраил халқын жібермеймін,— деп жауап берді.

Халықтың жұмысын тастап, Ехобаға ғибадат еткісі келгеніне перғауын ашуланды. Сондықтан ол исраилдіктерді күштеп, ауыр жұмысқа салды. Исраилдіктер басына түскен бақытсыздықты Мұсадан көрді, ал Мұса бұлай болғанына мұңайды. Бірақ Ехоба оны:

— Мен перғауынды халқымды босатуға мәжбүр етемін,— деп жұбатты.

Мұса мен Һарон перғауынның алдына қайта барды. Бұл жолы олар керемет жасады. Һарон таяғын жерге лақтырып жіберіп еді, ол жыланға айналып кетті. Бірақ перғауынның данышпандары таяқтарын жерге лақтырып жібергенде, олардың таяқтары да жыланға айналды. Алайда мына кереметті қара! Һаронның жыланға айналған таяғы данышпандардың жыланға айналған таяқтарын жұтып жатыр. Бәрібір перғауын исраилдіктерді жібергісі келмеді.

Сондықтан Ехоба үшін перғауынға сабақ болатын нәрселерді үйрететін уақыт келді. Сен оның не істегенін білесің бе? Мысырды он жазаға немесе ауыр бақытсыздыққа ұшыратты.

Әрбір жазаға душар болған сайын, перғауын Мұсаға:

— Жаза тоқтатылсын, сонда мен исраилдің шөл далаға баруына рұқсат беремін,— дейтін. Ал жаза тоқтаған уақытта, перғауынның ойы өзгеріп, халықты жібермей қоятын. Бірақ оныншы жазадан кейін перғауын исраилдіктерді босатты.

Бұл он жазаның әрқайсысы қандай болғанын білесің бе? Келесі бетті ашып, олардың қандай болғанын білейік.