Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

13-ОҚИҒА

Ыбырайым — Құдайдың досы

Ыбырайым — Құдайдың досы

ТОПАН судан кейінгі адамдардың қоныстанған жерлерінің бірі Ур деген елді мекен болды. Ур әсем үйлері бар маңызды қалаға айналды. Бірақ Урда өмір сүретін адамдар жалған тәңірлерге бас иетін. Олар да Бабылдың тұрғындары сияқты іс-әрекеттер жасайтын. Бабыл мен Урдың тұрғындары Ехобаға қызмет еткен Нұх пен оның ұлы Шамға мүлдем ұқсамайтын.

Топан судан 350 жыл өткен соң, сенімді Нұх қайтыс болды. Оның өлгеніне екі жыл болғанда, өзің мына суретте көріп отырған кісі туылды. Бұл адамды Құдай өте жақсы көрді. Оның есімі Ыбырайым. Ыбырайым өз отбасымен бірге Ур қаласында өмір сүретін.

Бір күні Ехоба Ыбырайымға былай деді: “Сен Урды және туған-туыстарыңды тастап, Мен саған көрсететін елге көш”. Ыбырайым Құдайдың сөзіне құлақ салып, Урдағы рақат өмірінен бас тартты ма? Иә, бас тартты. Ыбырайым әрқашан Құдайдың тілін алып жүргендіктен, Құдайдың досы ретінде белгілі болды.

Ыбырайыммен бірге туыстарының бірнешеуі Ур қаласын тастап, жолға шықты. Ыбырайымның әкесі Тарах, жиені Лут және, әлбетте, әйелі Сара да онымен бірге көшті. Біраз уақыт өткен соң, олар Харан аймағына келгенде, осы жерде Тарах қайтыс болды. Олар Урдан едәуір ұзақ жерде еді.

Бұдан кейін Ыбырайым мен оның үй іші Хараннан шығып, Қанахан еліне келді. Ехоба осы жерде Ыбырайымға: “Мен сенің ұрпағыңа осы жерді беремін”,— деді. Ыбырайым Қанаханға қоныс теуіп, шатырларда өмір сүрді.

Құдай Ыбырайымға жәрдемдесіп отырды, сондықтан оның қой-қозылары мен басқа да малдары көбейе түсті. Сондай-ақ оның бірнеше жүздеген қызметшісі болды. Бірақ Сара екеуінің балалары болмады.

Ыбырайым тоқсан тоғыз жасқа келгенде, Ехоба Құдай оған былай деді: “Мен сенің ұрпағыңды сансыз көбейтіп, көптеген халықты өрбітемін деп уәде беремін”. Бірақ ол уақытта Ыбырайым мен Сараның жасы ұлғайып қалған еді. Онда олар қалайша балалы бола алар еді?