ӘҢГІМЕ БАСТАУ
2-САБАҚ
Әңгімені өз бабымен өрбіту
Принцип: “Уақытында айтылған сөз қандай жақсы!” (Нақ. с. 15:23).
Філіп не істеді?
1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Елшілердің істері 8: 30, 31 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:
Філіптен не үйренеміз?
2. Әңгіме өз бабымен өрбісе, адам өзін еркін сезініп, хабарымызға құлақ түруі әбден мүмкін.
Філіпке еліктеңіз
3. Байқампаз болыңыз. Адамның қас-қабағынан, өзін қалай ұстағанынан ол жайлы көп нәрсе білуге болады. Адам әңгімеге ықыласты ма? Оған жай ғана: “Мына жайлы естіген бе едіңіз?”— деп, Киелі кітаптағы бір шындықты көрсетсеңіз болады. Сөйлескісі келмесе, әңгімеге күштемеңіз.
4. Шыдамды болыңыз. Адамға бірден Киелі кітап жайлы айтуым керек деп ойламаңыз. Әңгіменің өзі соған әкелгенше күте тұрыңыз. Кейде келесі кездескенге дейін күту керек болады.
5. Икемді болыңыз. Әңгіме сіз күтпеген бағытта өрбуі мүмкін. Сондайда өзіңіз дайындап келген ойды қозғамай, адамға қызық болатын Киелі кітаптағы шындықты айтуға дайын болыңыз.