Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

7-САБАҚ 

Табандылық

Табандылық

Принцип: “Олар. . . ізгі хабарды жариялауды және тәлім беруді доғармады” (Ел. іс. 5:42).

Пауыл не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Елшілердің істері 19:8—10 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   a. Пауыл қарсылыққа кезіккенде еш берілмей, қызығушыларға қалай көмектесе берді?

  2.  ә. Пауыл қызығушыларға қанша уақыт бойы және қаншалықты жиі қайта барып тұрды?

Пауылдан не үйренеміз?

2. Біз адамдарға қайта бару үшін және Киелі кітап зерттеу сабақтарын бастау үшін уақытымыз бен күшімізді аямауымыз керек.

Пауылға еліктеңіз

3. Адамның уақытына бейімделіңіз. “Қай уақытта барсам, адамды кездестіре аламын? Қашан және қай жерде оның сөйлесуге мүмкіндігі болады?” деп ойланып көріңіз. Тіпті өзіңізге ыңғайсыз болса да, адамға қолайлы уақытта баруға тырысыңыз.

4. Кездесетін уақытты келісіп алыңыз. Әр келгенде, адаммен келесі кездесетін уақытты нақты келісіп алыңыз. Кейін сөзіңізде тұрыңыз.

5. Үмітіңізді үзбеңіз. Үйінде бола бермейтін не жиі қолы бос болмайтын адам шындыққа қызықпайды деп тұжырымдауға асықпаңыз (Қор. 1-х. 13:4, 7). Табандылық таныта беріңіз, десе де байсалды болып, уақытыңызды даналықпен жұмсаңыз (Қор. 1-х. 9:26).