ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
9-САБАҚ
Жанашырлық
Принцип: “Қуанғандардың қуанышына, қайғырғандардың қайғысына ортақ болыңдар” (Рим. 12:15).
Иса не істеді?
1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Марқа 6:30—34 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:
Исадан не үйренеміз?
2. Жанашыр болсақ, ізгі хабарды айтып қана қоймай, адамдарға көмек көрсетеміз.
Исаға еліктеңіз
3. Мұқият тыңдаңыз. Адамға өз ойын айтуға мұрсат беріңіз. Ол сезімдерімен, уайымымен бөліссе я қарсы пікір айтса, сөзін бөлмеңіз не бірден жоққа шығармаңыз. Адамды мұқият тыңдасаңыз, оның ойы сізге бәрібір емес екенін көрсетесіз.
4. Қызығушы жайлы ойланыңыз. Адаммен әңгімелескеннен кейін былай деп ойланыңыз:
5. Адам қажет етіп тұрған мәліметті айтыңыз. Зерттеу сабағында ол өзінің сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестерді таба алатынын оған мүмкіндігінше тезірек көрсетіп өтіңіз.