Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-БӨЛІМ

Ақшаны ұқсата біліңіз

Ақшаны ұқсата біліңіз

“Жоспар іске асар кеңесумен” (Нақыл сөздер 20:18).

Отбасымызды керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін бәрімізге де ақша керек (Нақыл сөздер 30:8). Рас, қандай да бір шамада “ақша адамды қорғайды” (Уағыздаушы 7:12). Бәлкім, жұбайыңызбен ақша мәселесі жайлы әңгімелесу сізге қиын шығар, бірақ ақша үшін отбасыңыздың шырқы бұзылып жүрмесін (Ефестіктерге 4:32). Ақшаны қалай жарататындарын шешкенде, ерлі-зайыптылардың ақылдасқандары әрі бір-біріне сенім артқандары абзал.

1. ЖАҚСЫЛАП ЖОСПАРЛАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда: “Араларыңдағы біреу мұнара салғысы келсе, құрылысын аяқтауға қаражаты жетер-жетпесін білу үшін, алдымен шығынын есептеп алмай ма?”— делінген (Лұқа 14:28). Қаражатты қайда жұмсайтындарыңызды бірге отырып жоспарлау аса маңызды (Амос 3:3). Не сатып алу керектігін, оған қанша қаражат жұмсай алатындарыңызды шешіп алыңыздар (Нақыл сөздер 31:16). Қалтаңызда ақша болса, бұл оны міндетті түрде жұмсау керек дегенді білдірмейді. Қарызға батудан сақ болыңыз. Қолыңызда бар қаражатты ғана жұмсаңыз (Нақыл сөздер 21:5; 22:7).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Айдың соңында артық ақшаңыз қалса, жұбайыңызбен оны қайда жұмсайтыныңызды ақылдасыңыз.

  • Ал егер ақшаңыз жетпей жатса, шығындарыңызды азайту үшін нақты жоспар құрыңыз. Мысалы, асты дәмханаларда ішкеннен гөрі, үйде дайындау жағын ойлап көріңіз.

2. ШЫНШЫЛ ДА ШЫНАЙЫ БОЛЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда Құдайдың ғана емес, “адамдардың да алдында барлық істе адал болуға тырысуымыз” керектігі айтылған (Қорынттықтарға 2-хат 8:21). Қанша ақша тауып, қанша жұмсайтыныңызды жұбайыңызға бүкпесіз айтыңыз.

Қаражатқа қатысты маңызды шешім қабылдарда міндетті түрде жұбайыңызбен ақылдасыңыз (Нақыл сөздер 13:10). Қаражат туралы ашық сөйлесу отбасында ынтымақ-бірліктің болуына септігін тигізеді. Кірісті тек жеке өзіңіздің емес, отбасыңыздың ақшасы деп қарастырыңыз (Тімөтеге 1-хат 5:8).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Қанша соманы өз еріктеріңізбен жұмсай алатындарыңызды өзара келісіп алыңыздар.

  • Қиындықтың алдын алу үшін, ақша мәселесі жайында ашық сөйлесіңіздер.