Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Исаға еліктеу үшін...

Исаға еліктеу үшін...

ЖАНАШЫР БОЛЫҢЫЗ

Иса кемелді болғандықтан, басқа адамдар сияқты күйзеліске түспеген, уайымға да берілмеген. Алайда ол адамдардың жағдайын жақсы түсінген. Сондықтан әрдайым қол ұшын беруге ықыласты болып, қажеттісінен де артық істеген. Жанашырлық Исаны адамдарға көмектесуге талпындырған. Келесі тарауларда жазылған Исаның үлгісі жайлы ой жүгіртіңіз: 32, 37, 57, 99.

КӨҢІЛІҢІЗ АШЫҚ БОЛСЫН

Исаның қасында түрлі жастағы адамдар — кәрі не жас болсын — өзін еркін сезінген. Себебі ол ешқашан салқын қабақ танытып не басқаларға жоғарыдан қарап көкірек кермеген. Керісінше, адамдарға шынайы ықылас білдіргендіктен, оның қасына келуге ешкім қымсынбаған. Мұны сіз келесі тараулардан оқып білсеңіз болады: 25, 27, 95.

ҮНЕМІ ДҰҒА АЙТЫҢЫЗ

Иса көктегі Әкесіне үнемі — оңаша қалғанда да, Құдайды қастерлейтін адамдардың арасында тұрғанда да — дұға еткен. Ол түрлі жағдайда дұға етіп, Әкесіне ризашылық білдірген, оны мадақтаған. Сондай-ақ маңызды шешім қабылдар алдында Құдайдың басшылығын сұраған. Келесі тарауларға көңіл бөліңіз: 24, 34, 91, 122, 123.

ӨЗГЕНІҢ МҮДДЕСІН ОЙЛАҢЫЗ

Иса тынығып, әлденіп алуды қажет етсе де, өзінің емес, өзгелердің жағдайын ойлаған. Өзімшілдік оған жат мінез еді. Исаның осы қасиеті де бізге керемет үлгі. Келесі тарауларды оқып, ой жүгіртіп көріңізші: 19, 41, 52.

КЕШІРІМДІ БОЛЫҢЫЗ

Иса кешірімділікке үйретіп қана қойған жоқ. Ол шәкірттері мен басқа адамдарды кешіруімен бұл қасиетті іс жүзінде көрсеткен. Кешірімділіктің үлгісін келесі тараулардан оқып біле аласыз: 26, 40, 64, 85, 131.

ҚҰЛШЫНЫСТЫ БОЛЫҢЫЗ

Жазбаларда айтылғандай, яһудилердің басым бөлігі Мәсіхті қабыл алмады, тіпті оны өлтіргісі келді. Алайда Исаның салы суға кетіп, жігері жасыған жоқ. Қайта, шынайы ғибадаттың мүддесі үшін құлшына қызмет ете берді. Осылай ол адамдардың немқұрайдылығы мен қарсылығына қарамастан, құлшыныс сақтаудың үлгісін көрсетті. Бұл жайлы келесі тараулардан оқыңыз: 16, 72, 103.

КІШІПЕЙІЛ БОЛЫҢЫЗ

Иса білім мен даналық сияқты салаларда кез келген адамнан асып түскен. Кемелді болғандықтан, оның тәндік және ойлау қабілеттері де басқалардан әлдеқайда жоғары болған. Десе де Иса адамдарға кішіпейілділікпен қызмет еткен. Бұл қасиетті қалай танытқанын келесі тараулардан біле аласыз: 10, 62, 66, 94, 116.

ШЫДАМДЫ БОЛЫҢЫЗ

Елшілері мен басқа адамдар өсиеттеріне құлақ аспай не нұсқауларын орындамай жатқанда, Иса ешқашан ашу шақырған емес. Ол бір айтқанын қайта-қайта айтудан талмай, Ехоба Құдайға жақындауларына көмектесіп, шыдамдылықпен тәлім берген. Исаның қандай жағдайда шыдамды болғанын келесі тараулардан оқыңыз: 74, 98, 118, 135.