Киелі кітаптағы хабар. Қысқаша мазмұны
Ехоба Құдай Адам мен Хауаны жаратып, Жұмақта мәңгі өмір сүру мүмкіндігін берді. Шайтан Құдайдың есіміне кір келтірді және оның билік ету құқын дауға салды. Адам мен Хауа Шайтанның бүлігіне қосылып, ұрпақтарына күнә мен өлімді мұра етіп қалдырды.
Ехоба бүлікшілерге үкім шығарды және Ұрпақ, яғни Құтқарушы, келетінін уәде етті. Ол Шайтанның көзін құртып, бүлік пен күнәнің салдарын жояды.
Ехоба Ұрпақтың, яғни мәңгі патшалық ететін Мәсіхтің, Ыбырайым мен Дәуіттің үрім-бұтағынан шығатынын айтты.
Ехоба өзінің пайғамбарлары арқылы Мәсіхтің адамзатты күнә мен өлімнен азат ететінін алдын ала айтты. Иса Құдай Патшалығында 144 000 билеушімен бірге патшалық еткенде, соғыс пен ауру, тіпті өлім болмайды.
Ехоба Исаны жерге жіберді және оның Мәсіх екеніне нұсқады. Иса Құдай Патшалығы туралы уағыздады және адамзат үшін жанын құрбан етті. Ехоба оны рухани денеде қайта тірілтті.
Ехоба Исаны көктегі патша тағына отырғызды. Бұл осы зұлым дүниенің ақыры таяғанын көрсетті. Бүгінде Иса Құдай Патшалығы туралы хабарды дүниежүзі бойынша жариялап жүрген ізбасарларына басшылық беруде.
Ехоба Исаға жер бетіне билік жүргізуді тапсырды. Патшалық барлық әділетсіз үкіметтерді жойып, Жұмақ орнатады және адал адамдарды кемелділікке жеткізеді. Ехобаның билік ету құқы ақталады және есімі қастерленеді.