Құдайдың қалауы осы ма еді?
КЕЗ КЕЛГЕН газеттен, ғаламтор, радио мен теледидардан естіп-көретініміз қылмыс, соғыс пен терроризм жайлы. Бұлардан бөлек, сіз өзіңіз де бір аурудың кесірінен немесе жақын туысыңыз қайтыс болғандықтан қиналып жүрген шығарсыз.
Қалай ойлайсыз:
-
Осылай қиналғанымызды Құдай қалай ма?
-
Өмірдің қиындықтарын жеңуге не көмектесе алады?
-
Бүкіл жер бетінде бейбітшілік орнайтын кез бола ма?
Киелі кітапта осы сұрақтарға қанағаттандырарлық жауап бар.
КИЕЛІ КІТАП ҚҰДАЙДЫҢ АДАМЗАТ ҮШІН ҒАЖАП НӘРСЕЛЕР ЖАСАЙТЫНЫН АЙТАДЫ
-
Адамдар бұдан былай азап шегіп, қартайып өлмейтін болады (Аян 21:4).
-
“Ақсақ адам еліктей секіреді” (Ишая 35:6).
-
“Зағиптардың көздері ашылады” (Ишая 35:5).
- Марқұмдар тіріледі (
-
Ешкім ауырмайды (Ишая 33:24).
-
Әр үйде азық-түлік мол болады (Зәбүр 72:16).
КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУДЫҢ ЗОР ПАЙДАСЫ
Осы басылымның алғашқы беттерінен оқығандарыңыз орындалмайтын армандай көрінер. Бірақ Құдай солардың бәрін жуырда жүзеге асыруды уәде етеді. Киелі кітапта мұның қалай орындалатыны түсіндіріледі.
Бірақ Киелі кітаптың пайдасы бұл ғана емес. Онда қазірдің өзінде бақытты да мағыналы өмір сүрудің кілті бар. Мысалы, сізді уайымға батырып жүрген жайттар туралы ойланып көріңізші: қаржы жайында, отбасындағы қиындықтар, нашар денсаулық немесе жақыныңыздың өлімі жайында. Киелі кітап сізге осы қиындықтарға төтеп беруге көмектесе алады. Сондай-ақ келесі сұрақтарға нақты жауап бере отырып, жаныңызға жұбаныш бере алады:
-
Құдайдың болашаққа қатысты берген уәделерін орындайтынына неге сенімді бола аламыз?
Осы басылымды оқып отырғаныңыздан Киелі кітаптағы шындықты білгіңіз келетіні көрінеді. Осы орайда қолыңыздағы басылымның тигізер пайдасы зор. Тараудағы сұрақтар Киелі кітапты жақсырақ түсінуіңізге көмектеседі. Дүниежүзі бойынша миллиондаған адам Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты осылай зерттеп жүр. Олар сияқты сіз де мұның көп пайдасын көресіз деп үміттенеміз. Киелі кітапты зерттеуіңізге Құдай батасын берсін!