Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

11-бөлімнің кіріспесі

11-бөлімнің кіріспесі

Бұл бөлімде Грек жазбаларымен танысасыз. Иса кішкентай қалада тұратын қарапайым отбасында туылған. Ол ағаш ұстасы болған әкесімен бірге еңбектенді. Иса адамзатты құтқаратын жалғыз адам еді. Ехоба оны көктегі Патшалықтың патшасы етіп таңдады. Балаңыз болса, Иса Құдайды сүйетін отбасында әрі жақсы ортада өсу үшін Ехоба қалай қам жасағанына назар аударыңыз. Ирод Исаны өлтірмек болғанда, Ехоба қалай қорғағанын қарастырыңыз. Сондай-ақ Ехобаның ниетіне ештеңе кедергі бола алмайтынын айтып өтіңіз. Исаның келуіне жол дайындау үшін Ехоба қалай Жақияны тағайындағанын оқып көріңіз. Иса бала кезінен-ақ Ехобаның даналықпен берген нұсқаулары мен кеңестерін жақсы көргеніне баса назар аударыңыз.

БҰЛ САНАТТА

68-ТАРАУ

Елізабет ұл туды

Неге Елізабеттің күйеуі сәби туылғанша сөйлей алмай жүрді?

69-ТАРАУ

Жәбірейіл періште Мәриямға келді

Ол айтып келген хабар Мәриямның өмірін түбегейлі өзгертті.

70-ТАРАУ

Періштелер Исаның туылғанын хабарлады

Хабарды естіген қойшылар дереу әрекет етті.

71-ТАРАУ

Ехоба Исаны қорғады

Зұлым патша Исаны өлтіруді қалады.

72-ТАРАУ

Исаның жасөспірім шағы

Ғибадатханадағы ұстаздар неге Исаға қайран қалды?

73-ТАРАУ

Жақия Мәсіхке жол дайындады

Жақия ер жетіп, пайғамбар болды. Ол Мәсіхтің келе жатқаны туралы уағыздады. Оның хабарын халық қалай қабылдады?