Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?

Киелі кітапты зерттеуге арналған бұл басылым сізге неге біз жапа шегеміз, өлген соң адаммен не болады, отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады деген сияқты сұрақтарға Киелі кітаптан жауап табуға көмектеседі.

Құдайдың еркі осы ма еді?

Бәлкім, сіз неге қиындықтар көбейіп кетті деп ойланатын шығарсыз. Киелі кітапқа сай, жақында өзгерістер болатынын естігенсіз бе?

1-ТАРАУ

Құдай туралы шындық қандай?

Құдай сіздің қамыңызды ойлай ма? Оның қасиеттері туралы және оған қалай жақындауға болатынын біліңіз.

2-ТАРАУ

Киелі кітап — Құдайдан келген кітап

Қалай Киелі кітап сізге қиыншылықтарға төтеп беруге көмектеседі? Ондағы пайғамбарлықтарға неге сенім артуға болады?

3-ТАРАУ

Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?

Құдайдың жерге қатысты ой-ниеті орындала ма? Орындалса, қашан?

4-ТАРАУ

Иса Мәсіх деген кім?

Иса пайғамбарды неге уәде етілген Мәсіх деуге болатынын, оның қайдан келгенін және неге ол Құдайдың жалғыз Ұлы деп аталатынын біліңіз.

5-ТАРАУ

Төлем — Құдайдың ең керемет сыйы

Төлем деген не? Оның сізге қандай пайдасы бар?

6-ТАРАУ

Өлген адамдар қайда болады?

Марқұмдардың қайда болатыны мен адамдардың неге өлетіні жайлы Киелі кітапта не айтылғанын біліңіз.

7-ТАРАУ

Өмірден өткен адамдарға арналған нағыз үміт

Жақын адамдарыңызды жоғалтқансыз ба? Оларды қайта көру мүмкін бе? Қайта тірілу туралы Киелі кітапта не айтылғанын біліңіз.

8-ТАРАУ

Құдай Патшалығы деген не?

Көп адам “Көктегі Әкеміз” деген дұғаны біледі. Сол дұғадағы “Сенің Патшалығың келсін!” деген сөздер нені білдіреді?

9-ТАРАУ

Біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз ба?

Айналамыздағы адамдардың іс-әрекеттері мен көзқарастары ақырзаманда өмір сүріп жатқанымызды қалай растайтынын көріңіз.

10-ТАРАУ

Рухани жаратылыстар бізге қалай әсер етеді?

Киелі кітапта періштелер мен жын перілер жайлы айтылған. Осы рухани жаратылыстар бар ма? Олар сіздің өміріңізге әсер ете алады ма?

11-ТАРАУ

Неге Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?

Көп адам дүниедегі барлық қайғы-қасіретке Құдайды кінәлап жатады. Ал сіз қалай ойлайсыз? Құдайдың бұған қатысты не дейтінін біліңіз.

12-ТАРАУ

Құдайға ұнамды болатындай өмір сүр

Құдайға ұнамды өмір сүріп оның досы болуға болады.

13-ТАРАУ

Өмірге деген Құдайға ұнамды көзқарас

Құдайдың түсік жасату, қан құю мен жануарлардың өміріне қатысты көзқарасы қандай?

14-ТАРАУ

Отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады?

Исаның танытқан сүйіспеншілігіне күйеулер, әйелдер, ата-аналар мен балалар еліктей алады. Одан тағы не нәрселерге еліктеуге болады?

15-ТАРАУ

Құдайға ұнамды ғибадат

Шынайы дінді ұстанатындарды ерекшелендіретін алты жайтты қарастырып көрейік.

16-ТАРАУ

Шынайы ғибадаттың жағында берік тұр

Өзгелерге нанымдарыңыз жайлы айтқанда, қандай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін? Адамдарды ренжітпейтіндей қалай айтсаңыз болады?

17-ТАРАУ

Құдайға дұға арқылы жақында

Сіздің дұғаларыңызды Құдай ести ме? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Киелі кітапта дұға жайлы не айтылғанын білуіңіз керек.

18-ТАРАУ

Шомылдыру рәсімі және сенің Құдаймен қарым-қатынасың

Шомылдыру рәсімінен өту үшін қандай қадамдар жасау керек? Ол нені бейнелейтінін және қалай жасалатынын біліңіз.

19-ТАРАУ

Құдайдың сүйіспеншілігінің саясында бол

Құдайдың біз үшін жасаған барлық игілігі үшін қалай ризашылығымызды білдіре аламыз?

ҚОСЫМША

Құдай есімі. Оның қолданылуы мен мағынасы

Алланың дара есімі Киелі кітаптың көптеген аудармаларынан алынып тасталған. Не үшін? Алланың атын айту неге маңызды?

ҚОСЫМША

Мәсіхтің келуі жайындағы Даниялдың пайғамбарлығы

Құдай 500 жыл бұрын Мәсіхтің нақты қашан келетінін ашқан. Осы бір керемет пайғамбарлық туралы біліңіз!

ҚОСЫМША

Иса — уәде етілген Мәсіх

Иса пайғамбар Мәсіхке қатысты Киелі кітаптағы барлық пайғамбарлықты орындады. Осы пайғамбарлықтар бүге-шігесіне дейін орындалғанын өз Киелі кітабыңыздан тексеріп көріңіз.

ҚОСЫМША

Әке, Ұл және Киелі рух жайындағы шындық

Көп адамдар Киелі кітап үштік ілімге үйретеді деп сенеді. Бұл рас па?

ҚОСЫМША

Шынайы мәсіхшілер айқышты қолданбайды

Иса пайғамбар айқышта өлген бе? Киелі кітаптан жауабын оқып біліңіз.

ҚОСЫМША

Иеміздің кешкі асы — Құдайға даңқ әкелетін мейрам

Құдайдың шынайы қызметшілеріне Иса пайғамбардың өлген күнін атап өту өсиет етілген. Бұл күн қашан және қалай атап өтіледі?

ҚОСЫМША

“Жан” және “рух” деген шын мәнінде не?

Көп адам адам өлген соң жаны я рухы шығып, басқа жерде өмір сүреді деп сенеді. Құдай Сөзінде бұл туралы не айтылған?

ҚОСЫМША

Шеол және гадес деген не?

Киелі кітаптың кейбір аудармаларында “шеол” мен “гадес” сөзі “қабір”, ”тозақ”, ”о дүние” деп аударылған. Бірақ бұл сөздер шын мәнінде нені білдіреді?

ҚОСЫМША

Сот күні деген не?

Сот күні Құдайға адал адамдар үшін неге баталы күн болатынын біліңіз.

ҚОСЫМША

1914 жыл — Киелі кітап пайғамбарлықтарында ерекше мәні бар жыл

Киелі кітапта 1914 жылдың маңызды жыл болатынына қандай айғақтар нұсқайды?

ҚОСЫМША

Бас періште Микайл деген кім?

Киелі кітапта осы бір құдіретті періштенің кім екенін жазылған. Ол жайында және қазір қандай істерді атқарып жатқанын біліңіз.

ҚОСЫМША

Ұлы Бабыл деген не?

Аян кітабында опасыз әйел, яғни “Ұлы Бабыл” жайлы айтылады. Ол тура мағынадағы әйел ме? Киелі кітапта ол жайлы не делінген?

ҚОСЫМША

Иса желтоқсанда туылған ба?

Исаның туылған жылындағы ауа-райына назар аударыңыз. Бұл бізге нені түсіндіреді?

ҚОСЫМША

Біз мейрамдарды тойлауымыз керек пе?

Сіздің тұратын аумағыңыздағы танымал мейрамдардың шығу тегі қандай? Бұның жауабы сізді таң қалдыруы мүмкін.