БЕСІНШІ ТАРАУ
Төлем — Құдайдың ең керемет сыйы
-
Төлем деген не?
-
Ол қалай берілді?
-
Оның сен үшін қандай пайдасы бар?
-
Төлемге деген ризашылығыңды қалай білдіруіңе болады?
1, 2. а) Қандай сый сен үшін әсіресе құнды? ә) Неге төлемді сен үшін теңдесі жоқ сый деуге болады?
СЕН қандай сыйды ең құнды сый дер едің? Бұл үшін сыйдың қымбат болуы шарт емес, солай емес пе? Сыйдың құндылығы міндетті түрде ақшамен өлшенбейді. Егер ол сені бақытты етсе әрі өте қажет болса, мұндай сый сен үшін ең бағалы болады.
2 Бірақ ештеңе тең келмейтін бір сый бар. Оны адамзатқа Құдай сыйлаған. Ехоба бізге көп нәрсе берген, сөйтсе де оның бізге берген ең керемет сыйы — өзінің Ұлы Иса Мәсіхтің төлем құрбандығы (Матай 20:28 оқы). Осы тараудан көретініміздей, төлем — сен үшін берілген ең құнды сый, өйткені ол сені зор бақытқа бөлейді, әрі өте қажет нәрселермен қамтамасыз ете алады. Төлем — Ехобаның саған деген сүйіспеншілігінің ең керемет көрінісі.
ТӨЛЕМ ДЕГЕН НЕ?
3. Төлем деген не және осы құнды сыйды дұрыс бағалау үшін нені түсінуіміз керек?
3 Қарапайым сөздермен айтар болсақ, төлем — Ехобаның адамзатты күнә мен өлімнен азат ету үшін қолданған Ефестіктерге 1:7). Киелі кітаптың осы ілімін түсіну үшін, Едем бағында болған жайт туралы ойлап көрейікші. Өйткені күнә жасауымен Адам атаның не жоғалтқанын білсек қана осы сыйдың біз үшін қаншалықты құнды екенін түсіне аламыз.
шарасы (4. Кемелді адам ретінде өмір сүру Адам ата үшін нені білдірді?
4 Ехоба Адам атаны жаратқанда, оған шынымен бағалы нәрсе — кемелді өмір — берді. Адам ата үшін мұның нені білдіргені туралы ойлашы: тәні де, сана-сезімі де кемелді болғандықтан, ол ешқашан ауырмас еді, ешқашан қартаймас та, өлмес те еді. Кемелді болған Адам ата Ехобамен ерекше қарым-қатынаста болған. Жаратушы ретінде Құдай оның Әкесі болған (Лұқа 3:38). Сондықтан Адам атаның Ехоба Құдаймен қарым-қатынасы ұлы мен сүюші әкенің қарым-қатынасындай тығыз болған. Ехоба осы адами ұлымен сөйлесіп, қанағат әкелетін жұмыс тапсырып және одан не күтетінін айтып отыратын (Мұсаның 1-жазбасы 1:28—30; 2:16, 17).
5. Құдай Адамды “Өзіне ұқсас етіп” жаратты деген Киелі кітаптағы сөздер нені білдіреді?
5 Құдай Адам атаны “өзіне ұқсас етіп” жаратты (Мұсаның 1-жазбасы 1:27). Әрине, бұл оның бет әлпеті немесе дене бітімі Құдайдікіндей болды дегенді білдірмейді. 1-тараудан білгеніміздей, Құдай — көзге көрінбейтін рух (Жохан 4:24). Демек, Ехобаның ет пен сүйектен тұратын тәні жоқ. Адамның сүйіспеншілік, даналық, әділдік және күш сияқты Ехобаға тән қасиеттері болған. Ол осы мағынада Құдайға ұқсас етіп жаратылған. Сондай-ақ ерік бостандығының болуымен де Адам көктегі Әкесіне ұқсас еді. Ол берілген бағдарлама бойынша ғана жұмыс істейтін робот сияқты болмаған. Оның дұрыс пен бұрысты айырып, өздігінше шешімдер қабылдауға қабілеті болған. Егер Адам Құдайға мойынсұнуды шешкенде, жердегі жұмақта мәңгі өмір сүрер еді.
6. Адам ата Құдайға мойынсұнбауымен неден айырылды және бұл оның ұрпақтарына қалай әсер етті?
Мұсаның 1-жазбасы 3:17—19). Бір өкініштісі, Адам сол аса бағалы өмірден өзін ғана емес, бүкіл ұрпақтарын да құр алақан қалдырды. Құдай Сөзінде былай делінген: “Сонымен, бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды, себебі бәрі күнә жасады” (Римдіктерге 5:12). Иә, бәріміз де түп атамыздан күнәні мұра еттік. Сондықтан Киелі кітапта Адам атаның өзін де, ұрпақтарын да күнә мен өлімнің құлдығына “сатып” жібергені айтылған (Римдіктерге 7:14). Адам мен Хауа үшін ешқандай үміт жоқ еді, өйткені олар саналы түрде Құдайға мойынсұнбауды шешті. Бірақ олардың ұрпақтары, біздер, жөнінде не деуге болады?
6 Иә, Адам ата Құдайға мойынсұнбай өлімге кесілгенде, өте жоғары құн төлеген. Күнәнің кесірінен ол игіліктерге толы кемелді өмірінен айырылып қалды (7, 8. Төлем деген түсініктің қандай екі қыры бар?
7 Ехоба төлем арқылы адамзатқа қол ұшын берді. Төлем деген не? Негізінде, төлем деген түсініктің екі қыры бар. Біріншіден, төлем біреуді босату немесе қайта сатып алу үшін төленетін құнды білдіреді. Мұны әскери тұтқынды босатып алу үшін берілетін құнға теңеуге болады. Екіншіден, ол бір нәрсенің барабар құнын төлеп, орнын толтыруды білдіреді. Мұны келтірілген залалдың орнын толтыруға теңеуге болады. Мысалы, біреудің кесірінен жол апаты болса, залалдың орнын толтыру үшін, кінәлі кісі соған барабар құн төлеу керек.
8 Алайда соншама зор залалдың орнын толтырып, бізді күнә мен өлімнің құлдығынан босату мүмкін бе? Ехобаның төлемнің құны өтелу үшін қалай қам жасағанын және мұның сен үшін қандай пайдасы бар екенін қарастырып көрейік.
ТӨЛЕМ ӨТЕЛУ ҮШІН ЕХОБАНЫҢ ҚАМ ЖАСАУЫ
9. Залалдың орнын толтыру үшін қандай төлем қажет болды?
9 Адамдар кемелді өмірден айырылып қалды, сондықтан кемелсіз адамдардың ешқайсысы оны қайтара алмас еді (Зәбүр 49:7, 8). Ол үшін айрылған нәрсеге барабар төлем қажет болған. Бұл Құдай Сөзіндегі: “жан үшін жан”,— деген кемелді әділдік принципіне сай (Мұсаның 5-жазбасы 19:21). Сонымен Адам ата айырылып қалған кемелді адами өмірдің орнын толтыру үшін қандай құн төлену қажет еді? Бұл үшін басқа бір кемелді адамның өмірі, яғни “сай келетін төлем”, қажет болды (Тімөтеге 1-хат 2:6, сілтемені қара).
10. Ехоба төлемнің берілуі үшін не істеді?
10 Ехоба төлемнің берілуі үшін не істеді? Ол кемелді рухани ұлдарының бірін жер бетіне жіберді. Бірақ Ехоба ойланып жатпастан, кез келген рухани жаратылыстың бірін жібере салған жоқ. Ол өзінің аса аяулы жалғыз Ұлын жіберді (Жоханның 1-хаты 4:9, 10 оқы). Ал ол болса, дайындық рухын танытып, көктегі мекенін тастап, жерге келді (Філіпіліктерге 2:7). Алдыңғы тараудан білгеніміздей, Ұлының өмірін Мәриямның құрсағына салғанда, Ехоба керемет жасаған. Құдайдың киелі рухының арқасында Иса күнәні мұра еткен жоқ. Ол кемелді адам болып туылды (Лұқа 1:35).
11. Қалайша миллиондаған адамның төлемін бір-ақ кісі өтеді?
11 Қалайша миллиондаған адамның төлемін бір-ақ кісі өтеді? Миллиондаған адамның қалай күнәкарға айналғаны туралы ойлап көрші. Адам ата керемет кемелді өмірінен айырылып қалды, сондықтан ұрпақтарына кемелділікті бере алмады. Оның орнына, күнә мен өлімді мұра етіп қалдырды. Киелі кітапта Иса “соңғы Адам” деп аталған, оның өмірі кемелді болған, әрі ол ешқашан күнә жасамаған (Қорынттықтарға 1-хат 15:45). Бізді аман алып қалу үшін ол, қандай да бір мағынада, Адам атаның орнын басқан. Иса толығымен Құдайға мойынсұнып, кемелді өмірін құрбан етуімен Адам атаның күнәсінің құнын төледі. Осылайша Адамның ұрпақтарына болашаққа деген үміт берді (Римдіктерге 5:19; Қорынттықтарға 1-хат 15:21, 22).
12. Иса азап шегуі арқылы нені дәлелдеді?
12 Исаның өлер алдында қалай қасірет шеккені Киелі кітапта бүге-шігесіне дейін суреттеледі. Оған аяусыз дүре соғады, азап шегу бағанасына шегелейді, ол жаны қиналып, азапты өліммен өледі (Жохан 19:1, 16—18, 30; қосымшаның “Шынайы мәсіхшілер айқышты қолданбайды” деген тақырыбы). Исаның соншама қасірет шегуі не үшін қажет болды? Кейінірек қарастыратынымыздай, сынақтарға қарамастан, Ехобаға адалдығын сақтап қалатын қызметшілерінің болатынына қатысты Шайтан күмән тудырған. Қатты азап шексе де, адалдығын сақтап қалуымен Иса Шайтанның көтерген дауына керемет жауап берді. Ол Шайтанның қалай сынағанына қарамастан, ерік бостандығы бар кемелді адамның Құдайға деген мінсіздігін сақтап қала алатынын дәлелдеді. Аяулы Ұлының адалдығын сақтағаны Ехоба үшін неткен қуаныш болды десеңші! (Нақыл сөздер 27:11).
13. Төлем қалай төленді?
13 Төлем қалай төленді? Б. з. 33 жылы яһудилердің нисан айының 14 жұлдызында Ехоба кемелді әрі күнәсіз Ұлының өлімге кесілуіне жол берді. Осылайша Иса кемелді адами өмірін біржола ұсынған (Еврейлерге 10:10). Иса өлгеннен кейін үшінші күні Ехоба оны рухани тұлға ретінде қайта тірілтті. Көкте Иса Адам атаның ұрпақтары үшін төлем ретінде құрбан еткен адами өмірінің құнын Құдайға ұсынды (Еврейлерге 9:24). Ехоба Исаның құрбандығының құнын адамзатты күнә мен өлімнің құлдығынан босатуға қажетті төлем ретінде қабыл алды (Римдіктерге 3:23, 24 оқы).
ТӨЛЕМНІҢ САҒАН ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
14, 15. “Күнәларымыз кешірілу” үшін не істеуге тиіспіз?
14 Күнәкар күйімізге қарамастан, төлемнің арқасында біз керемет баталарға ие бола аламыз. Құдайдың осы ғажап сыйының қазіргі кездегі және болашақта әкелетін пайдасының кейбірін қарастырып көрейік.
15 Күнәнің кешірілуі. Кемелсіздікті мұра еткендіктен, дұрыс әрекет ету біз үшін нағыз күрес. Сөзімен не ісімен күнә жасамайтын адам жоқ. Бірақ Исаның төлем құрбандығының арқасында “күнәларымыз кешіріледі” (Қолостықтарға 1:13, 14). Алайда кешірімге ие болу үшін шынымен өкінуге тиіспіз. Сондай-ақ кішіпейілділікпен Ехобаға жалбарынып, Ұлының төлем құрбандығына деген сенімімізге негізделе отырып кешіруін сұрауымыз керек (Жоханның 1-хаты 1:8, 9 оқы).
16. Не нәрсе Құдайға таза ар-ұжданмен ғибадат етуімізге мүмкіндік береді және неге мұндай ар-ұждан бағалы?
16 Құдай алдындағы таза ар-ұждан. Ар-ұжданның мазалауы адамды үміттен айырып, өзін түкке тұрғысыз сезінуіне әкеп соғуы мүмкін. Алайда төлемнің арқасында күнәларымыздың кешірілуіне мүмкіндік ашуымен Ехоба мейірімділік танытып, кемелсіздігімізге қарамастан, өзіне таза ар-ұжданмен ғибадат етуге мүмкіндік берді (Еврейлерге 9:13, 14). Осылайша Ехобаның алдында сөз еркіндігіне ие болып, емін-еркін дұға ете аламыз (Еврейлерге 4:14—16). Ар-ұжданымызды таза сақтағанымыз жан-дүниемізде тыныштық орнауына, өз-өзімізді сыйлауға және бақытты болуымызға ықпал етеді.
17. Исаның біз үшін өлгенінің арқасында қандай баталарға ие болу мүмкіндігі бар?
17 Жер бетіндегі жұмақта мәңгі өмір сүру үміті. Римдіктерге 6:23-те: “Күнәның беретіні — (мәңгілік) өлім”,— деген сөздер бар. Сосын онда: “Құдайдың сыйы — Иеміз Мәсіх Иса арқылы берілетін мәңгілік өмір”,— делінген. 3-тарауда жерде орнайтын жұмақта қандай баталардың болатынын қарастырдық (Аян 21:3, 4). Исаның біз үшін өлгенінің арқасында еш ауырмай-сырқамай мәңгі өмір сүру үмітін қоса алғанда, адамзатқа сол баталардың бәрі төгілмек. Алайда сол баталарға ие болу үшін өзімізге сый ретінде берілген төлемге деген ризашылығымызды білдіруіміз керек.
ТӨЛЕМ ҮШІН ҚАЛАЙ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУІҢЕ БОЛАДЫ?
18. Біз үшін төлем бергеніне неге Ехобаға ризашылық білдіруіміз керек?
18 Неге төлем бергені үшін Ехобаға зор ризашылық білдіруіміз керек? Сый берушінің тарапынан көп уақыт пен күш және қаржы жұмсалса, мұндай сый біз үшін ерекше бағалы болады. Берілген сый шынайы сүйіспеншіліктің белгісі болса, бұл бізге қатты әсер етеді. Төлемге ешбір сый тең келмейді, өйткені Құдай өте үлкен құрбандыққа барған. Жохан 3:16-да “Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа бергені” айтылған. Төлем — Ехобаның бізге деген сүйіспеншілігінің ең зор көрінісі. Сондай-ақ төлем — Исаның да сүйіспеншілігінің дәлелі, өйткені ол біз үшін өмірін даярлықпен құрбан етті (Жохан 15:13 оқы). Демек, бізге берілген сый, яғни төлем, Ехоба мен оның Ұлының әрқайсысымызды сүйетініне сенімділік беру керек (Ғалаттықтарға 2:20).
19, 20. Құдай берген төлемге деген ризашылығыңды қалай көрсетуіңе болады?
19 Алайда төлемге деген ризашылықты қалай көрсетуге болады? Ең алдымен, сол сыйды берген Ехобаны жақыннан танып білу керек (Жохан 17:3). Осы кітапты қолданып Киелі кітапты зерттегенің Ехоба жайлы білім алуыңа көмектеседі. Ехоба туралы біле түскен сайын, оған деген сүйіспеншілігің артады. Ал бұл, өз кезегінде, оған ұнамды болуға деген ықылас оятады (Жоханның 1-хаты 5:3).
20 Исаның төлем құрбандығына деген сеніміңді көрсет. Исаға қатысты былай делінген: “Кім Ұлға сенсе, мәңгілік өмірді иеленеді” (Жохан 3:36). Исаға сенетініңді қалай көрсетуіңе болады? Сенемін деп айтып қана қою жеткіліксіз. Жақып 2:26-да “әрекетсіз сенімнің өлі” екені айтылған. Иә, нағыз сенім адамның іс-әрекетінен көрінеді. Исаға сенетінімізді көрсетудің бір жолы — сөзімізбен ғана емес, ісімізбен де оған еліктеу үшін барынша күш салу (Жохан 13:15).
21, 22. а) Неге біз жыл сайынғы Иеміздің кешкі асына қатысуымыз керек? ә) 6, 7-тарауларда не нәрсе түсіндіріледі?
21 Жыл сайынғы Иеміздің кешкі асына қатыс. Б. з. 33 жылының 14 нисанында Иса Киелі кітапта “Иеміздің кешкі асы” деп аталатын ерекше мейрамды ендірді (Қорынттықтарға 1-хат 11:20; Матай 26:26—28). Бұл мейрам Мәсіхтің өлімін еске алу кеші деп те аталады. Иса өзінің кемелді адами өмірін төлем ретінде бергенін елшілері мен олардан кейінгі барлық шынайы мәсіхшілердің есте сақтауларына көмектескісі келген. Сондықтан осы мейрамды ендірген. Ол: “Мені еске алу үшін осылай істеп тұрыңдар!”— деп тапсырды (Лұқа 22:19). Осы мейрам Ехоба мен Исаның төлем арқылы бізге көрсеткен зор сүйіспеншілігін есімізге салады. Жыл сайын Еске алу кешін мейрамдауға қатысар болсақ, төлемге деген ризашылығымызды көрсетеміз *.
22 Төлем — Ехобаның теңдесі жоқ сыйы (Қорынттықтарға 2-хат 9:14, 15). Осы баға жетпес сыйдың пайдасын тіпті өмірден өткен адамдар да көре алады. Мұның қалайша мүмкін екендігі 6, 7-тарауларда түсіндіріледі.
^ 21-абзац Иеміздің кешкі асының мәнін тереңірек түсіну үшін қосымшаның “Иеміздің кешкі асы — Құдайға даңқ әкелетін мейрам” деген тақырыбын қара.