Құдайдың еркі осы ма еді?
КЕЗ КЕЛГЕН газетті оқы, мейлі, теледидар қара немесе радио тыңда — негізінен естіп-көретінің қылмыс, соғыс, терроризм жөніндегі мәлімет. Ал өз қиыншылықтарың турасында ойлап көрші. Бәлкім, жақын адамыңның науқасы немесе өлімі жаныңа батып жүрген болар. Сен өзіңді: “Әбден жер болып, азап шегудемін”,— деп айтқан адал кісі Әйүп сияқты сезінетін шығарсың (Әйүп 10:15).
Өзіңнен былай деп сұрашы:
-
Құдайдың маған және бүкіл адам баласына қатысты еркі осы ма еді?
-
Қиыншылықтармен күресуге кім көмектеседі?
-
Бір кездері жер бетінде бейбітшілік орнайды деп күтуге бола ма?
Киелі кітаптан осы сұрақтарға қанағаттандырарлық жауап табуға болады.
КИЕЛІ КІТАП ҚҰДАЙ КЕЛЕСІ НӘРСЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ ДЕП ҮЙРЕТЕДІ
“Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).
“Ақсақ адам еліктей секіреді” (Ишая 35:6).
“Зағиптардың көздері ашылады” (Ишая 35:5).
“Қабірдегілердің бәрі... шығады” (“Ешкім: Мен науқаспын демейтін болады” (Ишая 33:24).
“Жер бетіне астық мол шығады” (Зәбүр 72:16).
КИЕЛІ КІТАП ІЛІМДЕРІНІҢ ПАЙДАСЫ
Осының алдындағы беттерде келтірілген жайттарды орындалмайтын арман деп қарастыруға асықпа. Құдай соның бәрін жүзеге асыруды уәде етеді, әрі Киелі кітапта Құдайдың мұны қалай істейтіні түсіндіріледі.
Бірақ Киелі кітаптан алар пайдамыз бұл ғана емес. Онда шынымен қанағаттандырарлық өмірдің кілті бар, әрі оны тіпті қазірдің өзінде қолдануыңа болады. Өзіңнің уайым-қайғың мен қиындықтарың туралы ойлап көрші. Олар әртүрлі болуы мүмкін: қаржы тапшылығы, отбасындағы қиындықтар, ауыр науқас немесе жақын адамыңның өмірден өтуі. Киелі кітап қиыншылықтарға төтеп беруіңе көмектеседі, сондай-ақ одан төменде келтірілген сұрақтардың жауабын табасың, әрі сол арқылы жеңілдік сезінесің.
-
Неге біз жапа шегеміз?
-
Қалай уайымға салынбауға болады?
-
Отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады?
-
Өлген соң адаммен не болады?
-
Өмірден өткен сүйікті адамдарымызды қайта көреміз бе?
-
Құдайдың болашаққа қатысты берген уәделерін орындайтынына қалай сенімді бола аламыз?
Осы кітапты оқып отырғаныңнан Киелі кітаптың неге үйрететінін білгің келетіні көрінеді. Бұл кітап саған зор көмек болады. Байқасаң, әр беттің төменгі жағында абзацтарға сұрақтар берілген. Миллиондаған адам Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты сұрақ-жауап ретінде талқылайды. Мұндай тәсіл саған да ұнайды деп үміттенеміз. Киелі кітаптың шын мәнінде неге үйрететінін зерттеуің қызықты әрі қанағаттандырарлық болу үшін Құдай батасын бергей.